Ресми хаттар.Сабақтың мақсаты:Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.

Сабақ тақырыбы: Ресми хаттар.Сабақтың мақсаты:Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

Ресми хаттар.
Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер  жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.
Қызметтік жеке хатттар. Бүл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе орісінің кеңдігі жоне қызметтен тыс моселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын моселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады.
Үсыныс хаттар. Бүл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыга үсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.
Сұраныс хаттары. Бүл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сүрау мақсатында жазылады. Хат мазмүнының неғізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Жолдама хаттар. Қүжатпен бірге жіберілетін қосымшаньтң немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бүл хаттар өрсетілген ақпараттың долдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.
Хатты жазып отрығнада онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығьщызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқьшаған жөн.
«Ресми іс қағаздары» термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым- қатынастары, басқару қызметі күрделелінген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың  (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы және т. б. ), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықша-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б. ), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым- қатынастарды реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және т. б. ) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты , халықаралық хаты) тәрізді үлгілері бар.

Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие, сондықтан оның нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандатты болуы талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетті түрде қолданылатын тұрақта, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, яғни реквизиттері (латынша reguisitium – талап етілген, қажетті) болады.

Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық – грамматикалық жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің  тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.

Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:

-мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы жазылуы тиіс;

-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;

-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.

XVIII – XIX ғ.ғ. ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бір қатары Қазақстан тарихы, қазақ – орыс қатынастары, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы жинақтарында жарияланған. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғ. II жартысымен XIX ғ. I жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:

  1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.
  2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император І Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.
  3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдармен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Йоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.
  4. Орынбор комиссиясының бас командирі И.И.Неплюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар хонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Брунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жыл 27 қыркүйек.
  5. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 19 қыркүйек.
  6. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 31 қыркүйек.
  7. Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 18 желтоқсан.
  8. Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 9 қараша.
  9. Нұралы ханның барон О.А.Игельстромға хаты. 1785 жыл 21 шілде.