Графикалық редактор PAINT: Үзінділерге амалдар қолдану

37

Сабақтың тақырыбы:    Графикалық редактор PAINT: Үзінділерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:       

 

1) Білімділік:                Үзінді, суретті форматтау қызметін

                                      меңгерту

 

2) Дамытушылық:       Графикалық бейнелеу жұмыстарын

                                      орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін

                                      дамыту

 

3) Тәрбиелілік:           Эстетикалық талғамын қалыптастыру,

                                     нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге

                                     дағдыландыру

 

 

Сабақтың типі:           Аралас

 

                 Түрі:           теориялық – практикалық

 

Пәнаралық байланыс:    Геометрия, бейнелеу өнері.

 

          Оқыту әдістері:     сөздік, көрнекі, практикалық

 

Оқушылардың танымдық іс — әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша:  түсіндірме – көрнекі, ізденіп, проблемалық, зерттеушілік.

 

Оқыту формалары:     жеке, ұжымдық

Жабдықтау:      көрнек материал (слайд, дайын суреттер), оқу  

                          құралдары, проектор, компьютер.

І  Көкейкестілігі:

 

а) негізгі ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең бағыттары.

ә) Оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері:

Компьютерлік графика үлгілерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту

б) Бақылау формалары: 

Сұрақ – жауап, Суретте неше элемент бар? Қандай жолмен жасалған?

 

ІІ  Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер  тәсілін қалыптастыру.

а) Жаңа ұғымдар:

Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, кірістіру, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең орналастыру бағыттары.

ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру:

 Үзіндіге анықтама беру, белгілеу, жылжыту, көшіру, қою, бұру, созу, баспаға басу командаларының орындалу жолымен таныстыру.

б) Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:

— Көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу әрекеттерінің айырмашылығы

— дайын суреттер арқылы бұру бұрышын, пайыз өлшемін анықтау

 

ІІІ  Жаңа түсінікті тексеру.

     Сұрақтар арқылы командаларды игеру нәтижесін тексеру.

 

ІҮ  Қолдану.

 

а) Қалыптастырылатын білім – біліктілер:

 Үзіндіні белгілеп алуды, көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу, баспаға басу командаларын пайдалана білі\у білім дағдысын қалыптастыру.

 

б) Кері байланыс алу:

 Компьютерде оқушылардың тапсырманы орындау нәтижесін бақылау. (сұрақ – жауап арқылы).

 

в) Өзіндік жұмыс типтері:

 

Ү  Үй тапсырмалары:

— орындалмаған үй тапсырмаларын орындау;

— Кітаптан командалардың орындалу қызметін оқу;

— Қағазға және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу