ӘР САБАҚ – БІР ӘЛЕМ

205

Батыс Қазақстан обылыс Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиысының әдебиет пәнінің мұғалімі  Гусманова Шара Алтайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘР САБАҚ – БІР ӘЛЕМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр сабақ – бір әлем

 

Қаратөбе мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Гусманова Шара Алтайқызының

іс-тәжірибесінен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаратөбе – 2010

 

Қаратөбе мектеп-гимназиясының әдістемелік сараптама кеңесінде қаралып, басылымға ұсынылды.

Хаттама №2   10 қараша 2010 жыл

 

 

 

 

 

 

 

Авторы: Гусманова Шара Алтайқызы – Қаратөбе мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Рецензенттер: Қалкенова Гүлжанат Берікқызы – Қаратөбе мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Қойшиева Мөлдір Дулатқызы – Қаратөбе мектеп-гимназиясы гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-тәжірибеде мұғалімнің оқытудың озық технологияларының бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы негізінде өткізген сабақтар топтамасы жинақталған. Бұл жинақ оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру, ойланту, іздендіру, өз пікірін, көзқарасын қорғауға үйрету арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған интерактивтік жұмыстарымен құнды. Өзіндік танымдық жұмыстар интеграциялық білімге негізделген. Мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

 

Сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі — міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса,  бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты — өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ. Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм

 

Мақсаты: Эвфемизмдердің тілдік сипатын таныту;

Ұлттық салт-дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету;

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Талдау, өз бетімен жұмыс, жинақтау, салыстыру

 

Барысы: Ұйымдастыру

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.»

(Олжас Сүлейменов)

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Халқымыздың бүкіл арман-мақсаты да, таным- түсінігі де, өткенінің ізі де сөз өнерінде жатыр. Барлық тағылым-тәрбиесі де, білімі де, болашаққа деген аманаты да сөз арқылы берілген.

Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.»

(Олжас Сүлейменов)

Үй тапсырмасын тексеру

Жалпы, тіл ғылымынан сөздердің  бірінің орнына бірі жұмсалу құбылыстары бар екенін білесіңдер. Қазір «Дөңгелек үстел» жасап, осындай тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.

Ауыспалы мағыналы сөздер – Синонимдер – Табу сөздер

Мысалы: Ауыспалы мағыналы сөздер – Бастапқы мағынаның негізінде туған туынды мағына – «Арыстан еді Исатай» — Ер жүрек

Синонимдер – Мағыналары жуық сөздер – Сұлу — Әдемі

Табу сөздер – Атауға тыйым салынған сөздер – Қасқыр – Жаман ауыз

 

 

 

 

Ұлттық тәрбиенің тілдегі тағы бір көрінісі – біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

ЭВФЕМИЗМ

Мағынаны тану

Түсіндірме күнделігі арқылы жаңа тілдік атаудың мәніне ой жіберіп көрейік.

Түсіндірме күнделігі

 

Грамматикалық атау Шығу төркіні
Эвфемизм Грек тілі Eu

phemi

Жақсы

айтамын

 

Болжау

Қалай ойлайсыздар, қандай сөздерді жақсы етіп айтуға болады деп ойлайсыздар? Мысал келтіріп көрейік.

  • Дөрекі сөздерді

 

 

 

 

Өзіміздің осы түсінігімізді оқулығымыздың 47 бетінде көрсетілген теориялық түсінікпен салыстырайық, толықтырайық.

Insert кестесі

(Түртіп оқу)

 

V + ?
Дөрекі естілетін құбылыстарды

Сыпайы сөзбен ауыстыратынын

 

Эвфемизм деген атау Эвфемизмдердің өзге тілдік ұғымдармен қатысы

Көркем шығармалардағы қолданысы

 

 

 

 

 

Оқушы ізденісі

 

І топ

Білу, түсіну

Эвфемизмдердің сөздігін жасау

 

ІІ топ

Қолдану, талдау

Эвфемизмдерді пайдаланып, әңгіме құрау

 

ІІІ топ

Жинақтау, бағалау

«Эвфемизмдердің тәрбиелік мәні, қолданыс болашағы» деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырыңдар.

 

ІҮ топ (мұғалімдер тобы)

Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу

 

Ойтолғаныс

Венн диаграммасы

 

Табу Ортақ қасиеті Эвфемизм
Наным-сенімге байланысты

Салт-дәстүрге байланысты

Ауыстырып айту Адамгершілікке байланысты

 

 

Қорытындылау

 

Үй тапсырмасы: Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу

 

Сабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі

Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын игеру; Жанрлық ерекшелігін тану; Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ой-қиялын дамыту; Өзіндік көзқарасын, жазба әдеби тілін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, салыстыру, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: Тазша баланың суреті, Куб,

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

 

І. Қызығушылықты ояту

 

Ой шақыру стратегиясы

 

Өтірік айтып көрдің бе ?

 

(Оқушылардың әңгімелері тыңдалады)

Өтірік туралы қызықтар мұнымен шектелмейді. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», «Өтіріктің өрісі тар» Демек, жақсы әдет емес. Психологтардың зерттеулері бойынша бұндай әдетке адам бала кезінде үйір болады екен. Кейін басы «тасқа» соғылған соң қойып кетуге мәжбүр болады. Ал кейбіреулер оны өміріне жолдас етіп алады. Өтіріктің зияны қыруар. Қолайсыз жағдайға ұшырайсың. Абыройдан айырыласың. Қысқасы, ең жақсысы қолдан келгенше өтірік айтпауға тырысқан жөн.

Әрине, өтіріктің адамға залалсыздары да кездеседі. Оған мысал «Алдар көсенің бастан кешкендері» мен «Қырық өтірік» ертегісі. Олар қажет болған соң амалсыз айтылған өтіріктер. Күлкіге қарық боласың. Риза боласың.

Ал неге риза болатыныңды ертегіні талдай отырып, көз жеткізейік.

 

ІІ. Мағынаны тану

 

Кубизм стратегиясы (топтық жұмыс)

 

  1. Талдау (Ертегіге мазмұндық жоспар құру)
  2. Сипаттау (Тазша балаға мінездеме беру)
  3. Салыстыру («Қырық өтірік» ертегісін өзге ертегімен салыстыру)

 

ІІІ. Ой-толғаныс

 

Сұрақ қою арқылы талдау стратегиясы

 

Өтірік әңгімеден қандай құндылықтар аңғаруға болады ?

 

 

Үй тапсырмасы

 

Міндетті деңгей

«Қырық өтірік» ертегісін оқып, түсінгенін айту

 

Мүмкіндік деңгей

«Өтірік ертегі» мен 4 ауыз өтірік өлең құрастыру

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім туралы   «Адам ата»    

Сабақтың мақсаты: 1. Діни әңгімелерді оқи отырып, Ислам діні, Құран Кәрім туралы оқушылардың түсінігін кеңейту;

  1. «Адам ата» әпсанасы арқылы адамзат алдындағы оң бағыт пен теріс соқпақ, имандылық пен әзәзілдіктен дұрыс жолды таңдау керектігін ұғыну;
  2. Оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру;

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Түрленген сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс: Тарих

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

 

— Әр халықтың ұлттық болмысын, тіршілік ету тәлімін, өмірге деген көзқарасын, рухани өрісін, танымы мен нанымын жалпақ жұртқа жайып, өзін танытатын әрі мәшһүр ететін халықтың ежелден келе жатқан ескі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары болса керек. Талай ұрпақтардың ұлан-ғайыр көшін ұзатып салып, тар жол, тайғақ кешулі замана зобалаңдарынан өткен өрісті тарихымыздың өн бойында өшпей, өскін жайып, халық тірлігінің өзегімен өріле жасасып келе жатқан бұл қасиетті қазыналарымыз өзінің өміршеңдігімен тәнті етеді. Өйткені бұл бас иер киеміз халқымыздың тілі мен ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы мен наным-сенімінде бағы мен бары да, құты мен құдіреті де жатыр.

Біз өзіміз оқыған халық ауыз әдебиетіміздің асыл қазыналары тұрмыс-салт жырлары мен ертегілер, шешендік сөздер мен аңыз әңгімелерден де халқымыздың танымын білсек, қазақ фольклорлық прозасының жанры әпсана-хикаят, хиссалардан халқымыздың нанымын көреміз.

Әпсана — парсыша ертегі, хикаят арабша әңгіме, қисса арабша әңгіме, аңыз деген мағына береді. Еуропа әдебиеттеріндегі легенда деген ұғымның баламасы. Аңызға, мифқа, ертегіге тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады.

 

І. Қызығушылықты ояту

 

Құран Кәрім дегенде ойымызға не келеді?

  • Тарих
  • Әдебиет
  • Әдет-ғұрып
  • Салт-сана
  • Шариғат
  • Тазалық
  • Шипагерлік
  • Әділдік

 

ІІ. Мағынаны тану

 

Электронды оқулықпен жұмыс

  1. Түсінік
  2. Мәтін
  3. Сөздік
  4. Талдау
  5. Қосымша оқу

Түсінік

Жер бетіндегі халықтардың көбі бір Аллаға табынады, сыйынады. Осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Осы сенімнен дін тарайды. Дүние жүзіне кең тараған төрт ірі дін тармақтары Ислам, Христиан, Будда, Католик діндерінің бәрінің де өзегі – адамгершілік, тазалық.

Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға, яғни, Мұсаға – «Таурат», Ғайсаға – «Інжіл», Дәуітке – «Забур», Мұхаммед пайғамбарға – «Құран Кәрім» тапсырылады.

Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар ғалейһи-салам арқылы жіберген ақиқат жолы, дүние жүзіне ең ықпалды әрі кең тараған дін. Ислам арабша мойынсұну, амандық, татулық деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбарға түсірілген Құран Кәрімді өзінен бұрынғы кітаптардың растаушысы (барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел қамтиды.) және Жаратушының ең соңғы өсиеті деп санайды.

Мұсылмандар – Мұхамбет пайғамбардың үмбеттері.

Сөздікпен жұмыс

Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы.

Уаһи – хабар.

Сахаба – пайғамбарымыздың ислам дініне үлес қосқан серіктері.

Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.

Қари – Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

Ғайып – көзбен көрмесек те, жүрекпен, иманмен сезінетін әлем.

Сапиолла – Адам атаның шын есімі.

Уасуаса – азғыру.

Талдау

Дискуссиялық карта

Шығармадағы жақсылық пен жаман істерді талдай отырып, кестені толтыру

 

+

 

ІІІ. Ой толғаныс

«Соңғы сөзді мен айтамын»

Шығарманың ой түйінін анықта.

Үй тапсырмасы

Міндетті деңгейлі тапсырма

Әпсана-хикаятты мазмұндау

Оқулықтағы шығарма соңындағы тапсырмаларды орындау

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма

Адам ата мен Хауа ана екеуі тыйым салынған жемісті жемегенде не болар еді? (Шығарманың өз ойынша аяқтау)

Сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармалар тізімі

  1. Құран Кәрім
  2. Рабғузидің «Хисса сул әнбия»
  3. Ғ. Мүсірепов «Ана жыры» әңгімесі

 

Дискуссиялық карта

 

+
Адамды артық етіп жарату

 

 

Адамның шайтанның азғыруына еруі

 

Нұрдәулет

 

 

 

 

 

 

 

Дискуссиялық карта

 

+
Адамға жұмақта жақсы жағдай жасау

 

Шайтанның адамды азғыруы

 

Перизат

 

 

 

 

 

 

 

Дискуссиялық карта

 

+
Адамның жерге түсуі көбеюі үшін жақсы болды

 

Ібілістің адамға бас имеуі

 

Әлібек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар»)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көркем мәтінді оқыту; Сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ойын тұжырымдау; Әдеби тілін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

 

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады Күн ғана,

Таудың орнын баса алады шың ғана.

Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа

Керек болды Мұхтар сынды бір дана!

Ж. Әбдірашев

 

І. Қызығушылықты ояту

 

Ой шақыру

 

«Сіз әлі «Абай жолын» оқыған жоқсыз ба? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз…»

«… Бұл – таңғажайып, керемет, қандай тұнық поэзия! Проза жанрында жазылған осынау қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсайшы!»

Альфред Курелла

Неге бұлай айтқан деп ойлайсыз?

 

ІІ. Мағынаны тану

«Алтын сақа» ойынының үлгісінде

ТАБАЛДЫРЫҚ

  1. «Ол, яғни, Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.»

Ол кім ?

«Онысы – әсіресе, әжесі. Одан қала берсе, шешесі.»

  1. «Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты.»

Ол — қандай әңгімелер?

«Ол – осы ел ішінде Зеренің 1 жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер.»

  1. «Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес, іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ауыл адамы сияқты.»

Бұл – кім?

«Бұл — Барлас ақын.»

  1. «Мұның ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап, Абайға домбырасын ұсынды.»

Барластың батасы:

  • «Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің.»

ӘУДЕМ ЖЕР

 

  1. «Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Ол сондықтан бүгін ауылға жететін күні үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанына дән риза. Екі атқосшы жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп, «мен озам, мен озаммен» тепкілесіп, созыла берді. Бір белден асып, екінші белдің өріне қарай тоқтамай жарысып келе жатты.»

Байтастың мінгені және Жұмабайдың астындағы қандай аттар еді?

«Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дәмелі бәйге аттың бірі еді. Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі – Найманкөк деген, үлкен ақ көк ат болатын.»

 

  1. «Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді. Бұлар тағы да сілтесе бермек болды. Сөйтіп осы белдің ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бір дүсірді есітті.»

Бұл қай жер?

«Дәл Есембай биігінің тұсы. Және дәл Есембай жырасының өзі екен.»

 

  1. «Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да әкесінің қасына кеп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып, сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алды да суық амандасқандай болды.»

Әкесі қалай амандасты?

«- Балам, бойың өсіп ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?-деді.»

 

  1. «Тағы да шапшаң Қаратай: «Ал, шариғат бұл Қодар қылығына не бұйырады екен?»-деді. Құнанбай бағанадан төмен отырған жорға Жұмабайды енді ғана еске алғандай бұрыла қарап: «Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет риза хазіреттен фатуа сұрап келді,» — деді.»

Шариғат жолы бойынша бұндай іске қандай жаза бұйырады?

«Жазасы дарға асу депті.»

ҚОЗЫКӨШ

 

  1. «Әнеукүні Құнекең мына Сыбан ішіне топқа барса, сонда Солтабай төре осыны бетіне салық қылыпты. Мына кісі төреге насыбайыңды тасташы дегенде, анау: «мен насыбайымды тастайын…»

Бірақ сен не істе дейді?

«Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі шашты сайтаныңды сен де тыйсаңшы,» — деп бетінен алыпты дейді. Соған намысы келіп, Құнекеңнің қатуланып отырғаны әлгі ғой,» — деді Жиренше.

 

  1. ««Екі жарты бір бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік,» — деп, Құтжанға құран оқи келгенде Қодар зарын шақты да, қолына ұстап қалды. Қазір қоңыр атпен бар қара-құраны қосып жайып жүрген сол…»

Әңгіме кім туралы?

Бұл – осы ел ішіне кірме боп, әркімде жалда жүретін Қодардың бір шал жиені Жампейіс еді.

 

  1. «Оңаша алып сөйлескен Бектен деген бір сөзуар көсе: «Ел аузына кім қақпақ болады? Жел сөзге иланып алған Құнанбай саған қатты жаза бұйыратын түрі бар. Сүйіндік өз бауырын қисын ба? Саған мені әдейі жіберіп отыр. Сөз айқындап ашылғанша, тая тұрсын, бір жерге жалтара тұрсын дейді,» — деп келген.» 

Осыған Қодардың жауабы қандай болды?

«-Уа, кет, жоғал! Құдайдың кәрін көріп болған Қодар Құнанбайдың кәрінен қорқар деп пе едің? Жоғал әрман!» — деп айдап жіберген.

 

  1. «Тобықты көп рулы ел болғанымен, барлық үлкен шеңберінің таразысы осы отырған бес-алты адамның руларымен өлшенеді. Әсіресе, ру басы осы адамдардың өздерімен салмақтанады. Бөжей – қалың рудың адамы. Байсал да сондай мол рудың тұрғысы. Сүйіндік осы ағайынды елдер ішінде ең азының кісісі. Құнанбай әрі малды, әрі көптен бері Тобықтыны билеп-төстеп келе жатқан рудан. Қаратай болса, бұлардың барлығына алыстау ара ағайын тәрізді рудың атқа мінері.»

Осы ел ағаларының рулары

Бөжей – Жігітек, Байсал – Көтібақ, Сүйіндік – Бөкенші, ҚҰнанбай – Ырғызбай, Қаратай – Көкше руынан.

БЕЛАСАР

 

  1. «Қодар аталас жақыны еді. Әрі кедей, әрі жалғыз, жетім-жесір боп қалды. Соған қолы ұзын Жексен қарайласса нетуші еді? Көшерге көлік бермей, бір қораға жалғыз тастап кетті деп кінәлаған-ды. Осы сөзді біремес, екі емес есіте берген Жексен ең әуелі өзінің болыспауына сылтау етем деп ең алғаш бәле сөздің басын бір шығарған…»

Бұл қандай бәле?

