Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

105

Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

Негізгі ұғымдар: Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.

Интернет желісі – бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қаматамасыз ететін желілер жиынтығы. Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет – компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады.

Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің программалық жабдықтары бір-біріне сәйке келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады. TCP/IP хаттамасы шын мәнінде бір емес екі хаттама. Біріншісі TCP хаттамасы ақпараттың дестелерге бөлініп, қайтадан толық құжат болып жинақталуын қамтамасыз етеді. Екінші IP хаттама – осы дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуін басқарады. Сервер қай компьютердің жақын немесе қашық екендігін адрестің төрт байты бойынша анықтайды, мысалы 198.137.240.100. Адрестің мұндай түрде жазылуы IP – адрес деп аталады. Мұндай адрес компьютерге ыңғайлы болғанмен, адам үшін есте сақтауға қиын.

Желі
Жергілікті желі
Бір деңгейлі
Клиент-сервер
Компьютерлік желі

 

Желі топологиясы
Шина
Сақина
Жұлдызша