Адамгершілік – асыл қасиет

92

Қысқа мерзімді жоспар

 

Сабақтың тақырыбы:       Адамгершілік – асыл қасиет

Сабақтың мақсаты:      1.Ертегі мазмұнына терең үңіле отырып, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне баға береді, мінездерін талдайды, өмірмен байланыстырады. Автордың айтайын деген ойын дәл танып, тақырыпты ашу.  2. Тақырып бойынша жинақталған ойын сыртқа жүйелі шығара білуге, басқаның пікірін тыңдап,

ой қоса алуға дамыту, топтық жұмыстарын арттыру. Актерлік қабілеттерін шыңдау. 3.  Өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірлік құнды қасиеттерді бойына сіңіріп, жамандықтан бойын аулақ салуға баулу.

 

Міндеттері:          

  1. Мазмұнға байланысты міндет: әңгіменің мазмұнын еске түсіре отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді, олардың іс-әрекеттерін талдайды, өмірмен байланыстырады;

2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, кейіпкерлер іс-әрекетіне баға береді.

  1. Топтық міндет: ынтымақтаса жұмыс атқарады, оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір-біріне сыйластық сезімдері артады.

 

Оқыту әдісі: Блум таксаномиясы

 

Сабақтың қаншалықты сәтті өткенін қалай білемін?

Сабақ соңында оқушыларға стикер таратамын, олар сабақ туралы рефлексия жазады.

«Тәртіпсіз» оқушылармен не істеу керек?

Мұғалім сыпайы, нақты және кәсіпқой болуға тиіс. Егер оқушы өзін тәртіпсіз ұстаса, оған ескерту жасап, атын тақтаға жазып қоямын. Үш ескертуден кейін оқушыны үзіліске шығармауға болады, олай болмаған жағдайда мектеп хаттамасына жүгіну қажет.

Сабақ барысында бағалаудың қандай түрлерін пайдаланамын және бұл процеске оқушыларды қалай тарта аламын?

Формативті бағалауды пайдаланамын. Сабақ барысында оқушыларды ынталандырамын, шабыт қолдау көрсету арқылы беріп, оқушыларды сабаққа қатысып отыруға тартамын. Оқушылар бірін-бірі бағалайды және топ басшысы критерий арқылы бағалайды.

Оқушылар сабаққа белсенді тартылғанын қалай біле аламын?

Оқушылар үлестіру материалымен жұмыс істейді, сабақта өз пікірін айтады, сұрақ қояды, бірін-бірі бағалайды.

                                                                                                     

Сабақ кезеңдері Көрне-

кіліктер

Әдіс-тәсілдер Жұмыс түрі                                          Тапсырмалар. Оқушылармен жұмысы модуль
Білу

5мин

 

 

Бауырсақтар (J, K, L).

Өлең тармақтары жазылған қима қағаздар

 

Сұрақ-жауап,

әңгімелесу,

 

 

 

 

 

 

 

 

Психоло-

гиялық ахуал.

 

Топқа бөлу.

 

 

§  Сыныппен қалай сәлемдесемін?

әдебиет бүгінгі күннің бірінші сабағы болғандықтан, барлық балаларды ортаға шақырып «шаттық шеңберін» құрамыз. Бір-біріне амандасып, бүгінгі күнге жақсы тілектер айтады.

§  Оқушыларды қалай топтастырамын?

Ертегідегі өлең жолдары арқылы топтастырамын. Мазмұнды 4 шумақтың тармақтарын бір-бір қима қағазға жазып таратамын. Сөйтіп, төрт тармақтан бір шумақ құрып бір топқа отырады.

1-шумақ.                                                                2-шумақ.

Ойланып: «Тегін емес балық, — дейді,               Жарқырап, үсті-басы оттай жанып,

Қалмайын киесіне алып, — дейді. –                    Адамша сөз сөйледжі Алтын балық :

Еш нәрсең керек емесғ жолың болсын,            «Жанымды бір шыбындайқи, ақсақал!

Сайран ет теңізіңе барып», — дейді.                   Бар болса не қажетің менен алып».

3-шумақ.                                                              4-шумақ.

Теңіздің жағасында кемпір мен шал                  Тағы да үшінші рет ауын салып,

Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл.              Сүйретіп шығарды бір алтын балық.

Күн көрген бейшаралар балық аулап,                Шал байғұс өз көзіне өзі сенбей,

Болмапты төрт түліктен ырымға мал.                Аңырып тұрды біраз аң-таң қалып.

 

Өткен сабақта қабылданған топ ұстанымы еске түсіреміз.

§  Бағалау туралы балаларға түсіндіремін. Топ басшысына критерий беріледі, ол балаларды бағалайды.

