Ақан сері Қорамсаұлы – сегіз қырлы, бір сырлы жан

346

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,

Л.Қылышев атындағы Шилі орта ЖББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Султанова С.С.

 

 

“Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,

Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды”

Ақан сері

Сабақ тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы – сегіз қырлы, бір сырлы жан. (10-сынып)

Сабақтың мақсаты:

1. Ақан сері Қорамсаұлы өмірінен толық мағлұмат беру,

2.Ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін дамыту, ойларын еркін айта білуге қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Ақынды сүйе білуге, оның өлеңдері арқылы табиғатты, елді, жерді қадірлеуге, сабақ барысында бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыны өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету, өлеңдегі кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға, сезімталдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ- жауап, СТО, топтық.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Ақан бейнесі, үлестірмелілер.

Пәнаралық байланыс: Қаз. тарих, ән-әуез, қазақ тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Оқушыларды түгендеу

3.Кабинет тазалығына назар аудару

4.Үй тапсырмасын сұрау :

1-тапсырма.

“Тұлпар”  тобы

“Қараторғай” тобы

өз топтарының аттарын қорғау

 

3.Жаңа сабақ (Слайд )

Сырымбет- биік адыр, қатар кезең,

Жарасып таудан құлап аққан өзен.

Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,

Көк орай, қайың мен тал- бәрі де әсем.

Мөп- мөлдір сынапқа ұқсап бұлақ аққан,

Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.

Топырағы бейне мақпал, егінге жай,

Шырайлы әдемі көл күлім қаққан

 

Бұл сұлу,көркем Көкшетаудың табиғаты. Бұл сұлу табиғат аясында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ақан сері дүниеге келген. (Слайд Ақан) Дүниеге келіп қана қоймай ,сол сұлулыққа өмір бойы ғашық болып өтті. Ақан 1843 жылы қыркүйек айында өмірге келген. Ата- анасы, ауыл- аймағы тойлатып, балаға Ақжігіт деп ат қояды. Бала сүйкімді, алғыр болып өседі. Ауыл- аймағы, ата- анасы еркелетіп, Ақан деп атап кетеді. Баласының зеректігін таныған әкесі Қызылжардағы Уәли ахун хазіреттің медресесіне оқуға береді. Мұнда ол мұсылман салтындағы біліммен үш жыл сусындайды. Имандылық шарттарын меңгереді. Сонымен қатар ол араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Сондай- ақ Шығыс аңыздарын сүйіп оқиды. Низами, Сағди, Фердауси сынды Шығыс классиктерінің шығармаларын жатқа біледі. Ақын Қызылжарда шығыстың әдеби, мәдени мұраларымен ғана танысып қоймай, қазақ жерінің Қызылжар секілді қалалары мен бекеттеріндегі патшалық Ресейдің қоныстанушылары, солардың балалары үшін ашылған мектептер, сол мектептерде дәріс беретін зиялылар өздерімен бірге ала келген еуропалық мәдениеттен де хабардар болады. Ақан орыс тілін жақсы меңгереді. Ол орыс тілін өлеңдеріне де қосып, жаңаша қырынан танылады. Мысалы:

Гасудария секілді ерке қалқам,

Ксениядай болсаңшы княгиня

Міне, осыдан орыс тілін меңгергенін байқаймыз. Ақан – сазгер. Ол өлеңге әуен, әнге әуез, термеге мақам, толғауға саз, жырға сарын, айтысына нақыш келтіре білген адам. Ақан шығармашылығын мына түрде көреміз. Лирикалық иірімдерге, тәлім- тәрбиелік тақырыптарға, заман тақырыбына арналады. (Слайд- өлеңдеріне арналған таблица) Таблица бойынша түсіндіру. Ақан Біржан сал секілді аса дарынды сазгерлігіне қоса өз дәуірінің бар болмыс- шындығын өлеңмен өрнектеген, сөз маржанын тере білген дарын иесі. Біржан ақын өз тұсында жеке- дара сал атанғаны тәрізді қазақ өнерпаздарының ішінде «сері» сөзі Ақан атына ғана қосылып айтылады. Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі – Құлагері еді. (Слайд Құлагер)

Құлагер құнанында керім еді,

Нағашым сұрағанда беріп еді.

Ат қоса Ерейменге барғанымда

Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді – деп Ақан өзі жырлағандай, Қарауыл елінде Шөкітай деген кісіден 1 сиыр, 1 ат , жиырма бес сомға беріп алған Құлагері- осы ат (Слайд Құлагер1) Жүйрік атты таңдап жүріп сатып алу бар да, оны мәпелеп бағу, баптап, бәйгеге қосу тағы бар. Бұл жерде Ақанның екі қасиеті көрінеді. Біріншісі- тұлпарды сыртқы тұрпатына қарап дөп басып тани алатын сыншылығы да, екіншісі- баптап баға білетін атбегілігі. Ақанның атбегілік өнерін сахараға жайған бір оқиға мынау еді: Орта жүздің ішінде Алтай руы, Аққошқар атасынан тараған Сайдалының үлкен асы болады. Осы аста болатын бәйгеге қосу үшін Ақан Құлагерді баптайды. Үш жүз ат қосылған осы бәйгеден кейінгі маң- маң басқан жүрісінің ырғағына көңілі толып, сүйінген Ақан «Маңмаңгер» деген ән шығарды.

