Нүкте. Кесінді

57

Тақырып:  Нүкте. Кесінді.

Білімділік мақсаты: нүкте, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Жолда абай болу, ЖЖЕ сақтау.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: үлестірмелі қималар, геометриялық фигуралар, жіп, ребус,

Қолданылатын әдіс: ойын, сұрақ-жауап, проблема туғызу, практикалық жұмыс.

 

Сабақ барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

  1. Құрал-жабдықтарын тексеру.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

  1. «Домино» ойыны.

Мақсаты: оқушылар заттарды сандармен сәйкестендіруді қаншалықты менгергендерін айқындау.

Шарты: әр балаға екіге бөлінген карточкалар үлестіріледі, бір бөлігінде дөңгелектер, екінші

жағында сандар. Шыққан оқушының карточкасындағы жазылған сан  алдындағы

оқушының қағазындағы дөңгелектердің санына сәйкес келуге тиіс.

  1. «Қателеспе!» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың қаншалықты геометриялық фигураларды білетіндерін, зат пен санды

сәйкестендірулері, зейінді болғандарын көруге болады.

Шарты: мұғалім көрсеткен цифрға оқушылар алдарындағы жатқан фигуралардың соншасын

көрсетеді.

  1. «Не жылдам жүреді? Не баяу жүреді?»

Мақсаты: өмірмен байланыстыру, ЖЖЕ қайталау, өз ойын жеткілікті жеткізе білу дағдыларын

жетілдіру, тіл дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10
  1. Ребус: ,,, ,,,      

 

Шешуі: СЫЗЫҚ

2.Қайталау: — сызықтың қандай түрлерін білесіңдер?

— сызықтарды маркерлік тақтаға салғызу.

  1. Практикалық жұмыс: жіппен
  2. Түзу сызық – қисық сызық – тұйықталған – тұйықталмаған

ә)   Түзу жіптің екі жағынан қайшымен қиып алу

  • Мен не істедім? (қайшымен кесіп алдым)
  • Қиып алған бөліктің аты – КЕСІНДІ. Ендеше бүгін сабақ үстінде немен танысамыз?
  • Дұрыс, бүгінгі сабақта біз «Геометрия» елінің жаңа тұрғындарымен танысамыз,

олар – КЕСІНДІЛЕР және НҮКТЕЛЕР.

  1. Салыстыру: сызық — кесінді.

—    Жіп арқылы сызықтарды көрсеткенде, жіпті не істеуге болады?  (созуға)

—    Ендеше, сызықтардың шеті бар ма? (жоқ)

—    Ал жіптен кесіп алған кесіндіні созуға бола ма? (жоқ)

—   Неге? (себебі, оның екі жағынан қиылған)

—   Ендеше, кесіндінің несі бар?(басы мен ұшы бар)

  1. Қорытынды: сызықтың шеті жоқ,

кесіндінің екі шеті бар.

Үлгі көрсету:

                                                                                               

ІҮ. Білімді тиянақтау.

1.Оқулық бойынша жұмыс.

  • №1 – нүктелер жайлы

түсінік   беру.

 

 

 

  • Сызық неше нүкте арқылы салынған? (екі)
  • Қалай ойлайсыңдар, үш нүкте арқылы сызық өткізуге бола ма? (болады)
  • Ол сызықтың аты қандай болады? (қисық сызық)
  • № 2 – кесіндіні әртүрлі өлшеммен салыстыру.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды: бір кесіндіні әртүрлі өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығады.

  • №3 — кесінділерді салыстыру.
  • Көзбен өлшеу арқылы
  • Берілген өлшем арқылы.

 

 

  1. Дәптерде жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Математикалық диктант:

 

Өздік жұмыс:

 

Ү. Рефлексия.

—  Сабақ үстінде не білдіңдер?

—  Сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы бар?

—   Қалай ойлайсыңдар, қайсын өлшеуге болады, ал қайсын өлше алмаймыз? Неге?

 

ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау