Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы

103

      «Сәтбаев қаласы  №16 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

                                 

 

 

 

 

 

 

 

                  А  Ш  Ы  Қ     С  А  Б  А  Қ

 

                                            Тақырыбы:

Мұзбалақ  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы  

                   (ғылыми  конференция сабағы)

 

 

 

 

 

                                                  

                                             өткізген: қазақ тілі мен әдебиет

                                             пәнінің мұғалімі З.К.Хасенова

                                                                 9 «В»  сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

                          Сәтбаев қаласы, 2012 – 2013  оқу жылы

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

Мұзбалақ  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы  

                   (ғылыми  конференция сабағы)

 

 

Сабақтың мақсаты: Ақын Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен шығырамашылығын  зерттеу, оқушыны шығармашылық ізденіске үйрету.

 

Сабақтың түрі: Ғылыми конференция сабағы.

 

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке  жұмыс,  сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы,

 

Сабақтың көрнекілігі: портреттер, плакаттар, буклет, кітап көрмесі

 

 

 

 

С А Б А Қ Т Ы Ң      Б А Р Ы С Ы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Сынып оқушыларын түгендеу.

3.Топқа бөлу.

 

Мұғалімнің  кіріспе сөзі:

                          Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халықымның өзі айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен  жауып өзіне қайтарамын,-

деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи  байланыс мықты.

Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады. Біресе сәбише  шаттанып, біресе қайғысын қара жер  де ауырсынғандай  кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен  ғана ұқтырған сәл  мұңдылау түрінде қарсы алдыңда батыр тұлғасымен қасқая қарап  тұрғандай. Мұнайшы да Мұқағали  әнін  салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырларымен айта алмай жүрген ойларын  жұртқа естіртеді. «Әу» деп ән салатындардың  айта  алмай  жүрген ойларын  жұртқа  естіртеді. «Әу» деп  ән салатындардың бәрі Мұқағалидың сөзіне әуен шығарады. Тарбағатай мен Атырауда, Баянауыл  мен  Қазығұртта жүрсе де, қазақ атаулы желісіне үйірілген құлындай Мұқағали жырымен табысып, шұрқырасып жатқаны. Нағыз өнер құдіреті  деген осы. Мұндай ақыны  болған  халық- бақытты  халық.

                                            

                                                                               (Фариза  Оңғарсынова)      

 

 

                                       Сабақтың   барысы:

 

ІІ. Сыныпты топқа бөлу

 

1 топқа: Әдебиетшілер  тобы

(Азиза, Аяжан, Айжан, Елдос, Мадияр, Айдана, Әлімжан, Бибарыс,

Мақсұт, Қуаныш, Аруан)

 

2 топқа: Ақындар тобы

(Мадина, Перизат, Мадина, Жан, Аслан, Айдар,

Ғалымжан, Эльмира, Жангүл)

 

 

ІІІ. Ғылыми   конференция  сабағы.

 

1 топқа: Әдебиетшілер  тобы

 

1-оқушы: ХХ ғасырдың  екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын  Мұқағали  Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына  қарасты  Қарасаз ауылында дүниеге келген.Балалық шағы сұрапыл соғыс  жылдарына тұстас келді.

Мұқағали –жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне  бойлап, өзіне дейінгі ақындарды  пір тұтып, орыс  пен Еуропа, Шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.

 

2-оқушы: Мұқағали Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:

  • Менің қымбатты достарым ! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды

зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай… Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге  тиіс деп ойлаймын.»

                                                                                 (14 ақпан, 1976 ж)

 

3- оқушы: Ол 1931 ж 9-шы ақпанда  Алматы облысы,  қазіргі  Райымбек  (бұрынғы  Нарынқол) ауданының  Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар  бойынша ақынның  туған күні ақпанның  9-да тойланады.Бұған тиісті ақынның анасы Нағима апай былай деген: «Мұқағалиым  1931 жылы наурыз  айының  8-де дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз  тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.»

 

 

4-оқушы: Мұқағали  Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты  Оразақын  Асқар  ақынның екінші туған күніне  байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл  куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі  сайлау науқанына  байланысты  өзі жаздырып  алған екен.» (1)

 

 

 

 

5- оқушы:  Азан  шақырып қойған аты-Мұхаметқали.(2)   Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда  сушы, шалғышы  болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы  мен алғашқы інісі  ерте көз жұмған. Соңғыларының  есімдері –Тоқтарбай  мен Көрпеш. Қазақ  дәстүрі бойынша  үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен  тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын  жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын  тағдырдың ащы дәмін ерте татады.

 

6-оқушы: Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары  оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын  туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның  кез келген  шығармаларынан  жердің, елдің  биік  рухы  сезіледі.

 

7-оқушы: Хронология

 

1948-49  ҚазМУ-дың  филология  факултетінің  студенті;

 

1948- оқуын  тастап, Шибұт  ауылында  ауылдық кеңестің хатшысы;

 

1949— көктемде  жары Лашынмен отау құрды;

 

1949- «Советтік  шекара»  газеті ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала» — Әкітай» деген өлеңдерін жариялады;

 

1950- Алматыдағы  Шет тілдер институтының неміс тілі фауультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық  жағдайына  байланысты  оқуын  тастайды;

 

 1954- Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып  тағайындалады, осы жылы ақынның үш  өлеңі «Әдебиет  және искусство»  журналында  жарияланды;

 

1957-Республикалық  радионың  диктор қызметін атқарады;

 

1960-62- «Советтік  шекара» газетінің бөлім меңгерушісі;

 

1963-1965 –«Мәдениет және  тұрмыс» журналында  жұмыс  істейді;

 

8-оқушы: Ол  1962 жылы  Алматыға қоныс  аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ  мемлекеттік  университетінің филология факультеттерінде  оқып  және Мәскеудегі  М.Горький  атындағы әлем әдебиеті институтында  білім  алады. Мұнан соң  «Социалистік  Қазақстан»

(қазіргі «Егемен  Қазақстан») газетінің,  (1962-1963 ж) «Мәдениет  және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), (1963-1965 ж ) «Жұлдыз», (1965-1972 ж) журналының  редакциясында, (1972-1973 ж) Қазақстан  Жазушылар одағында  қызмет атқарады.

 

9- оқушы: Мұқағали  Алматыдағы қазақ  әдебиеті  мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген  аз ғана жылдар ішінде  өзіндік дара  үнін, суреткерлік  қайталанбас  дарынын танытып, өнімді еңбектене білді.

 «Ильич» (1964), «Армысыңдар  достар» (1966), «Қарылғашым  келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар  ұйықтағанда»  (1973), «Шуағым  менің» (1975) атты  жыр жинақтарын  көзінің  тірісінде  жариялап үлгерді.Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры  туған елі, өскен  жері, Отан  тағдыры, замана  тынысы, замандастарының  арман аңсары. Осының  бәрін Мұқағали  жас дарынға  тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық  мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен  тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен  бедерлеп, өлмес  өнер деңгейінде  туындатып  отырған.

 

10- оқушы:  Мұқағалидің  «Қарлығашым, келдіңбе?», «Дариға  жүрек»         (1972 ж), «Аққулар  ұйықтағанда», «Шуағым  менің» (1975 ж),              «Соғады  жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен»,             «Өмір-дастан»  және т.б. жыр жинақтары бар, сондай-ақ, «Қош махаббат!» (1988 ж) атты прозалық  кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды.

 

 

 

2 топқа: Ақындар тобы  «Мұқағали-мәңгілік  жыр»

 

1-оқушы: ХХІ –ғасырдың  төл перзенті  және қазақ поэзиясындағы творчествосы  күрделі  нар ақындардың бірі- Мұқағали Мақатаев.

Бүгінгі  таңда  Мұқағалидың  поэзиясы  адамның жансарайын  жаңғыртып, ой-санасын сәулелендіріп, болмыс-бітімін  жаңаша  жасандыра, жарқырата  түсетін нақты  рухани күшке  айналып  отыр.

М.Мақатаев   қай өлеңінде, қай  дастанында  болсын  ел алдында  еркін  сөйлеп, емірене  еркелеп, тосылмай  толғап, жан  сырын  жайып  салатын  ақын.

 

 

 

 

2-оқушы: Қазақ  халқы  өзінің  бар  арман-мақсатын, мұң-қайғысын, үміт-тілегін  Мұқағали  мұрасы  арқылы  жалғанның  жарығына  жария етті. Оның  өлеңдеріндегі  образ- кілт  сөздің  қайталанып келуі  музыкалық  өрнектің  де міндетін  атқарғанын, кейіннен ақын  жырларына  жазылған әуен-саздарынан байқалады.

 

 

 

                        

 

3-оқушы:М.Мақатаев  бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне  бөленген сүйікті ақыны. Ақын  жүрегін жарып шыққан ойлы  жырлар кім-кімнің де көңіл  пернесін  дөп басып, жанына майдай  жағып, сыр  бөлісуге  шақырып  тұруы  қандай  ғажап. Жырларының  бағасын, құдіретін  ақынның өзінен асырып  айта алмаспыз.

 

Мұқағали  өзінің туған жері «Қарасазды»  былай  жырлаған еді:

 

Мен  туған жер-Қарасаз, баурайдағы,

Жалғанда  жер біткеннің бал қаймағы.

Есім кетіп  жүргенде  ес білдірген,

Жаралған  жұлдызым  ғой маңдайдағы.

Бақытым  ғой «Қарасаз» келіп, қонған,

Кисем-киім, ішсем-ас, көлік болған,

Мендей  ұлдың осы жер мыңын тауып,

Әлі күнге  мыңына жерік  болған.

 Ия, өлең үшін өмірімен  де, кеудесі өр, көңілі көр кейбір «пенделермен де» күресіп  өткен ғажайып  ақынның қай қырын айтып тауысарсың. Мұқағали туралы ойлағанда  оның  еркелігі, Қарасаздың  Қарасуындай  мөлдірлігі, қазақ  даласындай  жомарттығы, баладай сенгіштігі, әсіресе өзінен кішілер алдындағы  инабат –ізеті алдымен есіңе түсіп, жан-жүрегіңді  елжіретеді.

 

 

 

5-оқушы: Туған халқының  арман-мақсатын терең түсінген, толғай  жазған, сөйтіп жанының  жыршысы  болған ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  екінші өмірі- мәңгілік  ғұмыры  енді басталып отыр. Өлмес  өнері –өлеңімен жалпақ елінің  жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне  бөленген  ұлы перзентінің  ұрпаққа  ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық.

 

 

6-оқушы:    «Бәрін де қойшы»

 

Өмір- ай, деймін,

Өмір-ай, деймін  кейде мен,

Күндер де өтті,

Ойнайтын  қыста жейдемен.

Кездер  де кетті біреулер маған «Ей!» деген,

Кездер де жетті біреулер сіз деп сөйлеген.

 

Бәрін де қойшы…

Қозы-түс өтті аяулы,

Тал түс те кетті, бесін де міне таяды.

Мына жалғанда  не қалар дейсің баянды,

Кезекпе –кезек бәрі де жылжып таярды.

 

Мұны да қойшы.

Махаббат  шіркін суытты-ау!

Мен-дағы оны,

Ол-дағы мені ұмытты-ау!

Аңсаған жүрек алдаса-дағы  қаншама,

Махаббаттан да, аспанның  айы жуықтау.

 

Бәрін де қойшы…

Бәрі де өтер тоқтаусыз,

Өмір ме өмір?

Өнбей де өспей, жоқ-барсыз?

Кезегім келіп,

Кеткенде  келмес сапарға,

Хабарсыз, ізсіз қалмасам екен жоқтаусыз…

7-оқушы:           «Қуаныш»

                                                             

Керімсал  менің кең өлкем,

Жетемін саған мен ертең.

Аймалап мені қарсы  алар,

Желпуіш –самал, жел-еркем,

Саялы, салқын көлеңкем.

Бұлғаса  жаулық  тауларың,

Таранса  шашын талдарың,

Тербелсе  ойда орманың,

Оранса  гүлге жан-жағым,

Одан  жоқ  басқа  арманым.

Жүрегім менің алып ұш,

Барады өртеп сағыныш.

Қайнардың тастай суынан,

Қанғанша  жаным қанып іш.

Жетемін ертең ауылға,

Ағайын, туған, бауырға.

Туған жер болар құс төсек,

Аспаның-көрпе, жамыл да,

Дамылда, жаным дамылда,

Бақытты бір сол шағыңда.

 

 

8- оқушы:       «Қара өлең»

 

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін  демедім ешкімге мен.

Қазақтың  қара  өлеңі-құдыретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

 

Жат жерді жастанғанда жазатайым,

Қанымен  жазды, мүмкін ағатайым,

Қасиетіңнен  қара өлең айналайын,

Қазақтың  дәл өзіндей қарапайым.

 

Түзу-түзу  жыртылған  аңыздайын,

Аңызыма  неге нәр тамызбайын.

Қара  өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын.

 

Ақынмын  деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын  қайталадым.

Күпі киген  қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын

 

9- оқушы:               «Елім барда»

 

Не сыйлады, не береді келер күн?!

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын  мен  елдің,

Көгендегі  қозысымын мен елдің.

 

 

 

Не сыйласын, несін берсін  ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар-менің  таусылмайтын бақытым,

Ал  ырысым-ұланғайыр кең  далам.

 

Не істемекпін алтын, гауһар,жақұтты?

Оларды  іздеп  өткізбеймін уақытты.

Мен  бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты!

 

 

 

 

 

   10-оқушы:           «Анау –аспан, мынау-бақ»

                        

                               Анау –аспан, мынау-бақ,

Аспанда  бұлт, бақ жадау.

Мамық ұшты қылаулап,

Қыс та келіп қалған-ау.

 

Аспан, жердің арасын,

Дәрігер қыс алуда,

Табиғаттың  жарасын

Ақ  дәкемен  таңуда.

 

Тоңдырып ап маңдайын

Тағы  көйлек  сұрап  жүр.

Бақты кезіп  тал қайың

Жалаң  аяқ  жылап  жүр.

 

Қу  бұтағын құшақтап,

Түксиеді  кәрі емен.

Қыс-тазалық, қыс-аппақ,

Әрі өкініш, әрі өлең.

 

11-оқушы:             «Сәуір  айы»

             

                    Сабылып  келді міне, сәуір айы,

Сәуір айы- қазақтың  тәуір айы.

Жылайды  да тұрады жылаңқы бұлт,

Бара жатыр не болып ауа райы?!

 

Ақ нөсер, өткіншісі-бәрі  дайын,

Сабылтып келген мына сәуір айын,

Құтты көріп, диқандар құптағанмен,

Малшылар салып отыр сары уайым.

 

Жылап  тұр, жылаңқы  бұлт  сабылып тұр,

Сағынып  тұр күн нұрын, жабығып қыр.

Бірде жауын, біресе қарға айналып,

Сәуір  айы  малшыға  қағынып тұр.

 

 

 

12- оқушы:               «Барлығы да сендердікі»

 

Сендердікі  -өмір, қоғам, заманда,

Сән түзеген қалаң менен далаң да.

Барлығы да мұра болмақ әмәнда,

Болашақ  деп аталатын адамға.

 

Қабылдаңдар  қазынаны  біз берген,

Қиындықты  көрмесеңдер  біз көрген.

Бұл  өмірде  сақтау үшін  сендерді,

Бабаларың  үйде  туып, түзде  өлген.

 

Сендер-дағы өздеріңше күресіп,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің.

Болашақты жалғау үшін болашақ,

Бола жатар сендердің де үлесің.

 

Барлығы  да сендердікі, барлығы,

Табыстаймыз жансыз  бенен жандыны.

Армысыңдар, ата  ұрпақтың  тағдыры!

Армысыңдар, жаңа  атқан  таң нұры!

 

 

ІҮ. Қорытындылау: Слайд көрсету.