Дебат-пікірталас ойыны.

2140

Дебат-пікірталас ойыны.

Негізгі мақсаты:оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениет-тілікке тәрбиелеу.

Негізгі ережелер:құрылымды сақтау,әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық.

Карл Поппер форматындағы дебат.

Кейс.

1.Саяси кейс(рр);

2.Құндылық кейс(варо).

Саяси кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ұсынады)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)

4.Мәселе (проблема)

5.Мәселе өзектілігі

6.Себептер (мәселенің себептері,кем дегенде үшеу болу керек)

7.Шешу жолдары (әр себепке шешу жолын ойлап табу)

8.Атқарушы органдар (мәселелерді кім шешетінін айту)

9.Қаржы (мәселені шешуге қажет қаражат)

10.Уақыт (жұмыстың қай аралықта жүргізілетіні)

11.Нәтиже (қорытынды)

ü Мәселені шешуге арналған жоспар құрылады.

 

Ойын барысы:

Спикер Уақыт Спикердің рөлі
1 Жақтаушы 1 6 минут Команданы таныстырады. Кейспен  таныстырады.
2 Даттаушы3-Жақтаушы1 3 минут Даттаушы 3 Жақтаушы1-ге сұрақтар қояды.
3 Даттаушы1 6 минут Өз командасымен таныстыру. Жақтаушы 1-дің кейсін (келіспейтін жағдайларын) даттап, қарама-қарсы өз командасының кейсімен таныстырады.
4 Жақтаушы3-Даттаушы1 3 минут Жақтаушы3 Даттаушы1-ге сұрақтар қояды.
5 Жақтаушы 2 5 минут Даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді.
6 Даттаушы1-Жақтаушы2 3 минут Даттаушы1-Жақтаушы2-ге сұрақтар қояды.
7 Даттаушы 2 5 минут Даттауды жалғастырады.Жақтаушы 2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктеме-лерін айтады.
8 Жақтаушы1-Даттаушы2 3 минут Жақтаушы1 Даттаушы2-ге сұрақтар қояды.
9 Жақтаушы 3 5 минут Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.
10 Даттаушы 3 5 минут Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

 

  • Қосымша 8 минут беріледі.(Дайындыққа,сұрақтар дайындауға )

 

Құндылық кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ақталады деп есептейді)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)

4.Философия ()

5.Аргументтер()

6.Қорытынды.

ü Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт) саяси кейспен ұқсас.

ü Дұрыс-дұрыс емес,ақталады-ақталмайды формасында қарастырылады.

Ескерту:

v Командалар жақтау мен даттау позицияларына дайын болу керек.

v Позиция ойынға 15 минут қалғанда анықталады

(теңге лақтыру арқылы).

Қызылсая орта мектебінде қазақ тілі семинарында           өткізілетін дебат ойынының тақырыптары:

1.Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмі(І ойын),

2.Орыс тілін ресми тіл статусынан алып тастау ақталады ма?.