Internet желісінде электрондық жәшік ашып, хабар алмасу

81

Сабақтың тақырыбы: Internet желісінде электрондық жәшік  ашып, хабар алмасу

Сабақтың мақсаты: Интернет желісіндегі электрондық почта

қызметіне түсініктеме беру; Электрондық

қызмет түрлеріне және оны құру тәсілдерін

үйрету.

Сбақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын

арттыру, еңбекке тәрбиелеу, интернет арқылы

ақпарат алмаса білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра

отырып, компьютерді пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Компьютер, Internet,

Сабақтың әдісі: Дәріс оқу, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Өтілген сабақты қайталау

  1. Ауқымды желі деген не?
  2. Сіз қандай ауқымды желілерді білесіз?
  3. Internet деген не?
  4. Internet-тің  құрылымы қандай?
  5. Internet қашан және қалай пайда болды?
  6. Домендік атау деген не?
  7. Жоғары деңгейдегі домендендерді атаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.

Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі-электронды почта. Интернет жүйесінің дамуына байланысты, көптеген адамдар өздерінің іс-тәжірибелерімен әлемдегі әріптестерімен бөліскісі келеді. Бұндай жағжайда оған көмекке электронды почта келеді. Оның екі түрі бар. Хат сізге офистік серверге корпоративтік адрес және провайдер бойынша келеді. Бірінші жағдайда сіз өзіңіз компьютерде отырғанда ғана, ал екінші жағдайда сіз шалғайда жүрсеңіз де ала аласыз. Ол үшін тек өзіңіздің атыңызды және пароліңізді жазсаңыз болғаны. Алыстағы серверде өзіңізге e-mail алу өте оңай. Ол үшін mail.kz, ok.kz, mail ru т.с.с. терсеңіз жеткілікті. Егер сіз жаңа пайдаланушы болсаңыз жүйеге тіркеліп алу қажет.

Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай көріністе болады: aт@үйшік, бұндағы ат (Логин)- пошта серверінде тіркелу кезінде көрсетілетін бірегей ат.Үйшік Сіз таңдаған пошта серверін көрсетеді.Үйшік атауы кем дегенде нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады, олар:жоғарғы деңгей үйшігі және екінші деңгейлі үйшік: mail.kz, ok.kz, host.kz және т.б.

Пошта қызметі сайтына кіру үшін алдымен Internet  желісіне қосылып, web- шолғышты іске қосамыз да, мекен жай жолағына пошта серверінің мекен жайын енгіземіз.

Егер сіз mail.kz пошта қызыметін таңдасақ, шолғыш терезесінде алдымен толтырып, тіркелу қажет нысанды көреміз. Бұл үшін Тіркелу сілтемесін шерту қажет.

Өрістерді мына ретпен толтырамыз.

Сіздін логиніңіз: Сіздің пошта жәшәгіңіздің бірегей атауы- әрқашан латын әріптерімен жазылады- мысалы, askar_1990.

Шынайы атыңыз: Сіздің хатыңызға қойылатын қолтаңба.

Құпия сөз: Пернетақтаның рұқсат етілетін нышандары, мысалы, 1990 (қойын кітапшаға жазып алған дұрыс болар).

Құпия сөзді қайталау: 1990.

Тіркелу батырмасын басамыз, бұл кезде серверде «1990» деген құпия сөзі бар

askar_1990@mail.kz атты пошта жәшігі жасалады.

Егер Сіздің логиніңіз бірегей емес болса немесе сіз рұқсат етілмейтін құпия сөзді еңгізсеңіз, қате туралы хабарлама шығады да Сізге өз логиніңізбен құпия сөзіңізді қайта еңгізуге тура келеді.

Жаңа сабақты бекіту: Оқушылар өткен сабағымызды мына сұрақтар арқылы қортындылайық.

Логин дегеніміз не?

Жауабы: Сіздің пошта жәшігіңіздің бірегей атауы.

Үйшік атуы неше деңгейден тұрады?

Жауабы: Кем дегенде 2 деңгейден тұрады.

Пошта қызметі сайтына қалай кіреміз?

Жауабы: Internet  желісіне қосылып, web- шолғышты іске қосамыз да, мекен жай жолағына пошта серверінің мекен жайын енгіземіз.

Практикалық жұмыс:

Тапсырма1: Әр оқушы өзіне электрондық адрес ашыңыздар.

Тапсырма2: Әр қайсысыңыз akjkazschool@mail.kz адреске төмендегі мәтінмен хат жазыңыз:

Мен _____________________ интернетте өз электрондық адресімді аштым.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру

Жекелеген тегін пошта мекен жайын алу осы тақырыпты қайталап келіңіздер.

Сабақ аяқталды сау болыңыздар!