Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесін талдау

253

/7-сынып/

 

 

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Г.К.Ахметова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 ақпан 2011 жыл

 

 

Күні: 10 ақпан 2012 жыл             Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесін талдау

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру,  «Есіл бойында» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту.  Әңгімедегі Мырзатай бейнесін ашу, жазушы шығармашылығына баса назар аудару.

ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті бағалай білуге үйрету. Есіл бойының сұлу табиғаты, оны суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту.

б) Оқушыларды  өз бетінше іздену жұмысын жасауға, өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, талдау, салыстыру, топтау

Пәнаралық байланыс: география, музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің суреті, Қазақстанның географиялық картасы, слайд

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасып, оларды сабаққа әзірлеу

ІІ. Қызығушылықты ояту.

  • Оқушылардың С.Мұқанов шығармаларымен қаншалықты таныстығын анықтау. Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз оқушылар, жазушы туралы білетініміз жайлы шағын эссе жазып көрейік. Бұрынғы сыныптарда өткен шығармаларын еске түсіру. (5-сынып «Лашын» әңгімесі, «Өмір мектебі» романынан үзінді) (3-4 минут)

Эссе.

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (19001973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.

Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, 14–15 жасынан өзі ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.

Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.

С.Мұқанов — қазақ әдебиеттану ғылымына, фольклористикаға, этнографияға зор үлес қосқан ғалым.

«Есіл бойында» әңгімесі («Өмір мектебі» романнан үзінді екенін хабарлап, роман туралы қысқаша мәлімет береді: С.Мұқановтың 1928 жылдан бастап орыс жазушысы М.Горькийдің үлгісімен «Менің мектептерім» атты кітабын жазуға кіріседі.) 1930 жылы «Жаңа әдебиет» (қазіргі «Жұлдыз» журналы) журналының 3,4,5-сандарында жарияланады.  1940 жылы «Литература и исскуство Казахстана» журналында орыс тілінде басылады. 1941 жылы 1-кітабы жарық көреді. 1947 жылы Москвада орыс тілінде шықты. 1955 жылы 1,2-тмы басылып шықты.

 

  • Сәбит Мұқановтың әңгімесі неге «Есіл бойында» деп аталған?
  • Жазушының айтайын деген негізгі ойы?
  • Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Мұғаім: Иә, Сәбит Мұқановтың осы әңгіме арқылы қазақ жерінен шыққан ақын, әнші, яғни өнер иесі Мырзатай арқылы өнер тақырыбына басты назар аудартқан. Айтар ойы да осы еді. Тамаша!

Ал енді сабағымыздың қалған уақытында осы әңгіменің негізгі барысын меңгере отырып, әңгіме оқиғасының Есіл өзенінің бойында өткендігін ескере отырып, қазіргі Есіл өзенімен салыстырып сипаттайық. Өткен сабақта сендерге Есіл өзені жайлы біраз мағлұматтар қарап келуге тапсырма берілген болатын, сол тапсырма бойынша кім қандай мәліметтер тауып, бізге айтып бермекші? Қане?

Оқушы: Есіл өзені Сарыарқа жері, Қарағанды облысындағы Нияз тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды. Жалпы, ұзындығы 2450 шақырым, Қазақстандағы ұзындығы 1719 шақырым. Ресейдің Түмен, Омбы облыстарынан өтеді. 1950 жылдардың ортасында Есілде кеме жүзген. Есіл бойында Астана, Есіл, Қызылжар қалалары орналасқан. (Интерактивті тақтадан оқушы Есіл өзенінің географиялық орнын көрсетеді)

ә) Мәтінмен жұмыс

Үзіндінің 1 бөлімінде не туралы айтылады? Иә, Есіл бойының табиғаты суреттеледі.

Мұғаім: Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу. Ал әңгімеде Есіл өзенінің табиғатын жазушы қалай суреттеген?

Оқушы:

  1. Есіл өлкесі
  2. Толқынды
  3. тоғайы
  4. шалғыны
  5. желі                                                                            суреттеу әдісі
  6. жидегі, бүлдіргені
  7. ағаштары
  8. Есілдің ағысы
  9. Құстары

 

Мұғаім: Маған кім мәтіннен Есілдің желі қалай есетіндігі жайлы айтылып тұрған тұсын тауып, оқып береді?

Оқушы: Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі. Жылдың өзге мезгілдеріне жортуылын жиілететін жел, піскен өсімдіктің жемісін төгермін деп аяғандай жұлқылап-желпіп мазаламайды. Бірақ шалғын онымен тыныш тұрмайды.

Музыка әуені қойылады, сол бойынша оқушылар қылқаламдарын алып, өзен ағысының суретін ақ қағазға түсіреді және суреттерін қорғайды.

Мұғалім: Жоспарымыздың келесі бөлімі Мырзатай әнші деп аталады. Мырзатай кім балалар? Мырзатайдың ерекше тұлға екенін жазушы қалай суреттейді?

Оқушы: Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

               ІІ. Мырзатай әнші

  1. Мырзатайдың портреті
  2. Алтайдың Құлтумасы
  3. Қараөткелдің Ғазизі
  4. Қарқаралының Мадиі          баяндау әдісі
  5. Баян тауының Жаяу Мұсасы
  6. Керекудің Естайы

Мұғалім: Ал енді осы біздің өңірден шыққан  әрі-әнші, әрі-сазгер, әрі-ақын болған қазақ өнерінің асқан шебері Мәди Бәпиұлы есімі аталып өтіледі. Ал енді Мәдидің «Қаракесек» әнінен үзінді білетін оқушыларымыз бар ма екен?

Оқушы: «Қаракесек» әнін оқып береді

Мәди әні

Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досымнан дұшпаным көп қылған өсек.
Үстінде шәйі мамықтың толықсушы ем,
Жатқаным қу қара жер болып төсек.

Міндім де қаракөкпен жылыстадым,
Бардым да Қараөткелге жыл қыстадым.
Науқасым жанға батып жатқан кезде,
Болмады жан ашитын туысқаным.

Мұғалім: Иә, тамаша!

Мәтінде Есіл өлкесінің жұмсақ, жұпар  иісті шалғынын сипаттап көрсететін көркемдегіш құрал — теңеуді тауып көрейікші. С.Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі. Теңеу сөздерді тауып оқу.

Суреттің орны Бой жеткен шалғын сұлудай сыланды, сылана жайқалған шалғынның бетінде шешек атқан гүлдер тотының қанатындай толықсып құбылады Теңеу
Суреттің орны Есіл сабасынан сарқылып, ағар арнасымен моп-момақан боп жылжиды да жатады … Сол түріне қарағанда, егер тасыған көздерін көрмесең, оның сонша өлкені сусындатқан, дене бетіне нәр берген өзен екеніне сенбейсің Теңеу
Сурет орны Жайқалған жасыл шалғынды жапырып жүре беруге аяғандай, не қаныңды жайландарғың келгендей, бір тұста сен жасыл жібекке бөлене сұлай кетесің Теңеу

 

3 бөлімінде «Есіл тасып барады» әнінің тарихы жайлы айтылады. Кім баяндап береді?

ІІІ. «Есіл тасып барады» әнінің шығу тарихын әңгімелеу.

  1. Әннің шығу тарихы
  2. Бекбербі болыс
  3. оның қызы Ұлпа            диалог
  4. Ұлпа мен Мұратбектің сүйіспеншілігі
  5. Екеуінің қосыла алмауы
  6. Ұлпаның шығарған әні
  7. Әнінің 3 ерекшелігі

Енді оқушылар «Есіл бойында» әңгімесінің негізгі түйіні неде деп ойлайсыңдар?

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта.

Мырзатай бейнесін ашу                   

Жеңіл мінезді

 

 

 

 

Ойнақы                                                                    ақ көңіл

 

 

 

 

 

 

Көпшіл

қарапайым

 

Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейді.

Салыстырмалы Венн диаграммасын толтыру. Тақтамен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Сабақты бекіту.

Мұғалім: Балалар осымен біз Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесін жан-жақты талдап болдық. Енді осы сабағымыздың негізгі ойын, тақырыбын басты назарға ала отырып, сабағымызды қазақтың мақал-мәтелімен аяқтайықшы. Қандай мақалдар білесіңдер?

Оқушы: «Өнер алды қызыл тіл», «Жігіт көркі — өнер», «Өнерліге есік ашық», «Өнерлінің өзегі талмас» т.б.

      Тест

  1. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?
  1. Он төрт

ә)Он сегіз

б)Он тоғыз

ІІ.  “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

  1. Мұратбек

ә)Мырзатай

б)Бекберді

ІІІ. Есіл өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы қанша шақырым?

  1. 1719

ә)1720

б)1721

ІҮ.            Шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеуді әдебиет теориясында не дейді?

  1. Пейзаж

ә)Портрет

б)Теңеу

Ү.  Сәбит Мұқановтың  көлемді еңбегін белгіле.

  1. “Өмір мектебі”

ә)“Көксерек”

б)“Саятшы Ораз”

 

Тесттің дұрыс жауаптары:

  • І – a
  • ІІ – ә
  • ІІІ – a
  • ІҮ – ә
  • Ү – a

 

Бағалау реті
«5» «4» «3»
5-6 жауап дұрыс болса 4 жауап дұрыс болса 3 жауап дұрыс болса

 

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  1. Ұлпанның «Есіл тасып барады» әнін жаттау, тақырыбын, идеясын анықтау.