М.Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі

87

Қызылорда облысы,

Жосалы кенті

№ 121 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Төлегенова Гулжанат

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиеті  7- сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а ) білімділік:ақын шығармаларымен тереңірек таныстыру,өлеңнің тақырыбы мен

идеясын ашу.

ә) дамытушылық:оқушы білімін кеңейту,ой-өрісін дамыту,өзіндік талдау жасауға,

өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге баулу.

б)Отанын, туған жерін сүюге,достыққа адал болуға тәрбиелеу,сөз өнерін құрметтеу.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,топтастыру,салыстыру.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.

Көрнекілігі: Ақын портреті,буклеттер, «Бес ғасыр жырлайды» І том, «Абай»энциклопедиясы, «Тарихи тұлғалар» кітабы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ-жауап әдісі

  1. Дулат Бабатайұлы кім? Қай жерде дүниеге келген?
  2. Аягөз өзені қай жерден бастау алып,қалай қарай ағады?Ақын оны қалай суреттеген?
  3. Ақынның «Аягөз кімнің жері еді?»деген өкінішін қалай түсінесіңдер?
  4. Ақтың төмен жосылып,

Ағының тасты ағызып,

Арнаң қалды осылып.

Осы өлең шумағында қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

  1. Аягөз сенің бойыңда

Несібе,ырыс тегіс қой

Осы өлең жолынан синонимді тап.

  1. Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп.

Қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе.Мұғалім сөзі

1.Махамбет Өтемісұлы- қазақтың көрнекті ақыны

2.Махамбет кім? (топтастыру әдісі)

3.Семантикалық карта

Ақынның өмір сүрген дәуірі Туған жері Ақынның жақын адамдары Ақынның ерекше қасиеттері
ХІХғ.ІІжартысында өмір сүрген. 1804ж Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Ұлтуған,Типан атты әйелдері болған.Өзі он ағайынды.Махмұт,Нұрсұлтан балалары. Өткір тілді,сөзге шешен,арабша,орысша тіл білген.Төкпе ақын,найзагер,жауынгер ақын,әділетсіздікке төзбейді,қазақ жанашыры.
  1. «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқу(мұғалім)
  2. Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
Өлеңнің тақырыбы  Идеясы Менің пікірім
Ерлік поэзиясы Батырлықты, достықты дәріптеу, туған жерін сүюге,әділдікке тәрбиелеу. «Батыр- ел қорғаны»

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту

Сұрақ: Өлең кімге арналған? Кім туралы жазылған?

Жауап: Өлең Исатай Тайманұлына арналған.

Сұрақ: Исатай кім еді?

Жауап: Исатай – орыс отаршылдарына қарсы көтерілісті ұйымдастырушы, халық қамын ойлаған, зорлық-зомбылыққа төзбейтін, әділ,адал, батыл адам.Махамбеттің досы.

Сұрақ: Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі, ақылдылығы қандай сөздермен , қалай бейнеленген? Исатай бейнесін дәптерге жазу. Исатай бейнесін осы сөздер ашып тұр ма?

Оқушы жауабы тыңдалады.

Сөздікпен жұмыс.

Ақынның көркем сөз жасау шеберлігі (өлеңнен эпитет, теңеу, метафораны табу)

Ү. Сабақты бекіту

Салыстыру әдісі

«Тарланым» өлеңіндегі                                Халық ауыз әдебиеті «Алпамыс батыр»жыры

Исатай бейнесі                                                       Алпамыс бейнесі

Атқан оғы  Еділ-Жайық                               Алпамыстың жан түспес

тең өткен                                            Қаһарланса көзіне

Атқанын қардай боратқан.                           Қ аланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды.

Сұрақ: Осы өлең жолдарынан Исатай,Алпамыс бейнелерінен қандай ұқсастықты байқадыңдар? Өлеңде қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

Жауап: Ұқсастық бар. Гипербола-әсірелеу тәсілі қолданылған.

ҮІ. Оқушы білімін бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру

Өлеңді жаттау. «Бес жолды өлең» әдісімен Исатайға мінездеме беру.