А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз
Сабақтың тақырыбы | А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі | ||||||||||||||||||||||
Сілтеме | Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаты | 1.«Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі туралы білу; 2. Өлең құрылысын талдау арқылы мазмұнын түсіну; 3. Өлеңді мәнерлеп оқу техникасын қолдану арқылы үйрену;
| ||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | 1.Ақынның өмірі мен шығармалары туралы білетін болады. 2.Өлеңді бунағына, ұйқасына, тармағына талдау арқылы түсінеді; 3.Өлеңге әдеби- теориялық талдау жасап және мәнерлеп оқу техникасын меңгеру арқылы оқып үйренеді;
| ||||||||||||||||||||||
Негізгі идеялар | Қазақ халқы бүркітті киелі құс санап, оларға «Аспан еркесі», «Құс патшасы», «Қанаттылар ханы» деп мақтау мадақтау айтқан. | ||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар | 1. Ойқозғау (сұрақ-жауап) 2. Топтық жұмыс (мәтінді талқылау) 3. АКТ-ны пайдалану (бейне сюжет көрсету) 4. Жұптық жұмыс (кесте толтыру) 5. Жеке жұмыс (блум таксономиясы) | ||||||||||||||||||||||
Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||||||
Білу Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау 3 минут 2 минут
6 минут | 1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру; 2.Түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөлу;(жасыл, қызыл, сары) «Айнымалы бекеттер» (топтық жұмыс) «Ой қозғау» кезеңі — Балалар қандай жыртқыш құстарды білесіздер? — Не себепті бүркітті қазақ халқы киелі құс санаған? — Ендеше , бүркітке байланысты қандай өлең шумақтарын білесіздер ? (оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру А. Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі Оқушылардың назарын интер белсенді тақтасына аударып, бүркітке байланысты бейне сюжет көрсету. | Алған сурет қиындылары арқылы топтасып, топқа бөлінеді
Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білетіндерін ортаға салады.
Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді. | |||||||||||||||||||||
Түсіну Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау 7 минут | «Мағынаны тану » 1.Оқулықпен жұмыс Әр топқа мәтінді бөліп беремін: 1-топқа 2-топқа 3-топқа Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын постер арқылы жеткізу.
| Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Топта бес рөлді анықтайды:көшбасшы,баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі. | |||||||||||||||||||||
Қолдану Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу 10минут | 1. Дәптермен жұмыс 1-топ А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңіне композициялық талдау жасайды. 2- топ Өлеңді құрылысына қарай талдайды 3-топ А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі бойынша сурет салады
| Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді композициясына, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратады,өз ойларын еркін жеткізеді. Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды. | |||||||||||||||||||||
Талдау Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру 7 минут
|
| Оқушылар берілген кестені толтырады.
Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда өзара бағалауы жүзеге асады.
| |||||||||||||||||||||
Жинақтау Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау
7 минут |
| Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген кестені толтыруға тырысады. | |||||||||||||||||||||
Бағалау Мақсаты: алған білімдерін саралау Рефлексия 2минут | Не үйрендім? Қайсысы оңай болды? Қайсысы қиын болды? Тағы не үйренгім келеді? | Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі. |