Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы

135

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия

11 «А» сынып

Қазақ әдебиеті пәні

Мұғалім: Жирикова Назгүл Байғұлжақызы

Ашық сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; шығарманың негізгі идеясын ашу,кейіпкер галереясын талдау;
  2. Дамытушылық: Көркем оқу шеберлігін,тілін дамыту,ой өрістерін кеңейту;        прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту,өзінше ой түюге баулу;
  3. Тәрбиелік: Адами қасиеттерге баулу;

азаматтық бейнесін қалыптастыру,өнерді бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ұжымдық жұмыс,сұрақ-жауап,әңгімелеу,жинақтау стратегиясы,іздену,мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жаңа ақпараттық құрал(электрондық оқулық), роман мазмұнына тән суреттер мен портреттер.

Пәнаралық байланыс: Тарих,музыка.

                           Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, бүгінгі күн.
  2. Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.
  3. Жаңа сабақ.

С.Жүнісов туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

С.Жүнісов туралы ой-пікірлерді оқу.

Жинақтау стратегиясы арқылы кластер толтыру(интерактивті тақтада)

С.Жүнісов-публицист,аудармашы,жазушы,әдеби     қызметкер,педагог,драматург

 Хронологиялық кестемен жұмыс жүргізу.(тақтада беріледі)

«Ақан сері» дилогиясына тоқталу. Электронды оқулықтан Ақан сері туралы мәліметті тыңдау.

Роман мазмұны бойынша ұжымдық жұмыс жүргізу.

1  топ Ақан сері бейнесін ашады

  • Ақан сері туралы М.Шаханов, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев сөздері тыңдалады.
  • Интерактивті тақта арқылы Ақанның қуанышқа толы өмірін қызыл түспен,қайғыға толы кезеңін қара түспен белгілеп,ақын өмірін, оның сан қырын ашып береді.

2 топ Әйелдер галереясына тоқталады.

  • Ақтоқты,Балқадиша,Ұрқия бейнелерін ашып береді.
  • «Балқадиша», «Сырымбет», «Ақтоқтыға айтқан ау-жары» жатқа айтылады.

3 топ Ақан серінің жан серіктері: Құлагер, Қараторғай,Базаралы туралы әңгімелейді.

  • І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына тоқталу.Оқушылар екі қалам иегерінің шеберлігін салыстырады.
  • Венн диаграмма арқылы екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
  • Поэмадан,дилогиядан Құлагер өліміне байланысты эпизодтар оқылады.
  • Ақан сері «Құлагер» әні тыңдалады.

Ақан сері-тарихи тұлға,тарихи кейіпкер. Сондықтан келес сөз тарихшыға беріледі. Роман мазмұны мен тарихи оқиғаларды салыстырып,талдау жасап береді.

  • Шығарманың композициялық құрылымы.

Дилогияның құрылымын анықтау.

Тапсырма:тақтадағы жасырынып тұрған том мен бөлімді эпиграф арқылы табу,бөлім мазмұнын қысқаша әңгімелеу.

  • Шығармашылық жұмыс.

Биопоэма

  1. Аты.
  2. Мекен-жайы.
  3. Қандай?
  4. Неден қорқады?
  5. Қыр-сыры.
  6. Үйге тапсырма беру.

Шешендік өнерге байланысты үзінді жаттау.

Тілдік талдау.

  1. Сабақты қорыту.

Бағалау.