§  Сабақты қалай бастаймын?

Сыныптың сабаққа деген көңіл-күйлерін анықтау. Әрбір балаға 3 бауырсақ таратылады (J, K, L). Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес бауырсақты таңдап, тақтадағы плакатқа жазылған өз есімдерінің тұсына жабыстырады. Бауырсақты таңдаған себептерін сұраймын.

Сын тұрғысынан ойлау.

(топқа бөлу)

(2-мод.)

 

Түсіну

7 мин

Көрініске қажетті нәрселер Инсценировка,

 

Сұрақ-жауап,

 

«Ой шақыру»

Сабақ мақсатын анықтау

 

ой шақыру

 

көрініс қою

 

§  Ой шақыру.

§   Үйге берілген тапсырма бойынша көрініс қою

§  Сабақтың мақсатын оқушылар анықтайды. Бағыттаушы сұрақтар:

§  Ертегінің басты тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

§  Жазушы бізге осы ертегісі арқылы не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

—             Балалар, көріністен нені байқадыңдар?

—             Ертегі кейіпкерлеріне қандай баға берер едіңдер?

—             Өздерің үшін  ертегінің қандай пайдасы  бар?

—             Шалдың орнында болсаң сен не істер едің?

Балалар, ендеше осы жауаптырыңа қарап, бүгінгі сабақтың мақсатын анықтайықшы.

Бағалау туралы түсіндіру.

Диалог-әңгіме

(І мод)

 

 

Қолдану Ноутбук,

Интерактивтік тақта

Сыни сұрақтар,

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтағы ынты-

мақтаса атқар-

ған жұмыс.

 

Кейіпкермінезіне талдау

 

Әр топқа бір ноутбук беріледі. Ноутбукка салынған келесі тапсырманы орындайды.

І топ «Ауға түскен алтын балық»        ІІІ топ. «Қорлық көрген шал»

ІІ топ. «Ақсүйек болған кемпір»         ІҮ топ. Эксперт тобы (топ жұмыстарын бағалайды)

Іс-әрекеті (ертегідегі үзінді) Тән қасиет

 

Келесі сұрақтар бойынша өз жұмыстарын қорытындылап, қорғайды.

—     Осы жұмыстан өздеріңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыздар?

—          Кейіпкердің  іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Неге?

—          Кейіпкердің орнында болсаң, не істер едіңіздер?

Бүгінгі күнмен қалай салыстырар едің?

СТО

(2-мод.)

 

«қалай оқу керектігін үйрену)

(1-мод.)

 

АКТ

(4-мод.)

 

Талдау  Плакат

маркер

 

Венн диаграммасы

 

Сұрақ-жауап

 

 

 

 

Салыстыру

 

Пікір таластыру

Дәптермен жұмыс

Венн диаграммасы

Кемпір мен балықшыға салыстырмалы мінездеме

 

 

 

 

 
 

Пікірталас

Балықшының іс-әрекеті дұрыс және дұрыс емес деген пікірде пікір таластыру.

 

Диалог-дебат. (1-мод.)

 

Венн диагр.

 

Жинақтау ой толғау «Адамның адамдығы адамгершілігінде» шағын ой толғау жазу. СТО

2-мод.

Бағалау Интерактивтік тақта Класстер

 

рефлексия

Сабақты қорыту

 

Сын тұрғысынан ойлау

2-мод.)

 

бағалау

(3-мод.)

 

 

 

 

Сұрақ-жауап,

 

 

 

 

 

 

 

«Екі түрлі түсініктеме» күнделігі

 

 

 

бағалау

 

Сабақтың мақсатын еске түсіру

—          Балалар, бүгін біз сабаққа қандай  мақсат қойдық?

—          Сабақ барысында сендер үшін түсініксіз жағдайлар болды ма?

        — Сабақ сендерге ұнады ма?

—     Қандай ұсыныстарын бар?

Сабақ туралы оқушылардың ойларын рефлекс

ия жазғызу арқылы анықтаймын. (Ұнағаны, ұнамағаны, несімен ұнады, несімен ұнамады, қандай ұсыныстары болады?

 

БАҒАЛАУ. Топ басшысы, өзінің және мұғалімнің бағалары арқылы қорытынды баға қойылады.

 

Аты-жөні өз бағасы Топ басшысының бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға

 

  • Үй тапсырмасы.

Ертегінің ұнаған жерінен үзінді алып, жаттап келу және сол бойынша образға кіру.  (бұл жерде зерттеуге алынған балаларға баса назар аударылу мақсатында жатталатын үзіндіні мұғалімнің өзі таңдап береді).