Іс қағаздарының стилі. Іс қағаздарының түрлері

380

Сабақ тақырыбы: Іс қағаздарының стилі. Іс қағаздарының түрлері.

Сабақтың мақсаты: Іс қағаздарының стилі және іс қағаздарының түрлерімен таныстыру.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ  ТҮРЛЕРІ:
өмірбаян                                                                                         Заң
түйіндеме                                                                                        үкім, өкім
жеке іс парағы                                                                                Жарғы, жарлық
визит карточкасы                                                                           Ереже
өтініш

хабарлама
арыз                                                                                                  бұйрық
мінездеме                                                                                         нұсқау
кепілдеме                                                                                         ресми хаттар
кеден мағлұмдамасы                                                                                  хаттама
жеделхат                                                                                          жарнама
хабарландыру

қолхат
сенімхат
кепілхат
өтінім
тапсырыс
келісімшарт
еңбек шарты
шарт
еңбек келісімі

Іс-қағаздарының қызметтері:
— жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
— жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
— әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
— мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
— жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
—  мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
— тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
— мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
— мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:
— саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
— әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
— ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
— құқықтық ( заңдық және  жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
— тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).
— ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:
—    құжаттарды дайындау;
—    құжаттарды жолдау, тіркеу;
—    сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
—    құжаттарды қолдануға дайындау;
—    құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
—     құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге қатысты ресми құжаттар мен арнайы ұйымдар:
І кезеңде
—    Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;
—    Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті
—    Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.
—    Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының 1924 жылғы 21 июльдегі «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы.

ІІ кезеңде
—    1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;
—    1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың
2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»;
—    1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
—    1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;
—    1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті
 

  1. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ

Стиль – латын сөзі,  қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
1.    ауызекі сөйлеу стилі
2.    көркем-әдебиет стилі
3.    публицистикалық стиль
4.    ресми іс қағаздар стилі
5.    ғылыми стиль
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
—    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
—    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
—    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
—    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
—    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
—    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.