«Ғ.Мүсірепов. Өлімді жеңген ана»

318

Сабақтың тақырыбы: «Ғ.Мүсірепов. Өлімді жеңген ана»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ғ.Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» шығармасының мазмұнын түсініп, басты идеясын ашу.
  2. Тәрбиелік: Шығарма арқылы жер бетіне өмір сепкен ананы сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Ғ.Мүсірепов туралы Сәбит Мұқановтың естеліктері, «Ана туралы» тұжырымдары, сөздік жазылған слайдтар, «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі» бейнефильмнен үзінді. Жазушының шығармалары.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Өткен сабақты қайталау:
  • Өткен сабақта біз Ғ.Мүсіреповтың өмірі және шығармашылығымен таныстық және шығармаларының ішінен «Өлімді жеңген ана» М.Горькийден еркін аударған әңгімесінің І – бөлімін оқыдық. Өткенді еске түсіру үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік:
  • Ғ.Мүсірепов кім? Жазушының өмірі мен шығармашылығынан кім қысқаша мәлімдеме береді?
  • «Өлімді жеңген ана» әңгімесі кімдер туралы? ( Ақсақ Темір мен ана туралы)
  • Ақсақ Темір кім? (Азияның ақсақ барысы — Темір – жер бетін қанға бояп, жершарын асықтай үйіргісі келген адам)
  • Ақсақ Темір ажалға неге кектенді? (Себебі оның ұлы Жәңгірді ажал алған, сондықтан ажалды жеңгісі келді)
  • Ол ажалдан кімді тартып алғысы келді? (Ұлы Жәңгірді тартып алғысы келді)
  • Ақсақ Темір қай жерде өліммен ұшырасты? (Отырарда өліммен ұшырасты)
  • «Отырарда» өліммен ұшырасқаннан кейін Ақсақ Темірдің әрекеті туралы үзіндіні тауып оқыңдар.
  • Сонымен Ақсақ Темір баласының кегін алам деп жан-жағына өлім шашты. Бұл туралы Қазақстан тарихынан оқып білесіңдер. Ақсақ Темір Азияны жаулап алып Алтын Орданы күйретіп, Қытайға шабуыл жасаған. Ақсақ Темір өлім шашса, өмір шашатын ғажайып күш бар, ол күш кім еді? (Ол — ана, ол күш анада)
  • Неліктен? (Себебі, Ана — өмірге адам әкелетін, өмір сыйлайтын алып күш).
  • Иә, қазіргі заманда адамның қолынан келмейтін нәрсе кем де кем. Ғарышқа ұшып, ақпаратты тегіс меңгеріп жатырмыз, бірақ өмір сыйлау күші, дүниеге адам әкелу күші тек қана әйел – анада.
  • Неге өлім сепкен Темір де, өлім де ананың алдында басын иеді? (Себебі, ол-ана. Өмір сыйлаушы күш.)
  • Ақсақ Темір қай елдерді жаулап алды? (Бағдад пен Шамды, Сыр мен Амударияны, Азия елдері мен Қытайға шабуыл жасады).
  • Темір қайда сайрандауға шықты? (Ол Қапығұл деген әдемі алаңға сайрандауға шықты).
  • Ол нені көрді? (Самарқанның көк мойын мұнараларын көрді).
  • Самарқанды өртеуге неге әмір бермеді? (Себебі, Самарқанның мұнаралары адамның сүйегінен жасалған.).
  • Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерлерін мәтінен тауып оқыңдар.

 

  1. Жаңа сабақ.

а) сөздік жұмысы: слайдтар арқылы жаңа сөздердің мағынасын ашу. Сөздіктерде берілген сөздерді оқу арқылы мәтіннің не жөнінде екендігін аңғаруға болады.

ә) мәнерлеп оқу: мұғалім мәтіннің мазмұнын аша отырып, аяғына дейін мәнерлеп оқып береді.

б) мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ – жауап:

  • Темірдің алдына кім келді?
  • Әйел қай жерден келді?
  • Ана кімді іздеп келді?
  • Темірдің алдына келген әйелдің түрі қандай? Мәтіннен тауып оқыңдар.
  • Ана Ақсақ Темірден қорықты ма? Ол қалай сөйледі?
  • Ақсақ Темір әйелдің алдында неге басын иді? Ана қандай сөздерімен Ақсақ Темірді жеңді?
  • Ақсақ Темір не деп бұйрық берді?
  • Әңгіменің негізгі тақырыбы не, кім туралы?
  • Идеясы?

в) теріп оқу: Ғ.Мүсіреповтың әңгімесінен ананың құдіреті, ананың күштілігі туралы жолдарын тауып оқып беріңдер.

г) ой толғау: Дүниеде анадан артық күш бар ма?

 

  1. Қорытынды.

 

Ақсақ Темір  — 36 жыл билік құрған, Таяу және Орта Шығыс, Үндістан мен Ауғастан, Орта Азия мен Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған, әлемге Түркістан өлкесінен Темірлан, Әмір – Темір деген атпен әйгілі болған, негізгі қарсыластарын күйрете жеңген Орта Азиялық қолбасшы. Ол Мәуереннарһта билік жүргізді. Оның астанасы етіп Самарқан қаласын таңдап алған. Темір ғылым мен мәдениеттің өсуіне, өркендеуіне айрықша көңіл бөлді, әскери жорықтарда қолға түскен шеберлерге Орта Азия мен Қазақстанның қалаларына мешіт, медіресе, кесене, ғимараттар салғызды. Соның куәсі ХІҮ ғасырда салынып, бүгінгі күнге дейін сақталған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Кесене 36 бөлмеден тұрады, әр бөлмеге атаулар берілген, мысалы: «Қазандық». «Қазандықтың» күмбезі Орта Азия мен Қазақстандағы ғимараттар күмбездерінің ішіндегі ең үлкені. Диаметрі: 18,2 м, жалпы көлемі 330 шаршы метр, биіктігі 39 метр, осы үлкен залдан жан-жаққа 14 есік шығады. Қазандықтың биіктігі 2,5 метр, 7 түрлі бағалы металдың қоспасынан жасалған. Басқа да «Асхана», «Қабырхана», «Құдықхана», «Үлкен Ақсарай», «Кіші Ақсарай» т.б. бөлмелері бар. «Үлкен Ақсарай», «Кіші Ақсарай» залдарында 15-18 ғасырда қазақ хандығының резиденциясы орналасқан. Шет елдік елшіліктер осында қабылданған, әскери, сауда мәселелері бойынша келіссөздер осында жүргізілген. Кесененің құрылысы 1395 жылы басталып, жедел жүргізілгенімен 1405 жылы Ақсақ Темірдің қайтыс болуына байланысты аяқталмай қалған.

 («Қожа Ахмет Яссауи кесенесі»бейнефилімінен үзінді көрсету)

 

5.Үйге тапсырма

  1. Бағалау