Білімді мыңды жығар

138

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы

«Құрық орта мектеп — гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Оспанова Ақмарал Бақбергенқызы

 

Білімді мыңды жығар

(Сайыс сабақ)

Мақсаты: Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, керекті кеспе қағаздар, интерактивті тақта.

Жүрісі: Әр топ өздерін таныстырып, сәлемдесіп, ұрандарын айтып өтеді.

 І топ   «Арман» Ұраны: Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.

ІІ топ  «Мұрат» Ұраны: Білім мен білік өмірлік серік.

ІІІ топ «Мақсат» Ұраны: Тірлік пен бірлік адамға көрік.

ІҮ топ «Талап» Ұраны: Сана мен сапа шығарар шыңға

 

І бөлім.      « Кім көп біледі? »

ІІ бөлім.     « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда »

ІІІ бөлім.   « Ата салтың – халықтық қалпың »

ІҮ бөлім.   « Тіл — өнер »

Ү бөлім.    « Білгім келеді! »

ҮІ бөлім.   «Өнерлі өрге жүзер »

ҮІІ бөлім.  « Ақыл – қанат »

ҮІІІ бөлім. « Тоқсан сөздің түйіні»

 

Мұғалім; Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Білімді мыңды жығар» атты  сайысымызды бастаймыз.

          Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,

          Білім – кен қанша болса азбайтұғын.

          Қатарың оза шауып бара жатса,

          Арқаның ауруы не қозбайтұғын, — деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызға сәттілік тілейік.

          Өнер мен білімде

          Әркімнің өз жолы бар.

          Сайысарлық бүгінде

          Өзіндік менің үнім бар, — демекші сөз кезегін білімді жастарға береміз. Әр топ өздерін таныстырып өтсін.

 

          Шын жүйріктер сыналады жарыста,

          Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

          Әділқазы бағалайды сіздерді,

          Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыспа, — дей отырып, сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

     — Сонымен, оқушылар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!

 

І бөлім.

«Кім көп біледі?»

Қай топтан қойылған сұраққа тез және нақты жауап берсе, сол топқа – 10 ұпайдан қосылып отырады. Қазылар алқасы әр топқа баға беріп отырады.

  1. Ердің туы не? (намыс) Қанаты не? (ат)
  2. Жас кезінде балаға аталатын малдың атауы? (бәсіре)
  3. Қазақтың бес қаруын ата? (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
  4. Бес арысты ата? (Ахмет, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан.)
  5. Отырар қалай аталған? (Фараб)
  6. Ата-баба өнерін ата! (атбегілік, құсбегілік, диқаншылық, зергерлік, етікшілік)
  7. Оташы мен омарташы деген қандай кәсіп? (оташы-сынықшы, қазіргі хирург, омарташы- бал арасын өсіруші адам.)
  8. Күні-түні дем алмай жүретін не? (Ай мен күн)
  9. Бұл дүниеде,ол дүниеде өсетін ағаш. (құрма)
  10. Ораза айында берілетін садақа. (пітір-садақа)
  11. Ораза ұстаушы адамды қайда шақырады? (ауызашар)
  12. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды? (1991ж. 16 желтоқсан).
  13. Қазіргі біздің ұлттық валютамыз – теңге өмірге қашан келді?

(1993ж. 15 қараша).

  1. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді? (1992ж.)
  2. Әнұранның авторлары кімдер?
  3. Ата заңымыз қашан қабылданды? (1995ж. 30 тамыз).
  4. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? (9-орын)
  5. Республикамыздағы облыс саны? (14)
  6. Бес арыс кімдер? (М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы)
  7. «Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге» деген өлең шумағын кім жазған? (Абай)

 

