Мәтін бөліктерін ерекшелеу

79

Пән Информатика   сынып  5  Күні   07.02.14 ж.

сабақ №: 21

Тақырып: Мәтін бөліктерін ерекшелеу

Мақсат:

Білімділік – Мәтін бөліктерін ерекшелеу тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көре отыра есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тақта, тұсаукесер, (көзге арналған жаттығу),  таратпа карточкалар, Word Pad мәтіндік редакторы.

 

Сабақ барысы

                                                                                         

Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс — әрекеттері Оқушылардың

іс — әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин Амандасу.  Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.  Сабақтың мақсатымен таныстыру. Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру

 

 

5 мин. Сұрақ-жауап:

1. Мәтіндік редактор деген не?

2. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.

3. Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?

4. Мәтіндегі абзацтар бір-бірінен қандай символмен ажыратылады?

5. Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10 мин          Мәтін теріп болған соң түзету  және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшеленген кезде Shift  және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері

  1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.
  2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда абзац ерекшеленеді.
  3. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшеленеді.

Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.

Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

ІV. Практикалық жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин Компьютердегі тәжірибелік

жұмыс оқулықта 166-167 бет.

 

 

 

 

 

 

 

Егер тапсырмада көрсетілген файл

сендерге берілмесе, онда мәтінді өз

беттеріңмен теріңдер.

 

А деңгейі

 

  1. Мәтінді теріңдер:

Сәтемір хан

 

     Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда  құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисия барып, тамның төбесіне шағып кетіпті.

Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай-тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентай осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты.Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсызтық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.

Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.

 

  1. Құжатты өз бумаларыңда

Сәтемір хан деген атпен

сақтаңдар.

  1. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру

бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі

«Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.

  1. «;» белгісін «.» белгісіне

ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.

  1. Өз бумаларыңның Сәтемір хан

файлындағы өзгерсітерді сақтаңдар.

 

В деңгейі

1.      Мақалдар файлын

 ашыңдар:

Өзін ғана ойланған – жамандықтыңң белгісі,

Өзгені де өйлаған –

Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таныйды.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра

Оқусыз білім жок, ьь

Білімсіз күнің жоқ.

Оқу – білім бұлақы

Білім – өмір шырағы.

 

 

2.      Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.

3.      Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер.

Enter, BackSpase  және Delete пернелерін қолданыңдар:

·         егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші мақалдың соңына қойып,  Enter пернесін басыңдар;

·         егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына қойып, BackSpase  пернесін басуға да болады).

4.      Файлды өз бумаларыңда Мақалдар_1 деген атпен сақтаңдар.

 

С деңгейі

1. Сөздер файлын ашыңдар:

Тапсырма           Дабыл            Бума

Үйдің төбесі        Мектеп          Бөлме

Қоңырау              Программа

 

2. Delete, BackSpase пернелерін қолданып  және алмастыру режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.

3. Құжатты өз бумаларыңда Сөздер_1 деп сақтаңдар.

V. Сергіту сәті.

 

2 мин. Жаттығуды орындарында отырып орындау. Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt

Ø    Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.

Ø    Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.

Ø    Басымызды қозғамай көзімізбен  жоғары, төмен қарау.

Ø    Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

Ø    Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.

 

VІ. Бекіту. 7 мин Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1.      Мәтін теру ережелерін атаңдар.

2.      Мәтіннің басына бос абзацты қалай қосамыз?

3.      Мәтінді енгізгенде жіберілген қателерді түсіндіріңдер:

Планета тұрғындары арасында ондаған тілде сөйлейтін адамдар көп-ақ. Мәселен, К.Меццофанти (1774-1849 жж.) 26 тілде, ал профессор Раск (1787-1832 жж.), Д.Баурин  (1792-1872 жж.), доктор Гарольд Уильямс (1876-7928 жж.) 28 тілде сөйлеген. Поуэлл Александр Янулас (1939 жылы туған) Канададағы Британ Колумбия провинциалды сотында 41 тіл бойынша қызмет істепті. Ал Ұлыбританияның ең ірі лингвисі саналатын Джордж Кэмбпелл (1912 жылы туған) 54 тілді меңгерген. Ол Би – би – си –де жұмыс істепті.

     4. Мәтіндегі қолданылатын қандай амалдар түзетуге жатады?

    5. Мәтіннің элементтерін жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.

    6. «Мәтінді ерекшелеу тәсілдері» кестесін толтыруды аяқтаңдар (5-кесте):

Мәтіннің элементі Пернелер тіркемесі «Тышқанды» пайдаланып
Символ Shift+бағыт солға (оңға)
Сөз Ctrl+Shift+ бағыт солға (оңға) Екі рет шерту
Жол Shift+Home – жолдың басына дейін  …      – жолдың соңғына дейін Ерекшелеу ернеуін шерту
Сөйлем Ctrl-ды басып тұрып,  сөйлемді шерту
Абзац Екі рет шерту … абзацтың мәтінін үш рет шерту
Мәтін Ctrl+A Ерекшелеу ернеуін үш рет шерту

   7. Сәйкестендіріңдер.

 

Ctrl+Home                                                        Таңдалған бұйрықтың бас тарту

Page Up                                                             Бас әріптерді теру режиміне өту

Delete                                                                Курсорды құжаттың басына апару

Caps Lock                                                         Курсордың сол жағындағы сөзді жою

Esc                                                                    Курсорды бір бетке жоғары апару

Insert                                                                Абзацты енгізуді аяқтау

Enter                                                                Курсордың оң жағындағы сөзді жою

Ctrl+BackSpace                                              Мәтінді енгізгенде ауыстыру 

                                                                         режиміне көшу

8. Мәтінді алмастырудың қандай тәсілдерін білесіңдер?

9. Ерекшеленген фрагментті алмасу буферін қолданбай қалай көшіреміз?

10. Алмасу буферіндегі бір мезгілде мәтін фрагменттерінің нешеуін сақтауға болды?

VІI. Бағалау. 2 мин. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.
VІII.Үй жұмысы. 2 мин. V тарау. §21 оқу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.