Paint графиктік редакторы.Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері. Құрал тақтасы. Түстер палитрасы. Мәзір командалары

64

Тақырыбы: Paint графиктік редакторы.Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері. Құрал тақтасы. Түстер палитрасы. Мәзір командалры

Сабақ мақсаты:                                а) Графикалық редактормен таныстыру.

 

Б) Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

 

В) Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             Paint графиктік редакторы терезесі.

Сабақ түрі:                         Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                        Түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі:                         Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру, тапсырмалар орындату.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

 

Өткен сабақта дискетаны форматтау және обьектілерді дискетаға көшіруді үйрендік. Өткен сабақ бойынша мынадай сұрақтарға жауап бере қойыңдар.

Сұрақтар:

  1. Дискетаны форматтау не үшін қажет?
  2. Форматтау дегеніміз не?
  3. Қандай форматтау тәсілдерін білесің?
  4. Обьектілерді дискетаға қандай тәсілдермен көшіруге болады?

 

Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалап, жаңа сабаққа көшемін.

Жаңа сабақ: Paint графиктік редакторы.Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

Біз бүгін графикалық редактор тақырыбын бастаймыз. Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды. Біз бүгін Paint графиктік редакторымен жұмыс жасауды үйреніп бастаймыз. Бұл программа әртүрлі суреттерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді.

Программаны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск-Программы-Стандартные- Paint Командалар орындалған соң экранға Paint графиктік редакорының терезесі шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі. Программа іске қосылғанда сурет салатын түс –қара , фон түсі- ақ болып орнатылады.

Палитраның сол жағында айқасқан екі төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет түсі, ол түстің үстінде маустың сол жағын басу арқылы таңдалады, төменгісі – фон түсі, ол түстің үстінде маустың оң жағын басу арқылы таңдалады.

 

 

  1. Құрал таңдап алу.

Paint графиктік редакорында 16 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шығады.

Құрал кескіні Міндеті Құрал кескіні Міндеті
Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдауа қызметін атқарады. Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың  ішін кескін немесе фон түсімен бояйды. Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген  нүктесінің түсіне өзгертеді. Тік төртбұрыш,  тік төртбұрыштар салуға арналған.
Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді. Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсрін таңдап алуға болады. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

 

  1. Сызық қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін таңдау.

Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағында аймақта жасауға болады. Сызықтың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуағ болады және кистің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

  1. Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына  маус нұсқағышын орналастырып, сол жақ  батырмасын шертіңдер.

  1. Фонның түсін таңдау.

Фон түсін атңдау үшін палитрадағы қажетті түске маустың оң жақ батырмасын шерту керек. Бұл саты фонды пайдаланып обьектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет.(тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)

  1. Ал енді сурет сала беруге болады.

Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

  1. Сурет салатын құралға маус нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.
  2. Палитрадан қажетті түсті таңдаңдар.
  3. Нұсқағышты сурет салатын орынға апарыңдар.
  4. Маус батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағыта жылжытыңдар.
  5. Суретті салып болған соң маус батырмасын босатыңдар.

 

Мәтіні бар суреттерді салу.

Салған суреттеріңе мәтін қосуға болады. Ол үшін:

  1. Надпись құралын таңдаңдар.
  2. Мауспен мәтін жазылатын төрт бұрышты жақтау салыңдар.Сонда жақтау ішінде кірістіру меңзері пайда болады.
  3. Пернетақтадан қажет мәтінді енгізіңдер.
  4. Егер шрифт өлшемін өзгерту керек болса, немесе оларды курсив, қарайтылған жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты құрал-саймандар тақтасы қолданылады.
  5. Мәтінді енгізіп, өзгертіп болғасын мәтін жақтауының сыртында шертіңдер.

Егер бұл тақта экранда жоқ болса, онда Вид-Панель атрибутов текста командасын орындау арқылы құрал-саймандар тақтасын шығаруға болады.

 

Суреттерді қалай ашады.

Дискідегі сақтаулы суретті ашу үшін Файл-Открыть командасын орындайды. Экранда диалог терезесі ашылады, онда меңзерді қажетті файлдың атына орнластырып, оны екі рет шертіңдер.

Егер сендер редактормен жұмыс барысында жаңадан құжат жасау керек болса, Файл-Создать командасын орындаңдар.

 

 

Суретті қалай сақтауға болады.

Салған суреттерді келесіде қолдану үшін оны дискідегі файлда ат беріп сақтау керек.

Графиктік редакторда құжатты бірінші рет сақтағанда Файл-Сохранить как.. командасын қолданады. Сонда экранда Сохранение терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп, Сохранить батырмасын басады. Қайталап сақтағанда Файл-Сохранить командасын орындайды. Бұл кезде сурет сол алғашық атымен сол файлда сақталады.

 

МЕНЮ

Меню алты пункттен тұрады. Оның әр пункті созылған бағыныңқа менюлерден тұрады.Меню арқылы, терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген  бөлігінің түсін  өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға,  суретті сақтауға немесе қалпына келтіруге, масштабты өзгертуге, суреттің бір бөлігін кшіруге және оны алмастыру буферіне сақтауға болады.

 

 

 

 


І деңгей

№1. Тапсырма. Түзу сызық сал.

 

  1. Линия (сызық) батырмасын шертеді.
  2. Түстер палитрасынан салатын сызықтың түсін таңдау.
  3. Құралдар тобының астындағы жақтауынан сызықтың қалыңдығын таңдайды.
  4. Маус көрсеткішін сызық басталатын орынға қояды.
  5. Маустың батырмасын басып тұрып, сызық бітетін орынға көрсеткішті жылжытады.
  6. Маустың батырмасын босатады.

№2 тапсырма.

Сызық (Линия) құралын пайдаланып өрмекшінің торын сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 тапсырма.

Сызық құралын қолдана отырып жайра (дикобраз) суретін сал.

 

 

Үсті-басы ине

Бұл не деген бейне.

Кірпігі ұқсас заты,

Жайра оның аты.

 

№4 тапсырма

Сызық құралын пайдаланып ағаштың суретін сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ деңгей

Эллипс құралын пайдаланып мына суретті сал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ деңгей

 

Берілген суретті салып, Ауыл планы деген атпен сақтап қой.

 

 

 

 

Бекіту сұрақтары:

  1. Графикалық редактор не үшін қажет?
  2. Paint графиктік редакорын қалай іске қосамыз?
  3. Paint графиктік редакорының терезесінің негізгі элементтерін ата?
  4. Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?
  5. Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?
  6. Фон түсін қалай өзгертеміз?
  7. Сурет салу тәсілі қандай?
  8. Меню командалары арқылы не жасауға болады?

 

Бағалу.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар