Тасбақа пішінін құрастыру.

  1. Сабақтың тақырыбы: Тасбақа пішінін  құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1 Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс- тәсілімен   таныстыру.Тасбақа пішінін құрастыру.  2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3.  Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың мазмұны

І .Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Тасбақа  пішінін  құрастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Ермексаздан тасбақаның басы мен аяғын мүсіндеу.2.Тасбақаның  басы мен  аяғын  оның  денесіне ( жаңғаққа)жапсыру. Көзін жасау.3. Қауіпсіздік  ережесін  ескерту.

ІҮ. жаңа білімді бекіту. — Тасбақа  пішінін құрастыру үшін не  керек?  — Тасбақаның  жасалу жолын толық айтып бер? — Жаңғақ қабығынан тағы қандай пішіндер құрастыруға болады? Оған қосымша тағы қандай материалдар керек? Оқушыларға тасбақа  пішінін  жасату. Әдемі етіп, ұқсатып, ойлана жасауға баулу. Тазалықты сақтауға баулу.

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?