Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Excel –дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету, диаграммалар салу.

38

Сабақтың тақырыбы: Excel электрондық кестесінде  деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Excel –дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету, диаграммалар салу.

Сабақтың мақсаты:

         Білімділігі:   Оқушыларға Excel  электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректердің орнын ауыстыруы және көшірмелеуді үйрету.

Тәрбиелігі: жаңа сабақты игере отырып, оқушылырды ұқыптылық пен шапшаңдыққа баулу.

     Дамытушылығы: Excel –де графикалық мүмкіндіктерін көрсету және диаграммалар тұрғызу мақсатында оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың жүру барысы:

 

                     І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;

 

                           ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

                                  (сұрақ-жауап әдісі бойынша)

  1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операция орындауға болады?
  2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар.
  3. Жұмыс кітабы немесе жұмыс беті дегеніміз не?
  4. бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?
  5. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Деректерді өңдеу формулалары.

Microsoft Excel-де барлық формулалар «әрқашан теңдік белгісінен басталады». Егер оны тастап кетсек, онда енгізілген формула мәтін ретінде қабылданады.

Формула енгізгенде, олар формула жолында белгілінеді. Функция мастерін шақыру үшін аспаптар панеліндегі Вставка функций батырмасын шертеміз немесе Вставка /Функций командасын орындаймыз.

Категория тізімінен формулаға қоятын формуланы таңдап, Далее батырмасын шертеміз. Егер жұмыс кестесінің барлық формуласын бірден көру керек болса, онда Сервис және Параметры командасын орындап, параметры диалог терезесіндегі Вид қосымшасын таңдап, Параметры окна бөлімінде Формулы опциясының жалаушысын таңдап, ОК батырмасын шертеміз.

Деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Ақпараттың орнын ауыстыру мен көшірмелеу принципі бұл маустың көмегімен «алып барып қою» және Вырезать, Копировать және Вставить командаларын бірге алмастыру буферін қолдану әдісі.

Барлық формулаларды бірден көру үшін.

Сервис/ Параметры/ Формулы/ ОК әрекеттер тізбегін орындаңдар.

Маустың көмегімен жылжыту үшін:

  1. Д 8 ұяшығын белгіліңдер.
  2. Меңзерді белгіленген жақтауға орналастыр, маустың сол жақ батырмасын басып, ұяшықты жаңа орынға-Д11 ұяшығына апарыңдар.
  3. Маустың батырмасын басыңдар.
  4. Ұяшықтың ішіндегісін бұрынғы орынға апарыңдар.

Жұмыс кестесінің автоматты түрде пішімделуі.

Кестенің пішімін өзгерту үшін яғни бағандарының тақырыптарының астын сызу «айдар» деп аталатын кестенің бүйір жақтарын сызықпен бөліп алу үшін автоматты түрде пішімделуі операциясын қолданамыз.

Microsoft Excel –дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу.

Диаграммалар деректерді  графикалық түрде көрсетуге арналған. Диаграммалардың мынандай типтері болады:

  • Бағандық (гистограмма)
  • Сызықтық
  • Дөңгелек
  • Нүктелік
  • Сақиналық
  • Көпіршіген
  • Жапырақшалық
  • Цилиндрлік
  • Конустық
  • Пирамидалық т.с.с

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі горизонталь немесе категориялар осі және вертикаль немесе мәндер осі болады. Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось-қатарлар осі қосылады.

Диаграммалар мынандай элемсенттерден тұрады.(тор, тақырып және аңыз)

Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Графикалық обьектілерді біріктіру.

  1. Меңзерді А1 ұяшығын орналастырыңдар, өйткені суретті бос А бағанына кірістіру.
  2. Ол үшін Вставка/ Столбцы командасын оындап, бүкіл кестені бір бағанға оңға жылжытамыз.
  3. Вставка /Рисунок/ Картинки командасын орындаймыз.
  4. Картинки опциясын сурет таңдап, Вставить батырмасын шертеміз, жақтаудағы сурет кестеге кірістіріледі.

 

  1. IV. Практикалық жұмыс

1-тапсырма

Кітаптарыңыздағы  177 беттегі «Өзің орында» тапсырмасын орындаңдар.

2-тапсырма.

180 беттегі «бір кестеден басқа кестеге ақпаратты көшірмелеу әрекетін»орындап көріңдер, нәтижесігн маған көрсетіңдер.

3-тапсырма

Диаграммалардың неше түрі бар? Соларды топтастырып, дәптерлеріңе сызып,к өрсетіңдер.

 

  1. Қорытынды бөлім.
  2. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?
  3. Заполнить командасы арқылы қандай әрекет орындауымызға болады.
  4. Жұмыс кестесінің автоматты түрде пішімделуі үшін қандай әрекет орындаймыз. (Формат/ Автоформат)
  5. Кестелерді баспаға шығару үшін не істейміз?
  6. Диаграммалардың неше түрі бар? Оларды атаңдар.
  7. Диаграммалар қандай элементтерден тұрады. (тор, тақырып, аңыз)

 

  1. Үйге тапсырма

Microsoft Excel-дегі графикалық мүмкіндіктерін және диаграммалар тұрғызу тақырыбын оқып келесіңдер.

VII. Бағалау, мадақтау.