Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

112

Сәтбаев  қаласы әкімдігінің «№16 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

 

 

 

 

                              А Ш Ы Қ    С А Б А Қ

 

Тақырыбы:  Көпшілік  алдында  сөйлеуге  дайындық

(Семинар   сабақ)

 

 

 

 

 

 

Өткізген: қазақ  тілі мен әдебиет

пәнінің  мұғалімі: Хасенова З.К                11А сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

Сәтбаев  қаласы, 2013-2014 оқу жылы

Сабақтың   тақырыбы: Көпшілік  алдында  сөйлеуге  дайындық

Сабақтың  мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға  сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің  биік шыңы-шешендік өнердің  мәні мен адам өміріндегі маңызын  таныстырып өту.Осы бағытта  толғамды ой, түйінді  пікірлермен жұмыс  істеуіне мүмкіндік тудыру.

2.Дамытушылық: Материалдармен  жұмыс  барысында  сөз  саптау, сөйлеу мәдениетінің  жарасымды  үлгілерін  танытуға дағдыландыру.Пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу.

3.Тәрбиелік:Халық  даналығының  қайнар  көзі-шешендік сөздердің  тағылымын бойға сіңіріу,  сөз мәдениеті, тіл мәдениетінің құдіретіне  деген құрмет, тіл  болашағына  деген  жауапкершілік  сезімінің артуына  ықпал ету.

Сабақтың  түрі: семинар  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: әңгімелесу-сұхбат, ой тастау, ізденістік, шығармашылық  тапсырмалар, проблемалық  тапсырмалармен жұмыс.

Жұмыс  формалары: ұжымдық,топтық, жұптық, жеке жұмыс.

Сабақтың  көрнекілігі: сызба кесте, пікір парақшасы, плакат, түсті қалам түрлері,

Сабақтың   барысы:

І.Ұйымдастыру   кезеңі

1)  Сыныпты  3-топқа бөлу

Оқушылар  ортаға  шығып  «Шаттық  шеңберін  жасайды» шеңбер  бойында тұрып  бір-біріне тілек тілейді.

Маңдайларына  (ұпай  сандарын  жабыстыру – 100 б, 120 б, 125  б)

 

Топтың 7- алтын  ережесімен  таныстырып  өту:

  1. 1. Топ алдында өз-өзіңді  ұстауыңа ,еркіндігіңе  назар  аудар
  2. Тіл сауаттылығы(қазақ тілінің  лексикалық, грамматикалық, орфоэпиялық  нормаларын сақтау)
  3. Ой жүйесі, дәлелділігі

4.Ойды айқын да түсіндіре жеткізу

5.Сөйлеу  техникасы (дауыс екпіні, ырғағы,әуезділігі)

6.Тыңдаушыны  баурап алу

7.Киім  кию мәдениеті, жүріс-тұрысы.

 

 

2) Оқушылардың  сабаққа  қатысуы, дайындығын  тексеремін.  Оқушы зейінін сабаққа  аудару  мақсатында

Жүсіп  Баласағұнидың  сөзімен  бастаймын:

Ақылды  іздегеннің  өзі-нағыз  ақылды,

Білімді  іздегеннің  өзі –нағыз білімді.

Ж.Баласағұн

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ

Тауып  айтсаң -мереке қылады,

Таппай  айтсаң –келеке қылады.

Досбол  би

Тіл-ақылдың  көрінісі,

Бірліктің   кілті.

                                                                                                      Халық  даналығы                  

 

ІІ. Сабақ  мақсатымен таныстыру:

3.Оқушылар  бүгін біз сабағымызды  семинар сабақ түрінде ұйымдастырғалы отырмыз.

Сабағымыздың мақсаты сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің  биік шыңы-шешендік өнердің  мәні мен адам өміріндегі маңызын  таныстырып өту.Осы бағытта  толғамды ой, түйінді  пікірлермен жұмыс  істеуіне мүмкіндік тудыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4)    3 топқа  бірдей  тапсырма:  Проблемалық  тапсырма  тақырыбы:

1.Көпшілік  алдында  сөйлеу  әдебі  мен мәдениет шарттары.

«Постер»  құрау

 

2.«Тіл  мәдениетінің   әліппесі»  тақырыбында  «Постер»  құрау.

Жеке  плакаттар, түрлі-түсті маркерлер  таратып беру

Бағалау, ынталандырып отыру үшін  смайликтер  беру, түрлі-түсті стикер тағу.

 

5) Сергіту  сәтін  өткізу

«12 мүше  сөйлейді» деп  аталады. Музыка  қойылады

1.Баспен   6 санын  салу;         2.Құлақпен  5 санын  салу;

3.Белмен  2 санын  салу;         4.Иекпен   3 санын  салу;

5.Қолмен   44 санын  салу;     6.Аяқпен  7 санын  салу;  т.б

 

  1. 3 топқа бірдей  тапсырма:

«Ерекше  пікір» деген  тақырыпта  сөз  жарысын  ұйымдастыру

ҰБТ  тапсырған  дұрыспа?

Әр топтан еркеше пікір айтатындарды тақтаның  алдына шығарып, ынталандырып отыру  үшін  қолдарына  смайликтер  тағамын.

 

  1. 3 топқа бірдей тапсырма:

Топпен  жұмыс түрі: «Ойыңда не бар, жан досым? тақырыбында

«Постер» құрау

Бағалау, ынталандырып отыру үшін  смайликтер  тағу

 

ІІІ.Сабақты  қорытындылау

  1. Бүгінгі сабақтағы жұмыс  бағыттары  туралы  «Көргендерім  мен түйгендерім» тақырыбында  жеке стикерлер  толтырып  тақтаға  жабыстыру.

 Топтастыру әдісі                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Рефлексия жүргізу:    «Екі  жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар  стикерге  өз  тілектерін  жазып,  2050-белгісіне  айналдыра тағады да тақтаның  алдына  тұрады.

Эсмираның   сөзі:                                                                                                   

 

Біздің мемлекетіміз, қаламыз  жылдан -жылға дамып , өсіп келе жатқаны анық. Әрине бұған Елбасы мен халықтың қол жеткізген жеңісі деп білемін. Ал, осы жетістікке жетудің кепілі Елбасымыздың   жылдағы Жолдауы, тапсырмалары ,саясаты ,істері. Биылғы Жолдауды  біз жастар, оқушылар үлкен  үмітпен тыңдадық. Жолдау өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруын, одан әрі дамып өркендеуіне негіз болатын Стратегиясымен ерекшеленеді.

Елбасы  2050 жылға дейінгі 35 жылды жеті бес жылдыққа бөліп, билік белсенділеріне нақты тапсырмалар міндеттеді, ғылымға негізделген  экономика құру кректігін қадап айтты. Бұл жағдай мені ерекше қуантты. Себебі,  мен экономика мамандығын таңдап отырмын. Болашақта экономика саласының білікті  маманы ретінде  еліміздің, Сәтбаев қаласының  дамуына өз үлесімді өз үлесімді қоссам деп армандаймын.  Елбасымыз бізге, жастарға үміт артатынын  және де осы Стратегия  бізге арналатынын баса айтты.              Біз — жастар соны терең түсініп, алға қойылған мақсат биігінен көрінуге барлық күш-жігерімізді, білімімізді жұмсауға тиіспіз және солай етеміз деп сеніммен айта аламын.

 

Барлығы  бірге:  Біз жарқын болашаққа сенеміз! Біз мәңгілік ел тірегіміз!