  1. Әбунасыр әл Фараби туралы не білесің? (Ұлы ойшыл, ғалым, жан-жақты білімпаз)
  2. Қазақтың атақты үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
  3. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көл аты. (Жетім көл)
  4. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы кім? (Абай)
  5. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
  6. Ұрып-соғатын қару. (шоқпар)
  7. Адам үндес музыкалық аспап. (қобыз)
  8. Көне заттарды сақтайтын орын.(мұражай)
  9. Қазақта тұңғыш эпопея жазған (М.Әуезов)
  10. Студентке төленетін айлық (стипендия)
  11. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын. (Жамбыл)
  12. Абайдың аса дарынды шәкірті. (Шәкәрім)
  13. Қасиетті тағам.(нан)
  14. Мұсылман діні. (Ислам)
  15. Жердің табиғи серігі. (Ай)
  16. Адам алғашқы құралдарды неден жасады? (тастан)
  17. Ең киелі құс. (Аққу)
  18. Үйленген ұлға үлес. (енші)
  19. Оқушы жанының бағбаны (Мұғалім)
  20. «Аттандыру» өлеңінің авторы. (Жамбыл)
  21. «Вальс каролі» (Шәмші Қалдаяқов)
  22. Аққудың баласы. (көгілдір)
  23. Ер қанаты. (ат)
  24. Алматының алмасы. (апорт)
  25. Томирис кім? (Сақ патшайымы)
  26. Қазақстанда ядролық апаттың ошағы болған жер. (Семей)
  27. Ұлттық аспап. (домбыра)
  28. «Алтын адам» табылған жер. (Есік обасы, Алматы облысы)
  29. Тұңғыш қазақ ғарышкері. (Т.Әубәкіров)
  30. Түйе пірі (Ойсылқара)
  31. Қасқырдың жұмсартып айтылатын аты. (ұлыма, ит-құс)
  32. Сен үшін түн ұйқысын төрт бөлген кім? (ана)
  33. Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам. (құрт)

ІІ бөлім

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

(Топ басшылардың сайысы)

1-топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.

  1. Репрессия құрбандарын еске алу күні.(31-тамыз)
  2. Теңіз құсы. (шағала)
  3. «Бөтен» сөзінің синонимі. (жат)
  4. Шөл кемесі. (түйе)
  5. Оптикалық прибор(микроскоп)
  6. Сауат ашатын кітап. (әліппе)
  7. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)
  8. Арабиядағы қасиетті бас қала. (Мекке)

 

2-топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.

 

  1. Мұсылмандардың қасиетті кітабы. (Құран)
  2. І дүниежүзілік соғысың басталған жылы. (1914)
  3. . Қара сөзбен жазылатын әдеби жанр. (проза)
  4. «Қарлығаш би» атанған адам. (Төле би)
  5. Сәкеннің романы. («Тар жол, тайғақ кешу»)
  6. Атилла кім? (ғұндардың билеушісі)
  7. Қан тоқтататын элемент. (йод)
  8. жылқы пірі (Қамбар ата)

3-топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.

 

  1. Байланыс аппараты. (телефон)
  2. Мұсылмандардың діни ғимараты. (мешіт)
  3. Жамбыл мен Құлмамбет айтысы қай жылы өтті? (1881 ж)
  4. Шөлмек ыдыстың қақпағы. (тығын)
  5. Жерді қоршап тұрған газ қабаты. (атмосфера)
  6. Жабайы аңдарды өсіретін жер. (қорық)
  7. асықтың ең үлкені. (сақа)
  8. Сәбиге ең жақын адам (ана)

 

4-топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.

 

  1. Екі кісінің сөйлесуі. (диалог)
  2. Үш арыс. (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
  3. Қазақтың тұңғыш дүние жүзінің чемпионы атағын алған палуан. (Қажымұқан Мұңайтпасов)
  4. 1917 -1920 жылдарда Алаш партиясын ұйымдастырушы. (Әлихан Бөкейханов)
  5. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
  6. Тұңғыш рет қазақ әнін шетелге орындап, күміс жүлде алған әнші. (Әміре қашаубаев)
  7. Сөз өнер жарысы. (айтыс)
  8. Ешкінің пірі (Шекшек ата)

 

ІІІ бөлім

«Ата салтың – халықтық қалпың»

     1) Адамның үш жұртын ата! (Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

2) Үш байлық. (Денсаулық, ақжаулық, бес саулық)

  • Үш арсыз. (Ұйқы, тамақ, күлкі арсыз)
  • Үш ғайып. (Ажал, қонақ, несібе ғайып)
  • Үш даусыз. (Мінез, кәрілік, ажал даусыз)
  • Үш тәтті. (Жан, мал, жар тәтті)
  • Төрт құбыла. (Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік)
  • Төрт маусым. (Көктем, жаз, күз, қыс)
  • Жеті қазына. (Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл-білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы)
  1. Сәукелені желегімен кім қай уақытта киген? (жаңа түскен келін киген)
  2. Қазақтың қандай тұрмыс – салт жырлары бар? (жар-жар, сыңсу, қоштасу, беташар, тойбастар)
  3. Жасау дегеніміз не? (Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік)
  4. Бастаңғы дегеніміз не? ( Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, сол үйге ауыл жастары жиналып ас ішіп, ойын-сауық жасауы)
  5. Тымаққа салу. (Шала туылған нәрестені тымаққа салып өсіру)
  6. Шашу дегеніміз не? (Қуанышты күндерде әйелдердің шашатын тәтілері мен тиындары)
  7. «Шарғы» дәстүрі қай кезде орындалады? (Ұзатылған қыз өзіне тетелес сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. «Бұл – ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз)

 

ІҮ  бөлім

«Тіл — өнер»

Оқушылар тақтадағы ілініп тұрған қалаған сандарды таңдап, берілген сөздер туралы жан-жақты сөз саптайды.

