Презентацияны обьектілермен жабдықтау

27

Тақырыбы:                         Презентацияны обьектілермен жабдықтау.

Сабақ мақсаты:                                а) Оқушыларды слайдтарға әртүрлі обьектілер қою жолдарын меңгерту.

 

Б) Презентация құруда слайтарға кез келген обьектілерді қиындықсыз қөоя алатындай дағдыларын қалыптастыру.

 

В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             PowerPoint программасы.

Сабақ түрі:                         Лекция

Сабақ әдісі:                        Лекция оқу, пікірлесу, түсіндіру

Сабақ типі:                         Жаңа білім беру сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырып бойынша өздік жұмыс

Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Түстік схеманы өзгерту тәсілі қандай?
  2. Слайд үлгісін қалай өзгертуге болады?
  3. Слайдқа төменгі колонтитул қалай қойылады?
  4. Колонтитулда қандай информациялар болады?
  5. Фон түсін қалай өзгертеді?

Жаңа сабақ Обьектілерді презентацияға қою.

PowerPoint-та слайдқа  қойылған әрбір элемент: текст, кесте, сурет, диаграмма, дыбыс немесе видео обьект болып табылады.

Обьект қою.

Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.

Картинка қою.

Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар  слайдтың  безендірілуінде  екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word-тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint-та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.

 

Дыбыс пен видео.

PowerPoint-та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар  мен клиптерді  Вставка командасынан табуға болады.Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады.  Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.

 

Диаграмма қою.

Диаграмманы Excel-де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint-қа слайдқа енгзуге  болады. Диаграманы PowerPoint-та құру үшін, Вставка-Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel-дегідей жүреді.

 

Word-тан кесте қою.

Егер кесте Word-та құрылған болса, оны PowerPoint-қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы  алып,  слайдқа орналастыруға болады.  Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка-Рисунок-Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint-тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word-тағыдай жұмыс жасауға болады.

 

Өздік жұмыс.

  1. Мастер автосодержания көмегімен презентация құрып ал.

А                 Слайдтың біріне картинка қой.

В                 Слайдқа қойылған каринка түсін өзгерт.

С                Слайдқа Word кестесін орналастыр.

Д                 Слайдтың біріне дыбыстық файл  қос.

Е                 Показ слайдов режимінде дыбыстық файлды ойнатып көр.

Ж               Слайдқа диаграмма орналастыр. Диаграмманың элементтерін өзгертіп жаттық.

З                 Слайдқа видео файл қой. Оны Показ слайдов режимінде  ойнатып көр.

 

Бекіту сұрақтары:

  1. PowerPoint-та обьект деп нені есептейді?
  2. Слайдқа картинка қоюдың жолы қандай?
  3. Слайдқа диаграмма қалай қойылады?
  4. Word-тан кесте қою тәсілі қандай?

 

Үйге тапсырма лекцияны оқып, компьютерде орындап жаттығу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар