МҰХТАР ӘУЕЗОВ «АҚЫН ҚОНАҚТАР»

90

 

МҰХТАР ӘУЕЗОВ «АҚЫН ҚОНАҚТАР»

 

 

А.О. Жакупова,

№23 орта мектеп, Семей қаласы

 

 

 

 

Мақсаты:Оқушының танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, Абай туралы,  М.Әуезов туралы білімдерін кеңейту, шығарманың толық мазмұнын білу, идеясын ашу

Міндеттері:

Білімділік:М.Әуезов туралы мәліметтер ала отырып «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнынан Абайдың балалық шағы, ғылымға, өнерге деген құштарлығының дамуын танып біледі. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады.

Дамытушылық:Жазушының Абайды танытудағы азаматтық мұратын айқындайды. Шығарманың тіліне, портрет жасау шеберлігіне тоқталады.

Тәрбиелік:Дүниетанымдары артады. Көркем шығарманыоқуға құштарлық сезімдері оянады. Бала Абайға еліктеу, халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқуға, кітапханамен байланыс сезімдері артады. Ұлттық құндылықты бағалайды.

Көрнекіліктер:Ақын портреті, шығармалар жинағы, фото-суреттер, цитаттар. Слайд және интерактивті тақтаны қолдану.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет теориясы, тарих, география, өнер.

Әдісі:СТО технологиялары

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Қызығушылықты ояту:Аквариум әдісі (тақтаға екі оқушы шақырылады, мұғалімі сұрақ қояды)

Қонақ деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар? Қонақты қалай күтеміз?

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. М.Әуезов кім? Қай жерде туған?
  2. Кімнің тәрбиесінде өскен?
  3. Кімнің шығармаларын жаттап өседі?
  4. Қандай атақты шығармасы бар?
  5. Абай рухымен ер жетті дегенді қалай түсінесіңдер?
  6. Француз жазушысы не дейді?
  7. Мағынаны ажырату:М.Әуезов «Абай жолынан» үзінді.

Ақын қонақтар

Оқушылар әңгімені оқи отырып әр бөлімге тақырып қояды, әңгімелейді.

  1. Абайдың науқас күйі. Келбеті
  2. Зере мен Ұлжан әңгімелері
  3. Құтты қонақтардың жырлары
  4. Ақын Барластың сыйы, батасы
  5. Ақындарға ризалық

 

Слайд ашу, экранда Абайдың 13 жасындағы портреті, Зере әже немересімен түскен портреті, ақын қонақтар портреттері көрсетіледі.

 

 

  1. Ой толғаныс: Пысықтау сұрақтары
  2. Абай қалай сауығып кетті?
  3. Абайға әсер еткен ең сұлу жыр, әсерлі жыр, күшті жыр-қай жыр?

(Қобыланды жыры)

  1. Жырды айтқанда Абай қандай әсер алады? (Мәтіннен тауып оқы)
  2. Әңгіме адамға шаттық сыйлайды дегенді қалай түсінесің?
  3. «Халық өнерінен нәр алған» дегенге тоқтал.
  4. Жас Абай сияқты өздерің қандай ертегі жырлар оқыдыңдар?
  5. Бұл эпизод М.Әуезовтың қай шығармасынан үзінді?
  6. Портрет дегеніміз не? Абай портретін жатқа оқу?

 

Кітаппен жұмыс портреттер табу, Барлас, Байкөкше ақындардың портретін тауып, дәптерге жазу.

Экранда: Портрет-көркем әбебиетте адамның сырт бітімін, кескі- келбетін, жүріс-тұрысын суреттеу.

Сабақты аяқтау: Оқушылар жеке тапсырманы орындайды, жұпта бір бірімен салыстырады, тақтада қорғайды.

 

Зере әжесінен естіген әңгімелер Барлас, Байкөкше ақындардан тыңдаған жырлар
«Еділ- Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген», «Қожаберді ақын», «Мамыр, Еңлік» қайғылары,

«Жүсіп-Злиха» қиссасы

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»,

«Қобыланды батыр» жыры т.б.

 

Үйге тапсырма: М.Әуезов «Абай жолы»  Абай портретін жаттау.