Әзілхан Нұршайықов«Ақиқат пен аңыз» роман-диалог

119

Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықов«Ақиқат пен аңыз»

роман-диалог

Сабақтың білімділік мақсаты:Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру «Ақиқат пен аңыз» романының мазмұнын, ерекше жазу стилін, кейіпкерлер әлемін білгізу;

Тәрбиелік мақсаты: Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесі арқылы оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық мақсаты:шығарманың композициясына, сюжетіне талдай білуге үйрету, басты кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау;

 Сабақтың  түрі :ақпараттық, жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдісі: ой қозғау,сұрақ-жауап,талдау, «Топтастыру» стратегиясы.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықов«Ақиқат пен аңыз» роман-диалог, кеспе қағаздар

 Сабақтың пәнаралық байланысы:Қазақстан тарихы

Кино:«Мәскеу үшін шайқас»

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.ә) Сабақтың тақырыбы ,оның мақсат –міндеттерін таныстыру.

  1. Қызығушылығын ояту: ББҮ кестесі
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Бүгін біздерӘзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»  романын өтеміз. Бұл роман сіздерге үйге оқып келуге тапсырылған болатын. Романдағы басты кейіпкер Бауыржан Момышұлы. Б. Момышұлы туралы әдебиеттен, тарих пәнінен біледі деп ойлаймын. Бауыржан туралы білетіндеріңді, не білгілерің келетін жазыңдар, үйрендім деген кестені сабақ аяғында толтырамыз.

 

Жаңа сабақ

Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туғанШығыс Қазақстан облысы . Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуғабағытталған.  Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық — күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» (1957), «Халықтар достығы» (1984), 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен  «Ерен еңбегі үшін» (1995) медалімен марапатталған. Жұбайы — Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары — Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған ), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған ), экономист; ұлдары -Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған ), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған ), инженер-электрик.2011 жылдың ақпанында қайтыс болған.

лан – біздің республикамыздағы, үлкен одақ көлеміндегі жақсы танылған

Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз.Жазушының «Ақиқат пен аңыз» деп аталатын кітабы Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Автор Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері совет армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңіне Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында баяндаған. Романның жазылу формасы ерекше. Шығарма бастан аяқ автор мен кейіпкердің диалогіне құрылған.

Мазмұны (оқушылар)

  1. Жоспар

2.Кейіпкерге топтастыру кестесі.

 

Өжет                 батыл                  білімді                        ақылды

 

 

Бауыржан

өр мінезді

 

қатал                                                                                 ел азаматы

 

 

батыр қайсар                         алғыр        шыншыл

 

  1. Сұрақтар
  • Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде?
  • Ә. Нұршайықовтың соғыс тақырыбындағы шығармасының шынайылығы?
  • Б. Момышұлының өмірде қатаң, сұсты болғаны белгілі. Сөйте тұра Ә. Нұршайықовтың сол кісіден барып сұхбат алуы қандай адам екенін көрсетеді?
  1. Эссе
  • Батырлығы аңызға айналған – Бауыржан
  • Мәңгілік жасай бер, Бауыржан ата!
  • Мен Елімді Бауыржандай сүйе алсам

 

Не үйрендім?

IV.Үйге тапсырма беру.

Бауыржанның қанатты сөздерін тауып келу.

V.Оқушыларды бағалау

Сабаққа жақсы белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.