Файлдар, бумалар және жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру, атын өзгерту

173

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру, атын өзгерту

Сабақтыңмақсаты. Оқушыларға windows операциялық жүйесінің негізгі нысандары туралы сипаттама беру, бума, жарлық, файл туралы түсінік қалыптастырып, оларды құруды, атын өзгертуді үйрету.

Нәтижелігі. Оқушылар файл, бума, жарлықтың анықтамаларын біледі, оларды құра алады және аттарын өзгерте алады.

Сабақтыңтүрі: дәстүрлі емес.

Сабақтыңтипі: аралас.

Қолданылатынкөрнекіліктер: презентация, компьютер, оқулық, тестер, бағалау парағы, таратпа қағаздар, блоб ағашы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, тест, жигсо, СТО, АКТ, бағалау.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа сабақ.
  4. Жаңа сабақты бекіту.
  5. Бағалау.
  6. Үйге тапсырма беру.
  7. Кері байланыс.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

 

р/с Кезең Мазмұны Әдіс-тәсіл Уақыт
1. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Қағаз қиындыларындағы жазулардың мазмұнына байланысты(өлшем бірліктері жазылған топ – «Ақпарат», компьютер құрылғылары жазылған топ – «Компьютер тобы») екі топқа бөліну. Топ басшысы сайланып, бағалау парағын жүргізеді.

Түсіндіру, СТО 3
2. Үй тапсырмасын тексеру. Арнайы тестерге салынған тест тапсырмаларын жекелей компьютерде отырғызып шешкізу.

Интерактивті тақтада екі топ қатар тұрып 1-топ «Операциялық жүйе түрлері», 2-топ «Операциялық жүйе нысандары» атты кластерлер құрады.

СТО

АКТ

3. Жаңа сабаққа кіріспе. Тақтада көрсетілген ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықталады. СТО

АКТ

4. Жаңа сабақ. Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар. Жигсо әдісі бойынша «бумалар, буманы құру» тақырыбы бір топқа, «жарлықтар, жарлықты құру» тақырыбы екінші топқа оқуға беріледі. Кейін топ басшысы келесі топқа 2 елші жібереді. Олар барған топқа өз тақырыбын түсіндіреді. Топтағы қалған мүшелер өз тақырыптарын елшілерге түсіндіреді. Жигсо, диалог
5. Жаңа сабақты бекіту. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар таратылып, дербес компьютерде жұмыс жасайды.

Интерактивті тақтада бума мен жарлықты, файлды қалай құратыны оқушылар тарапынан көрсетіледі.

АКТ
6. Бағалау. Топ басшысынан есеп сұралады, қорытынды баға қойылады. СТО
7. Үйге тапсырма. Слайдта көрсетіледі: 11 тақырып оқу, сұрақтар мен тест тапсырмаларына дайындалу. Баяндау.
8. Кері байланыс. Блоб ағашы арқылы оқушылардың сабақтан алған әсерлерін бақылау. СТО

 

 

 

Топқа бөліну.

«Компьютер» тобы                                  «Ақпарат» тобы

 

ПЕРНЕТАҚТА

 

 

БИТ

 

СКАНЕР

 

 

БАЙТ

 

ТЫШҚАН

 

 

МЕГАБАЙТ

 

МОНИТОР

 

 

КИЛОБАЙТ

 

КОЛОНКА

 

 

ГИГАБАЙТ

 

Тест тапсырмалары:

{Test=2}

Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?

  1. есептеу
  2. басқару
  3. ақпаратты іздеу
  4. құжат құру

{Test=2}

Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа?

  1. интернет
  2. операциялық жүйе
  3. операциялық қабыршық
  4. windows

{Test=1}

Нетбук деген не?

  1. Шағын мөлшерлі ноутбук
  2. Алақан компьютері
  3. Интернетке қосылған дербес компьютерлер
  4. Оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі

{Test=2}

Компьютердің құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?

  1. процессор
  1. принтер
  2. дискжетек

4.жедел жады

{Test=1}

Компьютер деректерді сақтау үшін керек құрылғы?

1.жады

  1. процессор
  2. дискжетек
  3. монитор

{Test=2}

Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды?

  1. дискжетек
  2. жедел жады

3.тышқан

4.принтер

{Test=4}

Компьютердің шығару құрылғысы?

1.сканер

  1. пернетақта
  2. тышқан
  3. принтер

{Test=2}

Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкен?

1.жұмсақ диск (дискета)

  1. қатты диск

3.лазерлік диск

4.флешка

{Test=4}

Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

1.қатты диск

  1. лазерлік дискілер
  2. флеш-жады
  3. процессор

{Test=2}

Винчестер дегеніміз?

1.жұмсақ диск

  1. қатты диск
  2. лазерлік диск
  3. фешка

 

 

Жұмыс үстелі
UNIX

Кластер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырмалар

 

А деңгейі

  1. Жұмыс үстелінде бума құр.
  2. Атын өз атыңмен өзгерт.
  3. Өз атыңмен құрылған буманы қоржынға апар.
  4. Жұмыс үстелінде мәтіндік файл құр.
  5. Файлдың атын фамилияңмен ата.
  6. Файлыңды жой.

 

В деңгей.

  1. Бірінің ішіне бірі салынған 2 бума құр.
  2. Ішкі бума ішіне мәтіндік құжат құр.
  3. Құжаттың атын сыныбыңмен ата.
  4. Осы жерге құжатыңның жарлығын құр.

 

С-деңгей,

  1. Құжат деген мәтіндік құжат құр.
  2. Бума деген мәтіндік құжат құр.
  3. Осы екі құжатты өз атыңмен аталатын бума құрып ішіне сал.
  4. Осы бума үшін жарлық құр.
  5. Буманы жасырын ет.
  6. Жарлықты жой.
  7. Қоржыннан алып орнына келтір.

 

 

Кері  байланыс – блоб ағашы.