Қағазды бүктеу тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Қағазды бүктеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Қағазды бүктеу тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқып-тылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.

Жабдықтау: картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.                         

Сабақтың мазмұны:

 І.Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а)  Қағазды бүктеу тәсілдері:1Қағазды сыртқа қарай бүктеу.2Беттестіріп бүктеп жиектерін түзету.3Бүктелген жерін бас бармақпен түзету.4Бүктелген жеріне тегістеуішпен қыр шығару.ә) Қағазды қатпарлап бүктеу:1Парақтың ортасын белгілеу.2Екі қабаттап бүктеу.3Үш қабаттап бүктеу.4Төрт қабаттап бүктеу.Бүктелген жерді тегістеп сыртқа қарай бүктеңдер.

ІҮ.    Жаңа білімді бекіту:- Бүктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер? Не үшін әр түрлі етіп  бүктейміз?

Ү.Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.