Ж.Аймауытұлы. «Әнші» әңгімесі 1,2 — сабақтар

51

 

Әбдіқалық Валентина Жұмабайқызы. Ақтау қаласы ТПТОДБАОММИ жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

7-сыныптың  әдебиет пәні бойынша Қысқа мерзімді жоспар  ІІ тоқсан

Сабақ тақырыбы Ж.Аймауытұлы. «Әнші» әңгімесі 1,2 — сабақтар
Мақсаты мен міндеттері Жазушының өмірінен мағлұмат білгізу.Әнші Әмірхан бейнесін таныту.Әңгімені қызыға оқып, баяндауға үйрету.
Күтілетін нәтиже Әмірханның әйгілі әнші Әміре Қашаубаев екенін біледі. Әдеби кейіпкер мен прототив ұғымын біледі. Жазушы Ж.Аймауытұлының жан — жақты талантты тұлға болғанын біледі. Әңгіме ішіндегі әңгімелерді жүйелі баяндай алады. Үш түрлі әңгіме тәсілін үйренеді.
БЛУМ жүйесі б/ша деңгейлері,оның белгілері Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар Қолданылатын әдіс-тәсілдер және сілтемелер Мұғалім

нің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті
Білу Жүсіпбек Аймауытұлы кім, қандай қызметтер жасаған? Жазушы жан жақты талант иесі болғандығы қандай естеліктерде айтылған? Дауыстап немесе шынжырлап оқыту және «шайтанкөмек» жасау

Ғаламтор материалдарын пайдалану.

Уақыт беріп, оқытады. Кейбір деректерді түсіндіреді Оқиды, жалғастырып айтады, «ШК» жасайды,
Түсіну Студенттердің демалыс күні қалай өткізіледі?

Қала байлары мен кедейлерінің тұрмысын сипатта.

Шәкет кім, автор оны қалай таныстырады?

Әмірхан  — керемет әнші екен…

 

«Әншінің» алдыңғы үш бөлімін оқып, мазмұндау: тірек сөздер табу. Тапсырмаларды топтарға үлестіреді, дайындалуға уақыт береді.

 

келесі топқа ұсынып, жауабын тыңдайды.

 

Қолдану Оқулықтың 56 – 62-беттердегі әңгіме үзінділерін оқып шығу керек. Оқылған үзінділерді сатылай жоспарлау:

А. Жастардың демалысы.

Ә. Шәкеттің үйінде.

Б. Әмірханның әні.

В. Наурызда.

Г. Әнші мен ән.

Өзгеше сұрақтар қоржынын ұсынады. Өзгеше (мұғалім немесе оқулық ұсынған сұрақтардан басқа) сұрақтар дайындайды
Талдау Келісімшілік әңгіме: «Әмірхансыз  сән бар ма?» Диалогтік оқыту әдісі дайындалуға уақыт береді. Тыңдайды.

Формативті бағалап тұрады.

Диалог құрады,келесі топтың жауабын тыңдайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек»жазады.

Жинақтау Зерттеушілік әңгіме: «Әнші мен автордың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?» Диалогтік ОӘ. дайындалуға уақыт береді. Тыңдайды.

Формативті бағалап тұрады.

Диалог құрады,келесі топтың жауабын тыңдайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» жазады

Бағалау Пікірталастық әңгіме:

А. «Әмірханның әншіге лайықсыз қырлары бар, жоқ, ол мінсіз жан.»

Б.«Әмірханға ұқсайтын әншілер бар немесе жоқ»

Диалогтік ОӘ. дайындалуға уақыт береді. тыңдайды.

Формативті бағалап тұрады.

Диалог құрады,келесі топтың жауабын тыңдайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» жазады

 Келесі сабаққа тапсырма Әңгіменің соңын оқып, тиянақтау.

Әміре Қашаубаев туралы деректер білу.

АКТ қолдануға әзірлейді.