Берілетін сөздер:

  1. Арамдық пен адалдық.
  2. Қайғы мен қасірет.
  3. Өмір мен өлім.
  4. достық пен дұшпандық
  5. Жақсылық пен жамандық.

 

Ү  бөлім

« Білгім келеді!»

Үш топ бір-біріне кез-келген  бір сұрақ қойып, жауап алады. Сұрақтың жауабына сұрақ қойушы топ разы болса, әділқазылар жауап беруші топқа 10 ұпай береді.

Мұғалімнің қосымша сұрағы:

  1. Удан ащы не?
  2. Қайтып оралмайтын жалынды шақ.
  3. Қандай күн жақсы күн?
  4. Адамның жасыра алмайтыны не?
  5. Тірі адамның өлетін уақыты қайсы?
  6. Жүдемейтін көңіл қандай адамда болмақ?
  7. Сен үшін не жаман?
  8. Шынайы байлық деп нені ойлайсың?

 

ҮІ бөлім

«Өнерлі өрге жүзер»

Әр топ өздерінің өнерлерін ортаға салады. Өнері әділқазылар тарапынан бағаланады.

 

ҮІІ бөлім

«Ақыл — қанат»

Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтелдер жазу

  1. Дұшпан – дос.
  2. Жақсы – жаман.
  3. Батыр – қорқақ.
  4. Арзан – қымбат.
  5. Туады — өледі.

ҮІІІ бөлім

11) Жағына пышақ жанығандай (арық) «Тоқсан сөздің түйіні»

Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

     1) Сақал сипап қалу. (Алдану)

  • Сең соққан балықтай болу. (Есеңгіреу)
  • Сөзі мірдің оғындай. (Өткір сөз)
  • Тонның ішкі бауындай. (Өте жақын адамдар)
  • Мойны ырғайдай болу. (Азып-тозған адам)
  • Отқа май құю. (Өршіту)
  • Құлаққа ұрған танадай. (тып-тыныш)
  • Қаймағы бұзылмау. (Бірлігі бұзылмау)
  • Кескен жерінен қан шықпас. (Қатал, ұятсыз адам)

10)Аузын буған өгіздей. (Үндемейтін)

     12) Жаны сіреден жаралған екен (мықты)

13) Жалғанды жалпағынан басу.(молшылықта өмір сүру)

14) Есек құрты мұрнына түсу. (баю)

15) Асығы алшысынан түсті. (жолы болды)

16) Кірпігінен қырау тамған (қаһарлы)

17) Қызыл сөзден бал жағу. (мақтау, мадақтау)

18) Жынынан айырылған бақсыдай (не істерін білмей, абдырау)

19)Пейілін кеңге салу (жомарт болу)

20)Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау. (тыныштық заман орнау)

 

Қорытындылау

Мұғалім сөзі: «Ұл-қызым, саған айтам…»

   Халқыңның тарихын, дәстүрін, салтын, әдет-ғұрпын жадыңа тоқы және оны кейінгілерге үйрет.

   Қанша ұлы адам болсаң да халық алдында кіші, әдепті бол.

   Қуанышта, қиындықта, қайғыда, ашуда ұстамды бол!

   Кемтарларға, жетімге қамқорлық жаса, жәрдем бер, садақа бер!

   Тәңірге, әруаққа, халыққа тіл тигізбе!

   Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт!

   Өнердің қай түрі болса да үйренуден жалықпа!

   Лауазымды үлкенге жалпаңдама, лауазымы кішіге кекірейме!

   Әр істе де әділ бол. Әділ болсаң әлді боласың.

   Абай өлеңдерін жатта. Абай өлеңі – білім, ғылым, үлгі, өнеге, тәлім, тәрбие, адамдық кілті.

   Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің ақылың болсын!

   Атақты адам болғың келсе, сондай адамдар туралы оқы да тоқы.

   Құрметті адам болғың келсе, көптің сөзін сөйле, халық жағында бол!

   Бақытты адам болғың келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет!

   Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат, өнерліден — өнеге ал!