Delphi ортасында Main Menu және Popup Menu компоненттері

110

Сабақ тақырыбы:  Delphi ортасында  Main Menu және  Popup Menu компоненттері

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға  Delphi ортасында  компоненттер туралы  түсіндіруін

әрі қарай жалғастыру;

2.Оқушыларға формалаға Main Menu және  Popup Menu

                                  компоненттерін орнатуды  үйрету;

3.Оқушылардың программалау тіліне қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:   практикум элементтері бар түсіндірмелі –көрнекілікті

 

Программалық дидактикалық қамтылуы: дәптер, компьютер, Delphi бағдарламасы

 

Сабақ барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезені.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  • Форма дегеніміз не? (Жаңа жоба ашылғаннан кейін экранның ортасында форма конструкторы орналасады. Форма – қосымша терезесі, Delphi ортасында кездескен бірінші нысан.)
  • Форма арасында қалай ауысу керек?( Форманың арасында, кодты өңдеу терезесі мен нысандар инспекторының арасына ауысу F11 функционалды пернесінің көмегімен орындалады. Форма мен кодты өңдеу терезесінің арасындағы ауысу F12 батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.)

 

  1. Жаңа тақырыпты талдау.

 

Компонент- тұтынушы интерфейсінің пішінге  түсіруге  болатын  элементі. Ол батырма, мәрін, түрлі мәліметтер енгізуге болатын өріс, төмен түсетін тізімдер –жалпы терезеде көрінетін нәрселердің бәрі. Терезелерді сыртқы қалыптастыратын компоненттері визулды (көрінетін) деп аталады.Онан басқа компоненттер палитрасында көрінбейтін, яғни, бағдарлама орындалу барысында көрінбейтін компоненттер де болады, олар көрінбейтін деп аталады, бірақ түрлі фондық қызмет атқарады.

ТMain Menu — қосымшаның басты мәзірін көрсетеді.Бағдарлама пішінін ТMain Menu компонентін қосқаннан кейін оны баптау керек. Ол үшін батырманы ерекшелеу, оң жағын басып, Menu Designer (Мәзір құрастырушысы) қатарын таңдайды. Экранда мәзір элементтерін толтыру қажет болатын терезе пайда болады. Элемент құру үшін мауспен мәтін енгізетін аймақты шертіп, мәзір қатарының атын енгізу керек. Жазу енгізіп болған кезде экранда оң немесе төменгі жағынан келесі элементті енгізетін аймақ пайда болады. Осы аймақтарды толтыра отырып, сіз біртіндеп сіздің мәзіріңіздің құрылымын жасасайсыз.

қасиет түсініктеме
Name Компоненттің атауы. Бұл атау бағдарламадағы компонентке және оның қасиетіне қол жеткізу үшін қолданылады.
Caption Мәзір элементінің атауы
enabled Мәзір элементіне қол жеткізу белгісі. Егер қасиет мәні жалған болса, онда пункт атуы инверсті түспен беріледі және оны басқанда   Click оқиғасы орындалмайды
Bitmap Қасиет мәзір пунктінің сол жағында орналасқан суретке ВМР форматын береді
ShortCut Қасиет батырмалар бірігуін көрсетеді, оларды басқанда мәзірдің сәйкес пункті таңдалады.
Visible Мәзір қатарын көрсету немесе жасыру белгісі
Image Index ТImage Index  компоненттер коллекциясындағы сурет нөмірі

 

 

TРopur Menu компоненті – жаңама мәзір құратын компонент

қасиет түсініктеме
Name Компоненттің атауы. Бұл атау бағдарламадағы компонентке және оның қасиетіне қол жеткізу үшін қолданылады.
Caption Мәзір элементінің атауы
enabled Мәзір элементіне қол жеткізу белгісі. Егер қасиет мәні жалған болса, онда пункт атуы инверсті түспен беріледі және оны басқанда   Click оқиғасы орындалмайды
Bitmap Қасиет мәзір пунктінің сол жағында орналасқан суретке ВМР форматын береді
ShortCut Қасиет батырмалар бірігуін көрсетеді, оларды басқанда мәзірдің сәйкес пункті таңдалады.
Visible Мәзір қатарын көрсету немесе жасыру белгісі
Image Index ТImage Index  компоненттер коллекциясындағы сурет нөмірі

 

  1. Жаңа тақырыпты пысықтау

1-тапсырма. ТMain Menu және TРopur Menu компоненттерін пайдалану

 

procedure TForm1.N1Click(Sender: TObject);

var c, a, b: real;

begin

a:=StrToFloat(Num1.Text);

b:=StrToFloat (Num2.Text);

c:=A+b;

Rez.Text:=FloatToStr(c);

end;

procedure TForm1.N2Click(Sender: TObject);

var a,b,c: real;

begin

a:=StrToFloat(Num1.Text);

b:=StrToFloat (Num2.Text);

if b<>0 then

begin

c:=A/b;

Rez.Text:=FloatToStr(c);

end

else

begin

ShowMessage (‘ Санды 0-ге бөлуге болмайды!’);

Num2.Text:=»;

end;

end;

procedure TForm1.N3Click(Sender: TObject);

begin

close;

end;

procedure TForm1.N4Click(Sender: TObject);

begin

close;

end;

procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);

begin

ShowMessage(‘Есептегіш’);

end;

end.

 

  1. Үйге тапсырма: лекцияны оқу
  2. Бағалау