«Абай және оның он жетінші қарасөзі»

142

Ақтөбе қаласы,

№ 26 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алитурлиева Тасбике Құдайбергенқызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абай және оның он жетінші қарасөзі»

Сабақтың мақсаты: Абай шығармашылығына қорытынды жасай отырып, тіл байлығын молайтып, адами қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіру;

а) білімділік: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқтала кету, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақынның ғылыми-философиялық ойын ашып түсіндіру, қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыру;

ә) дамытушылық: көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорыта білуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту;

б) тәрбиелік: Абай еңбектері арқылы адамгершілік,имандылық, адалдыққа баулу, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: сын-тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша түрлі стратегиялар

Көрнекілігі: слайдтар, ақын портреті

Эпирграфты оқып, талдау;

«Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

  • Бұл кімнің сөзі? Осы өлең жолдары арқылы не айтқысы келген?
  • Тағы да қазақтың бетке ұстар ұлыларын білесіңдер?

Ой толғау

«Күн шұғыласы».

Ақын. Абай. Абай шығармалары.

Түсініктер бойынша ассосация құру.

Абай Құнанбайұлы.

-Өткен сабақтарда Ұлы Абайдың көптеген шығармаларын оқыдық. Оның қандай шығармалары бар екен? Соларға тоқтала кетсек.

(-Осы әр тақырыпқа арналған өлеңдерін оқушылар  оқып шығады.)

-Соңғы сабақта біз Абайдың он жетінші қарасөзімен танысып, талдаған  едік. Ең алдымен, осы мәтінде кездескен кейбір сөздердің мағынасын ажыратып алсақ.

Жүгіну – бас ұру

Кәмелет – ой тоқтатқан кез

Ғибадат – құлшылық ету (діни наным)

Абұйыр  — ар-намыс

Мансап –атақ, даңқ

Нәфсі – қалау

Ахирет – о дүние

Дөңбекшітетұғын – ойландыратын

Берік ұстау- бір сөзділік

Қырына жүру – айтқанына көну, еру

Табанының топырағы көз сүртерлік — қасиетті

Осы қарасөздерінің ішіндегі 17 қарасөзіне тоқталамыз.

  1. 17 қарасөз не туралы?
  2. Қарасөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
  3. Ақын бұл шығарма арқылы не айтқысы келген?
  4. Абайдың айтқанымен өзің келісер ме едің?

Ой қозғау

Бекіту
3 топқа бөлініп шағын эссе жазу

1- топ. “Ақыл”

2- топ. “Қайрат”

3- топ. “Жүрек”

Қорыту
INSERT

Зат есім: Қайрат

Сын есім: күшті, жігерлі

Етістік: ерінбейді, жалықпайды, тынбайды

Синоним: күш, жігер, қуат,ерік

Сезіну: Адамның өзіне деген сенімін оятады.

Зат есім: Ақыл

Сын есім: ойлы, табанды

Етістік: ойлайды, кеңеседі, дұрыстайды

Синоним: ой, сезім, түйсік,шабыт

Сезіну: Онсыз адам жол таба алмайды

Зат есім: Жүрек

Сын есім: жылы, рақымшыл

Етістік: соғады, лүпілдейді, дірілдейді

Синоним: сезім, махаббат, жылылық, өмір

Сезіну: Адам денесінің негізгі тіршілік көзі.

Үйге тапсырма

«Абай және мен» тақырыбына шығарма жазу.