Табиғи материалдардың түрлері

325

5.Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері

Сабақтың мақсаты:   1. Оқушыларды табиғи материалдың түрлерімен таныстыру. 2. Табиғи материалдардан жасалатын бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың жан- жақты білімдерін дамыту. 3. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке баулу.

Сабақ типі: Аралас.

Сабақ әдіс түрі:

Сабақ көрнекілігі: табиғи материалдар шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ. т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.  — Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.   Үлескідегі жұмыс.  1. Қай айда жапырақтар өте көп түседі?

  1. Күзгі жұмыстарға қандай құралдарды пайдаланады?

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:  Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдар түрі.  Табиғи материалдарға нелер жатады?  Табиғи материалдардан қандай бұйымдар жасалынады?

  1. IV. Жаңа сабақ.

Табиғи материалдар: шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ түрлері, құс қауырсыны, ұсақ тас, бұтақ көкөніс және ағаш жатады. Ағаш тамыры мен бұтақтарының пішіні әр түрлі болады.  Кейде олардың  пішіні аңға ұқсап кетеді.Байқадыңдар ма?

  1. Практикалық бөлім

Жапырақтан қоянның бейнесін жапсыру

 

  1. Басы.
  2. Құлақтары. (2).
  3. Денесі.
  • Қолы. (2).
  • Аяқтары. (2).
  1. Қорытынды бөлім:Оқушылардың жасаған жұмыстарынан класс көрмесін ұйымдастыру.

VII. Үйге тапсырма беру.Табиғи материалды жина.

VIII. Бағалау.