Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері. Ақпараттың қасиеттері.

Апта:3

Күні: 15.09.14

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Өмірзақов Н.Т.

Астана қаласы

№48 мектеп-лицей

6 «а,ә,б,в,г,д,е» — сыныптары

Оқу-ісінің меңгерушісі

 

________Мұқатова Ж.М.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері. Ақпараттың қасиеттері.
Сілтеме:·         6-сынып оқулығы;

·         6-сынып электронды оқулығы;

·         Стендтер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:Ақпарат ұғымы, ақпаратты қабылдау, сақтау және жіберу құралдарын, ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық мәні:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығьш арттыру.
Тәрбиелік мәні:Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Нәтиже:·         Ақпарат  қасиеттерін біледі.

·         Ақпаратты жөнелту арналарын біледі.

·         Ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді

·         Ақпаратты сақтау құралдарын біледі.

Түйінді идеялар:·         Ақпараттың қасиеттері

·         Ақпаратты жөнелту.

·         Ақпаратты өңдеу.

·         Ежелгі және қазіргі уақыттағы ақпарат сақтау және тасымалдаушылар

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс:Математика
Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
·         Сәлемдесу

·         Өздерін ретке келтіру

·         Топқа бөліну

·         Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

·         Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігін сақтау ережелері:

·         Міндеттерді орындау

·         Қойылатын талаптар

·         Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)
6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері. Ақпараттың қасиеттері.» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.Оқушылар зейін қойып тыңдайды

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)
ББҮ-ны толтыруББ бойынша флипчартта жазу
Білемін?Білгім келеді?Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Сыныпты санау әдісі арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

6-сынып оқулығында «Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері. Ақпараттың қасиеттері.» тақырыбын оқыту.

Әрбір топқа ақпарат сақтау құралдарының суреттері беріледі.

 

Оқушылар  белсене  қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі  бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы ақпарат тақырыбын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған «Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері. Ақпараттың қасиеттері» туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар постерге суреттерді ретімен желімдеп, әрбір ақпарат сақтау құралдарының суретіне анықтама беріп, түсініктерін жазады.

Ой толғаныс  (4 мин.)
Ақпарат тақырыбында 5 жолды өлең жазу«Біз және ақпарат» өлең құрастырады
Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма   (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Үйге 15-17 беттердегі §3. «Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері. Ақпараттың қасиеттері.» тақырыбын оқып келу.Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну.Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады.