Дыбыстық ақпаратты өңдеу Фонограф ойнатқыш

97

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу  Фонограф  ойнатқыш

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлды тыңдау үшін Windows Wedia ойнатқышымен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
  • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
  • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?
  • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?
  • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
  • Калькулятордың қандай түрлері бар?

Жаңа түсініктер:

Фонограф программасы

Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табылатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.

Іске қосу. – пуск – программы-стандартные-мультимедиа-фонограф.

Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:

1.Бас жағына өту

2.аяқ жағына өту

3.ойнату

4.тоқтату

5.жазу

Ақпарат WAV  кеңейтілуі бар файлға жазылады.

Компакт – дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу

Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы  бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні СД-РОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.

 

  1. Интерактивті тапсырмалар

Оқушылар ұяшықтарды таңдайды

  • Тапсырма Компьютер ( ұяшықтар саны 7)
  • Тапсырма Бағдарламалық қамтамасыз ету (ұяшықтар саны 7)
  • Тапсырма Стандартты қолданбалы бағдарламалар (ұяшықтар саны 7)
  1. Интерактивті тапсырма (Тест)

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
  • Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?
  • Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
  • Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?
  • Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?
  • Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Үйге тапсырма:    Фонограф программасы.