«Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ» атты кеш

39

«Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ» атты кеш

  • жүргізуші

Сіздерді апталыққа шақырамыз

Есеппен бастарыңызды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімдеріңізді толтырамыз

2-жүргізуші

Апталық алтыншы желтоқсанда басталды

Ұмыт болғанды еске салды

Қиын да болса қызық сабақ

Жұмыс істетейік бастарды

1-жүргізуші

Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2-жүргізуші

Шабыттасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге бастайық

1-жүргізуші

Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.

Айтыс тартыс тағы бар.

Сөзжұмбақ та, сан жұмбақ

Суретті жұмбақ шеш жұмбақ

О-о-ой, бір қызық кеш болар

Өздеріңмен бес болар.

 

 

Математикалық монтаж

1.Математика ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғалым жер шарында,

Сол қағида тағы да дәлелденбек

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында

  1. Мақтануға математика лайық та,

Шындық іске бір сәт мойын бұрайық та.

Парақтаумен әр ғылым, әрбір пәнді

Байланысын ашық айтып тұрайық та

  1. қиын пән химия да арқа сүйер

Реакция теңдеуін құрған кезде

Тарих пенен география карталары

Масштабпен жасалар білгендерге

  1. Физика жақын туыс мына бізге

Қозғалыс,энергия, қуат, күш те

Біздерсіз есептелу мүмкін емес

Жария ғып айтайықшы мұны біз де

5.табиғатты тану мен биология

Ауа-райын өлшейді, күн қызуын

Мақтанбаймын бұған да қатысым бар

Өсімдіктер өседі шашып бүрін

  1. шабыттанып шалқытқан ақын сөзі

Құлағын сал біздерге нақыл сөзі

«Өлең құрау тұнған бұл математика

4 амалға бағынар заңды жүзі»

  1. Сызу, сурет бұлардың тармақтары

Өлшеу, салу бұлардың қармақтары

Енді қалай айтпайсың дене шынықтыру

Жарыс сәтін есептеп салмақтады

  1. Осылайша математика дараланды

Қадір-қасиет айтылды сараланды

Шабыт келіп достар-ау, алдарында

Көсілдік те шамамыз шамаланды

Ән /хормен/

Сонау-сонау алысқа жүзсін десең  кемелер

Тылсым  сырлар ғарышқа, ұшсын десең  денелер

Жасау үшін бәрін де , математика ғылым бұл

Сондықтан да сондықтан сол ғылымның тілін біл

 

Жүзген кеме тұманда , неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?

Оны сақтап қалатын

Информатика – ғылым бұл

Сондықтан  да сондықтан  сол ғылымның тілін біл

 

Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң

Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң

Ал сол үшін біздерге Математика керек қой

Сондықтан да сондықтан сол ғылымның тілін біл

/еркем-айдың әні/

  1. Жүргізуші .

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид,Фалес,Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән математика атанғансың

2-жүргізуші

-Сіздердің алдыларыңызда алгебра геометрияның айтысы.

Алгебра мен геометрия айтысы

Алгебра

-Кеш жарық құрбыларым,

Бәріңнен аманшылық жөн сұрадым

Математика кешінің дәл төрінде

Шабытты айтыскердей сөз құрадым

Геометрия сыңарым тек сырласым

Айтысуға шықтық па кел құрдасым

«Сен үлкен» де «мен үлкен» шеше алмай

Қағытысып келеміз әлі бүгін

Геометрия

-Оу, халайық, алдарыңа кез боп қалдық

Аманшылық сұрасақ болмас айып

Алгебра, құрбым- ау құтты болсын

Бүгінгі мерекеміз болған анық

Мен алғаш шықтым дейсің мейлі болсын

Үлкен болшы, апажан, көңілің толсын

Екеумізбен математика тік тұрмай ма

Қалайша ажыраймыз тең-тең болсын

Алгебра

-Геометрия, сен өзің жалпылама

Шыққан жоқпыз бұл жерге текке бола

Айтыс деген ортақ мүдде қамқоршысы

Циркульді сірә балалар қолдана мА?

Геометрия

Алгебра, апажан, тоқта,тоқта

Сен немене қайрайсың мені босқа

Циркуль, сызғыш қолданбас балалар жоқ

Сұрасаң айтып берер тақта,тақта

 

Алгебра

–сенен ғой мен сірә оңайлаумын

Сондықтан да балалар ға қаяу жанмын

Дәреже, түбір, теңдеу төрт амалды

Оңай шешеді ол анық маған,саған

Геометрия

-қиындық пәннің сірә биіктігі

Оқушыны танытар біліктігі

Математика саласын қалағандар

Шыңына жетер ылғи жеңіп түбі

Алгебра

— Біз екеуміз математика тармағымыз

Оқушыға тең түсер салмағымыз

Төрт амалдан басталған есеп жолы

Әруақытта сара жол бармағымыз

Геометрия

-айтысты создық құрбым білгендерге

Ой тастап, сөз сөйледік көргендерге

Осымен бұл айтысты доғарайық

Ақ тілек тілеп бізге келгендерге

Алгебра

— көп рахмет, құрбым менің инабатты

Бойына жинап келген бар шабытты

Қоштассақ, қоштасайық ризалықпен

Қошемет көрермендер соқса мықты

1-жүргізуші

-«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім»-деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни

2-жүргізуші

-мен де сенен қалыспайын. «Математика ақыл-ойды ретке келтіріп, тәртіпке салатын ғылым» деген екен Ломоносов

1-жүргізуші

-жә, жә  бүгінгі кеште математика, информатика  туралы жақсы ойларды айтып тауыса алмаспыз . Олай болса жұмбақтарға кезек берейік.