«Артынан Сүйіндік осы сөздің мәнісін сұрағанда: «Келінімен жақын екен ол кәпір. Маған не қыл дейсің? Қасыма алып жүрсем, ертең бетіме түкірмеймісің?» — деп ақталған-ды.»

 

  1. «Қодар қайғыдан сандалып, жаны күйіп отырып: «Маңымда тұлдыр жоқ. Құдай маған қылды ғой. Кәпір өтсем де енді кәрінен аянарым жоқ. Құдай маған қылса, менің құдайға қыларым сол…» — деген. Осыны Жексен өз бетімен топшылап, «бұл құдайға не қылады?» деп, жүріп-жүріп кеп, ақыры өзінше топшылаған.»

Жексеннің топшылауы

«Ақыры: «мұнысы келіні болды!» — деп байлаған-ды.»

 

  1. «Жиын ортасында жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбайды танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырды.»

Бұл кім және не деді?

Қодар: «Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұл не қырсығың?» — деді.

 

  1. «Сол арада елдің есін жиғызбастан, Құнанбай қасындағы құзды көрсетіп: «Құлатыңдар содан кәпірді,» — деді.»

Қодар құздан құласымен Құнанбай қандай әмір берді?

«Әлі жаны шыққан жоқ. Енді анау кәпірден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшін қырық рудың қырық кісісі кесек атсын. Әр атаның баласы бір-бір кесек алыңдар қолдарыңа,» — деді.»

 

ЖОЛАЙРЫҚ

 

  1. ««Не деген имансыз едің, кәрі  төбет?!» — деп тұрған Құнанбайдың баласын көрді.»

Бұл кім және неге?

Бұл Қодардың жақыны Жексен еді.

 

  1. «Ер өлтіргенде құн сұраушы еді. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар да мұршаң жоқ. Өлтірген өзіңсің…» — деді.

Бұл кім?

«Жалғыз-ақ Бөжей ғана Сүйіндік, Қаратаймен бірге үшеуден-үшеу боп оқшау кетіп бара жатып: «Енді не бетіңмен үн шығарасың», — деді күрсініп.

 

  1. Абайды бұл сұмдық жерге ертіп барған кім?

Жиренше

Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәленің үстінен шығамыз деген ойы жоқ болатын.

 

  1. «Екі ана ортасында жаны ауырған бір бала. Бейуақтағы үшеуінің құпия тілегі – зор шындықпен еміреніп тілеген тілегі еді.»

Бұлар кімдер және қандай тілек тіледі?

Бұлар әже Зере, ана Ұлжан және бала Абай еді.

«Я, құдай, зар тілегім болсын. Бейуақтағы тілегім.Осы қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көрме. Тас бауырлығын бере көрме. Я, жасаған,» — деп құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді.

 

АЛТЫН КӨМБЕ

 

«Бөжей көп арбасқандықтан, Құнанбай тәсілін түкпірлей танушы еді: «Біту, тыну ма?..» — деп өз болжамын айтты.»

Бұл қандай болжам?

«Бөкенші, Борсақ, қашан айттың деме, шылбырды Қодар мойнына салған жоқсың. Бұйырса, осымен өз мойныңа да салған боларсың, жазған! » — деді.

 

ІІІ. Ой толғаныс

 

Бес жолды тұжырым

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзді сөйлем

Синоним

 

Үй тапсырмасы

Р – роль

А – аудитория

Ф – форма

Т —  тақырып

 

 

 

 

 

Бес жолды тұжырым

 

1 Абай

2 Мейірімді жан-ай

3 Қайғырады, жақтасады аяй

4 Абай — әділдіктің жақтаушысы талай.

5 Дана-ай

Әйгерім

 

 

 

 

 

Бес жолды тұжырым

1 Салт

2 Қатал да мәрт

3 Оңды, жөн шешім айт

4 Салт – дұрыс сілтер бағыт

5 Халық жолы

Ұлпан

 

 

 

 

 

Бес жолды тұжырым

1 Қазақ

2 Еркін, азат

3 Өркендейді, өседі жайнап

4 Қазақ жері ұлан байтақ

5 Халық

Айымбибі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Фантазия» (М.Мақатаев)

Сабақтың мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту; «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары

Көрнекілігі: Компьютер (ақынның портреті мен өлеңі жазылған.), кесте (ақынның өмір жолы), кітап көрмесі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексері

Үй тапсырмасы: Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан»

ДЖИКСО стратегиясы (ұжымдық оқыту әдісі)

І топ – Тарихи тұлға — әдеби кейіпкер

Балуан Қ.Мұңайтпасов туралы не білесіңдер?

