Дербес компьютер. Компьютердің құрылымы

387

Сабақтың тақырыбы:  Дербес компьютер. Компьютердің құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:              Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ-мен, ТЖҚ-мен таныстыру.

Дамытушылық: Деректерді бағдармалап, өңдеуге арналған электронды құрылғының негізгі блоктарына түсінік беру, оны құраушы құрылғыларымен таныстыру және қосып-өшіруді көрсету арқылы, оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік:              Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасып, түгендеу.

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

2.1-тақырыпты сұрау.

  1. Өткен материалды қайталау сұрақтары:
  • Ең ерте заманғы есептеу құралы қалай аталады?
  • Есепшот Ресейде қай ғасырлары пайда болған?
  • «Компьютердің атасы» атанған ғалым кім?
  • 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым кім?
  • Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы және қайда жасалды?
  • 1971 жылы алғаш микропроцессорды жасаған АҚШ-тың фирмасын қалай аталады?
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютердің құрылысы

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз жұмыс істей алады.

Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасында дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем т.б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.

 

 

 

Жүйелік блок

Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді. Жүйелі блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.

Монитор

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай  Монитор деп атайды. Алғаш рет 1982 жылы жасалды.

Процессор

Процессор-ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғы. Ол жүйелік блокта орналасқан. Компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”.

 

Пернетақта

Пернетақта – бұл ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы. Функционал, символдық, цифрлық немесе қосымша, меңзерді басқару пернелерінен тұрады.

 

Жедел жад

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады (ОЖҚ). Жедел жад қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады.

Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ)-бұл компьютердің ішкі жады, оны компьютердің ішіне құрастырушы фирма орнатады. Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жады.

Жедел жад екіге бөлінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютер сыртқы ортамен қатынасуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек, бұлар – мәліметтерді енгізу мен нәтижелер шығару құрылғылары.

Енгізу-шығару құрылғылары. Бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсіне алатын түрде шығарылады.

Енгізу құрылғыларына: пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу аспаптары, жарық түсіретін қалам, сканер жатады.

Шығару құрылғыларына: принтер, дисплей, графиксалғыш жатады.

  1. Тапсырмалар:

Жұмыс дәптеріндегі 2.2. 1,2,3,4,5 тапсырмаларды орындау.

  1. Сабақты бекіту сұрақтары:
  2. Қандай құрылғылырсыз компьютер жұмыс жасамайды?
  3. Компьютердің барлық жұмысын басқаратын құрылғы қалай аталады?
  4. Жедел жад қандай қызмет атқарады?
  5. Компьютерді іске қосқанда алдымен ақпарат қайдан алынады?
  6. Енгізу-шығару құрылғыларына нелер жатады?
  7. Сабақты бағалау.
  8. Үй тапсырмасы: компьютер құрылғыларына байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыру.