PAINT-тің қосымша мүмкіндіктері

66

Пәні:    Информатика. 7-сынып

Пән мұғалімі:   Қожағұлова Ш.

Сабақтың  тақырыбы: PAINT-тің  қосымша  мүмкіндіктері.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың графикалық редактор туралы алған білімдерін пайдалана отырып, сурет салуға үйрету.

Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, бір-бірінің ойын тыңдауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Пәнге қызығушылығын, іздемпаздығын,байқау қабілеттерін жетілдіру, дамыту.

Сабақтың  түрі:  аралас  сабақ.

Сабақта  қолданылатын  көрнекті  құралдар:  компьютер, оқулық,

жұмыс дәптері, электронды  оқулық.

Сабақтың  өту  барысы:

1)Оқушыларды  ұйымдастыру.

2)Үйге  берілген  тапсырманы  тексеру.

3)Жаңа  тақырыпты  түсіндіру.

4)Тапсырмаларды  орындау.

5)Сабақты  бекіту.

6)Үйге  тапсырма  беру.

Өткен  сабақты  қайталау:

«Графикалық диктант»

 

 

              …………….. графикалық    редактор. Ол ………………………………  бағдарламаға  жатады. Paint- та  ………………    салуға,   …………………… бояуға,  …………………  енгізуге, салынған  суретті  …………………. шығаруға   мүмкіндік береді. Программаны іске қосу үшін  ……………………..- ……………………-……………………..-………………  командасын  орындау керек. Сурет салғанда ………….құралды  пайдалануға болады.

Сурет ……………………… салынады.

Салынған суретті  ………………………..   командасы  арқылы сақтаймыз.

 

Графикалық редактор  терезесінің элементтерінің  атауларын жазыңыз.

 

Қосымша  сұрақтар.

  1. Егер бір жұмыстарың ойдағыдай  болмаса,  соңғы  неше  әрекетті  болдырмауға  болады?
  2. Ол үшін не істейсің?
  3. Суретті қалай сақтаймыз?
  4. Сақталған суретті қалай  ашамыз?
  5. Суретке мәтінді қалай  жазамыз.
  6. Жаңа құжат құрғымыз  келсе  не  істейміз?

 

 

Жаңа  сабақ.  Үзіндіні жылжыту және көшіру

 

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.

«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.

«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.

Үзіндіні көбейту

Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.

Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып,Shift  батырмасын басып отырып, үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.

 

 

 

 

 

 

Үзіндіні өшіру

Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.

1.Үзіндіні бөліп алып, «Правка –Очистить выделение» командасы арқылы;

2.Үзіндіні белгілеп алып, «Правка-Вырезать» командасы арқылы;

  1. «Рисунок-Очистить» командасын орындаса, онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.

 

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 900,1800,2700 бұруға болады.

 

Үзіндіні еңкейту және созу

Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

 

6.Суретті қағазға басып шығару

Суретті қағазға басып шығару үшін «Файл-печать» командасын орындаймыз.Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. «Печатать» бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп

«Число копий» өрісіне қажетті дана санын енгіземіз де ОК батырмасын шертеміз.

 

 

Кітаппен  жұмыс.

137-139  беттердегі тапсырмаларды  орындау.

 

 

 Толғаныс

Бір оқушы  компьютерде  қоянның  суретін  салып,  оны көбейту  керек.

Екінші  оқушы дәл  осы  тапсырманы  қағазға  орындау  керек.

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы

Венн диаграммасы арқылы салыстырып  ойларын  жазу  керек.