Ә. Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты»

125

Қысқа мерзімді жоспар                                                                          Пән мұғалімі: Жубаниязова Айгерим Куантаевна

 

Күні: 21. 04. 2014 Пәні:  қазақ әдебиеті Класы:   8
ТАҚЫРЫП Ә. Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты»
МАҚСАТЫ Жеті модуль идеяларын ықпалдастыра отырып, өлеңнің  мазмұнын өз бетінше  ашу,

— өлеңге талдау жасау, өмір құндылығын түсіндіру

— өлеңді талдау барысында жас жеткіншектерді адамгершілік қасиеттерге баулу;

— өз ойларын еркін жеткізе білуге, топта жұмыс жасауға үйрету

КҮТІЛЕТІН

НӘТИ ЖЕ

—          Әңгімені өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады;

—          Өлеңді талдай алады

—          Өз ойларын еркін жеткізе біледі;

—          Сындарлы сөйлей білуге ынталанады.

Түйінді идеялар (кілтті сөздер) Оқушылар өлеңді жан-жақты аша отырып, мазмұнын түсінеді; топ арасында қарым-қатынас жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізе алады,  сыни тұрғыдан ойлана отырып, топпен жұмыс жасай алады
 Сабақ кезеңдері:       Сабақ барысы:

 

Бағалау Ресурстар

 

1.      Кіріспе 2.      Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Мен сізге тілеймін» ойыны арқылы психологиялық тренинг өткізіледі.

3.      Оқушылар үйге берілген  «Автор орындығы» әдісі арқылы «Менің парызым» деген тақырыптағы эссесін оқыды.

4.      «Крестиктер-нөлдіктер»  әдісі бойынша үй тапсырмасын қорытындылай отырып, өзін – өзі смайликтер арқылы бағалады.

 

Үш шапалақ

 

«Шығармашылық ағашы» арқылы өзін-өзі бағалау

 

Смайликтер

«Крестиктер-нөлдіктер»,

«Шығармашылық ағашы»

2. Тұсаукесер 1.      Оқушыларды «Қазақ әдебиеті»,  «Әлем әдебиеті» сөздері  арқылы топқа  бөлу.

2.       Ноутбуктен  Әбілқасан Рудаки  туралы мәлімет көрсету.

Ә. Рудаки туралы слайд

 

3. Негізгі бөлім

 

«ДЖИГСО» әдісі.

І топ. Тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін құрау.

Өмірбаяны / Әбу Абдуллах Джафар Ибн Мухаммед, парсы-тәжік ақыны,858 жыл,сарайға шақырылу, Панжруд (тәжік тілінен аударғанда бес бұлақ),соқыр,Араб тілі, Құран, 8 жас, Хорасан әмірі болған Ахмад Саманидың ұлы Әмір Насыр, музыкант, сарайдан қуылу, мәйіт, антрополог М.Герасимов, мовзолей, Самани әмірі/

ІІ топ. ІІ топ.

ІІ топ. «Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі» ұнаған  шумағын постерге түсіріп, өлең жолдарының мазмұнын ашатындай мақал не афоризм айту.

«Өзара оқыту» әдісі  бойынша оқушылар өздеріне берілген мәтінді талдайды.

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау

 

 

 

 

Жұлдызшалар

 

 

 

 

1.      Сергіту сәті «Өміріңе немқұрайлы қарама» бейнеклипін қарау.

 

ноутбук

 

2.      Қорытынды   «Ыстық  орындығы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау Үш шапалақ
Қосымша оқу

 

Үйге тапсырма

Ә. Рудаки өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет оқу

 

Өмір туралы шығарма

Рефлексия Жазбаша түрде алу

Сабақта:

1. Біз бүгін сабақта мынаны…………………. өттік.

2. Мен бүгінгі сабақта мынаны ……….. түсініп, мені қызықтырғаны………..

3. Маған қиын болған нәрсе…………….

4. Сабақта мұғалімнің іс-әрекетінің ұнағаны, ұнамағаны……………………

5. Келесі  сабақта мынаны білгім келеді………………….

Не сәтті өтті?

 

Нені дамыта аласыз?

Оқушылардың постер қорғағаны, сабаққа белсенді қатысқандары;

Қорғау  жұмыстарын, ойларын еркін  жеткізе  білуін.

 Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?

«Шығармашылық ағашы»  әдісі арқылы  өзін-өзі  бағалау әділсіз  өтті.

Уақытты үнемдеуді.