Microsoft Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін баптау

24

Тақырыбы: Microsoft Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін баптау

 

  1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск→ Программы→ Internet Explorer).
  2. Егер іске қосылғаннан кейін программа бірден қандай да бір Web-бетті жүктеуге тырысса, Тоқта (Стоп) батырмасын шертіп, жүктеуді тоқтатыңыз. Адрес жолындағы жазбалар бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL – адресін орнатыңыз.
  3. Сервис → Шолушының қасиеттері (Сервис→ Свойства обозревателя) командасын орындаңыз. Ашылған Шолушының қасиеттері (Свойства обозревателя) сұхбат терезесінде Жалпы (Общие) қыстырмасын ашыңыз.
  4. Үй беті (Домашняя страница) панелінде Адрес өрісін іздеп тауып, осы өрістегі жазба бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL-адресін орнатыңыз.
  5. Бос беттен (С пустой) батырмасын шертіңіз. Бастапқы беттің адрес өрісінде about:blank жазбасы шыққанын байқаңыз. Бұл қайта қосқанда, программа бастапқы бет ретінде ешқандай Web-бетті жүктемейтінін көрсетеді.
  6. Қолдану (Применить) батырмасын шертіп, одан соң Шолушының қасиеттері (Свойства обозревателя) сұхбат терезесін ОК батырмасымен шерту арқылы жабыңыз.
  7. Программа терезесін жаыңыз.
  8. 1-ші бөлімінде көрсетілгендей программаны қайта қосыңыз.
  9. Программаны қайта қосқаннан кейін ешқандай бастапқы беттің жүктемейтіндігін және Адрес өрісінде about:blank хабарламасы жазылғанына көз жеткізіңіз.
  10. Программа терезесін жабыңыз.