Математикалақ атаулар мен ұғымдар

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде

2- жүргізуші

-жақсылап шешіп, табайық жауабын

Сыйлық бар сіздерге, қадірлі ағайын

1-Жүргізуші Сонымен математикалық жұмбағымызды бастаймыз.

Жұмбақтар

  1. Нәрселерде санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай      / натурал сан/

  1. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қона бермейді

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді           /бөлшек сан/

  1. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі                  /кесінді/

 

  1. Нүктеден, екі сәуледен

құралған айтшы бұл не екен.             /бұрыш/

 

Информатикаға байланысты жұмбақтар

  1. Ақпаратты қағазға шығарады

Бұл құрылғы қалай деп аталады            / басу құрылғысы /

  1. Жануарға ұқсас атым бар

Бағдар көрсетер затым бар

Кілемше үстінде тұрамын

Ең қажетті құралмын

Білсеңдер қане айтыңдар            / тышқан- компьютердің енгізу құралы/

 

  1. Ұзынтұра Жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды                /бос орын – пробел/

 

  1. Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап тұрады                 /меңзер/

  1. Бар құрылғыны басқаратын,

кеудесін көтеріп қасқаятын ми                         /процессор/

  1. Өзінен зиянды сәулелер шашатын,

адам көзін құртатын жалмауыз                           /монитор/

  1. Тышқанның ең жақын туысы                    /джойстик /
  2. Саусақтарды билететін,

экранға мәтінді сый ететін,

жоқ деп мүлде айта алмайтын,

иә-ні қолдап қайталайтын береген                         / пернетақта/

 

  1. Принтерден асып түсетін мешкей                                       /сканер/
  2. Пернеден жасқанатын,

адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы               /тышқан/

 

1-жүргізуші

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де,

Мүмкін емес информатикасыз түсіну

Компьютер дүние кілті бүгінде

2-жүргізуші Сен білесің бе, кеше менің компьютер құрылғыларын сататын  дүкеніме бір қартаңдау әйел адам келіп былай дейді:

Мен сіздерден кеше тышқандарға арналған кілемше сатып алып едім. Тышқандар оның үстінен ары-бері жүгіріп өтіп жүр, бірақ өлмейді! Мүмкін  кілемшені сулап қою керек шығар – деп қарап тұр

1-жүргізуші

-солай ма, шындығында сөйтсе қайтер екен….

Көрініс / Чукча мен компьютер /  Чукча ролінде- Темірлан /

2-жүргізуші

-үш программист бірігіп, қандай бизнес жасай алады?

1-жүргізуші

-біреуі вирустар жазады, екіншісі антивирустар жазады

2-жүргізуші

-ал үшіншісі …

1-жүргізуші

-Осының бәрі жұмыс жасайтын операциялық  жүйе жасайды

2-жүргізуші

-Асылзат Компьютер төңірегінде сөз қозғадық қой онда соңғы жаңалықты естідің бе?

1-жүргізуші

-Қандай ?

2- жүргізуші

-Онда Тыңдаңыздар . Қазақ жігіттері арзан да ыңғайлы интерактивті тақта ойлап тапты. Оның құрастырушылары Қазақ-Британ университетінің магистранттары . Қазір қолданыста жүрген интерактивті тақталар бағасы  2 миллионға жуықтайды. Ал қазақ жігіттері ойлап тапқан тақта 60 мың теңге . Тақта сымсыз жұмыс жасайды. Яғни электр тоғынсыз-ақ компьютер мен тақтаны байланыстыра аласыз. Ол үшін ұшында инфрақызыл сәулесі бар қалам керек. Сәуле тақтаға жазған кезде бірден компьютермен байланысады. «FerrumLogic» Қазақстандық компаниясы тапсырыстарға сай тақталар жасап жатыр. Бұл біз үшін қуантарлық жай

1-жүргізуші

  • Мынау қуанышты хабар екен. Енді әр кабинетте бір-бір интерактивті тақта болған күнді де көрерміз.

2-жүргізуші

-Кешке қонақтар келген сияқты. Ежелгі Египеттің патшайымы ғой. /Көрініс «Трапецион»/

Көрініс «Математикалық есеп»

1-Жүргізуші

Шын сөйлеуге адалдыққа үйреттің

Жалған ойды дәлелде дер күйреттің

Қызық пәнсің өмірде

Қарамайтын Ешқашанда көңілге

2-жүргізуші

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады

Кеш қызығын талай адам тыңдады

Тәрбиелер тәлімі мол әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.

  • Жүргізуші

Ешқашанда бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма

2-жүргізуші

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет.

Бүгінгі кеш осымен аяқталды Тыңдағандарыңызға рахмет

 

ШҚО, Тарбағатай ауданы

Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі Салтанат Қошыманова

Математика пәні мұғалімі Мейрамкүл Кенжекова