 

ІІ тапсырма. Түсініктеме күнделік  стратегиясы бойынша берілген ақын  өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір  жазу

 

Ақан Құлагерін мадақтап әнге қосып елге жайса, Құлагер де жүйріктігімен Ақанның атын елге жайды. Сондай оқиға тағы да Ерейменде болады. Керей Сағынайдың асына Ақан Құлагерді жасырып апарады. Елде Күреңбай деген ат сыншы бар екен, сол Ақанның тұлпарының ІІ тапсырма. Түсініктеме күнделік  стратегиясы бойынша берілген ақын  өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір  жазубас бәйгені алатынын бірден таниды. Мұны естіген Батыраш, Қотыраш деген бай балалары іштарлық танытып, Құлагерге қастандық жасап, шоқпармен ұрып өлтіреді. Қырға шығып қарап тұрған Ақан Құлагерінің көрінбей кеткенінен бір жамандықтың болғанын сезеді. Алдынан іздеп шығады. Сөйтіп, мерт болған Құлагерінің үстінен түседі. Оны көріп азарланып, атақты «Құлагер» әнін дәл осы жерде шығарады.

От болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің

Атығай, Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыз сағақ, сандалкерім?!- деп зарлайды.

(Слайд Құлагер әнін тыңдату)

ІІІ тапсырма.  Ақан сері Қорамсаұлының

1.“Жақсы мен жаман” өлеңін  оқып,  мазмұнын  ашу,ұнаған шумағына   сатылай  кешенді талдау жасау.

2.”Жақсысы” сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беру

Ақанның бойындағы тағы бір өнері- құсбегілік еді. Оның қаршыға мен асыл құсы қыран бүркіті болған.(Слайд  Базаралы атты тазысы) Көл үстінде ұшқан қаз бен үйректі салған жерден қағып, түсіретін қаршығасының аты Көкжендет еді. Оны қолына қондырып алып, ауылды аралағанда нағыз серінің көрінісін беретін. Бірақ қайғысына қайғы қосылған Ақан тағы да одан айырылады. Желге қарсы ұшқан сол қаршығасы ұшты күйлі жоғалып кетеді. Ел аралап көп іздейді. Ақыры күдерін үзіп, «Көкжендет» деген ән шығарады. Қыран құсының аты Қараторғай болатын. Өзінің жан серігіндей болған бұл қыранын Әлібек деген батыр сыйға тартқан. Сол қараторғайы кәріліктен құйрығының қауырсыны сиреп, жерге еркін қона алмай қалған. Қараторғайы да өмірден өтеді. Сол Қараторғайға арнап «Қараторғай» әнін шығарады.(Әнін тыңдату)

ІV тапсырма.Шығармашылық жұмыс.

Берілген шумақты толықтыр.

………………………………… қатар кезең,

……………………………….. аққан өзен.

………………………………..  көк шалғыны,

………………………………..   бәрі әсем.

 

Ақанның атағы елге жайыла бастағанда әкесі Қорамса Бекбас деген адамның сегіз ұлының ішінде еркін өскен Фатима сұлуға құда түседі. Бірақ ол оң жақта отырғанда ауырып, Қорамсаға келін болып үлгірмей қайтыс болып кетеді.Ақан бойдақ жүруді ар санап, кейін Шомайт қожаның Фатима деген қызға үйленеді. Бұл Фатимадан бір ұл, екі қыз көреді. Алайда 10 шақты жыл өмір сүргеннен кейін ауырып қайтыс болады. Бірде Ақан Тінәлі деген кісінің айттырып қойған Ұрқия деген қызын алып қашады. Ұрқияда 3 айдан кейін төсек тартып, ауырып қайтыс болады. Бірінен соң бірі өліп, Ақанның басына түскен мұндай тағдыр тауқыметі ақын жүрегіне әсер етпей қоймайды. Десе де ел аралап жүріп Жүсіптің Жамал деген қызына ғашық болады. Ел қайғысы мен өз қайғысы қосыла келіп, Ақан жанын жегідей жейді.Отаршылық саясаттың зұлымдығы, жергілікті әкімдердің аярлығы, жағымсыз тоғышарлық мінездерді өз шығармаларына арқау еткен ел қайғысы, ал алған жарлары бірінен соң бірі өлгені, Құлагерінен, қаршығасы Көкжендетінен, бүркіті Қараторғайынан айрылған өз қайғысы Ақанның дертке ұшырауына, өмірден түңілуіне әкеліп соқтырады. Өмірінің соңында елден жырақ кетіп, оңаша өмір сүреді. Ақан жанын түсінбеген ел оны жынданды деп есептейді. Осылайша Ақан Біржан тағдырын басынан кешеді. Ауыр хал кешіп Біржан секілді 1913 жылы өмірден озады. Ақан туралы жазған ақын- жазушыларымыз әдебиетімізден ерекше орын алады. Солардың бірі І.Жансүгіров(Слайд І.Жансүгіров суреті) Ол «Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған..» деп бағалаған ол Ақан шығармашылығына орай «Құлагер» атты поэма жазды. Көкшетауда Құлагерге арналған ескерткіш орнатылған. (Слайд Құлагер Көкшетау ескерткіші)

Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған.

 

V тапсырма. Тест –сұқбат.

Ақанды ел неліктен сері   атаған.

Мұса Байжан есіміне “жаяу”анықтауыш сөзінің қосылу  себебі не?

Біржанның өзіне  дейінгі ақындардан өзгешелігі неде ?

Ақанның орысша сауатты болғанына мысал келтір.

Біржанның “Жанбота” әні қалай шыққан?

Сал-серілер ауылға келгенде халық  оларды қалай  қарсы алған?

Құлагер,Қараторғай,Базаралы қай  ақынға  тиесілі?

VІ тапсырма

Біржан сал мен Ақан серінің ұқсас жақтарын анықтау

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау:

 

1.Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

2.Сендер басқа қандай әнші-ақын-

дарды білесіңдер?

3.Ақанның қандай әнін білесіңдер?

4.Ақан мен Шәмші ұрпақ сабақтас-

тығы дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Үй тапсырмасы:

“Ақан – сегіз қырлы, бір сырлы”
эссе жазу.