Әдеби кейіпкерден тарихи тұлға таныла ма?

ІІ топ – Балуанның өсу жолын көрсетіңдер (шығарма бойынша).

ІІІ топ – Шығарма бойынша Мұқанға мінездеме беріңдер

ІҮ топ – «Қажымұқан» хикаяты бойынша қандай сурет (иллюстрация) салар едің? Осы бойынша шығарма-суреттеме жазыңыз.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

«Абай, Мұқтар бастаған елге әйгілі ұлы көштің» бұйдасын ұстамағанмен, бел ортасынан ойып тұрып өзіндік орнын алған ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен бүгінгі сабақта танысамыз. Бір сәт қиялға ерік беріп, ақынның өзін тыңдайық.

Ассоциация стратегиясы

Ақын образын сомдау

(Компьютерден М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңі диалог түрінде тыңдалады.)

Менің анкетам

  • Туған жерің?
  • Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
  • Туған жылың?
  • Құрдасымын Шәмілдің.
  • Мекен жайың?
  • Мекен жайым — жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

 

Мұқағали Мақатаев өмір жолы

 

Уақыт Оқиға
1931 жыл 9 ақпан Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.
1941жыл Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.
1948 жыл Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық  газетінде басылды.
Өмір өткелдері Ерте есейген балалық

Ауылдық кеңес хатшысы

Қызыл отаудың меңгерушісі

Комсомол қызметкері

Жеті жылдықмектептің мұғалімі

1954-62 жылдар Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.
1962 жыл Алматы қаласына көшіп келеді.
1962-72 жылдар «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1972-73 жылдар Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.
1976 жыл 5 наурыз Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
1985 жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

 

Шығармалары

 

Жылдары Шығармалары
1962 жыл «Аппасионата»
1964 жыл «Ильич»
1966 жыл «Армысыңдар, достар»
1968 жыл «Қарлығашым, келдің бе»
1970 жыл «Мавр»
1972 жыл «Дариға-жүрек»
1974 жыл «Аққулар ұйықтағанда»
1975 жыл «Шуағым менің»
1976 жыл «Өмір дастан»
1978 жыл «Өмір-өзен»
1981 жыл «Бәсіре»
1982 жыл «Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)
1984 жыл «Шолпан»
1988 жыл «Қош махаббат»
1989 жыл «Жырлайды жүрек»
2001 жыл Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді

 

Балалар, қайтадан ақынның өзіне құлақ түрейік:

(Компьютерден ақынның «Фантазия» өлеңі тыңдалады)

Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.

Мағынаны тану

І топ Анықтау

Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)

Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял

Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс

Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем

Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып

Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді

Жай – найзағай, жасыл

Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз

Қиял – фантастикалық ой, арман

Галилео Галилей – ХҮІ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы

Николай Каперник – ХҮІ ғасырда өмір сүрген поляктың ұлы ғалымы

ІІ топ Талдау

Өлең құрылысына қарай талдау

4              3                  4

Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған//                                             а

4              3               4

Ертегіден/ ғұлама/ дана туған//                                                  а

3                 4                   4

Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен//                                           б

3                 4                  4

Адамның/ қиялында/ жаратылған//                                            а

 

Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.

 

ІІІ топ Зерделеу

Өлеңдегі бейнелі ойлар мен көркем тіркестерді тауып, мағынасын ашу, зерделеу

Жеті қатжерің мынау төңкерілген –

Жеті қатаспанменен көмкерілген –

Ертеңімен табысу –

Ғаламаттар туылған ертегіден –

Ғаламдық ақиқат –

Ертегіден қала тұрған –

Ертегіден ғұлама дана туған –

Жер бетіне сыя алмау –

Қиылмен қанаттану –

Жайды ұстау –

 

ІҮ топ Салыстыру

Ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты салыстыру

 

Ой толғаныс

Бес жолды тұжырым

1 зат есім

2 сын есім

3етістік

4 сөзді сөйлем

Синоним

 

Фантазия

Бай, ұшқыр

Шарлатады, шарықтатады, шалқытады

Адам фантазиясы шексіз бай.

Қиял

 

Фантазия

Шалқар, дария

Шабыттанып шырқатар шарықтата

Адамның қиялындай бар ма, сірә?

Арманда

Қорытынды

Ақын күнделігінен

14 ақпан 1976 жыл

«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»

 

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеі (жаттау)

Мүмкіндік деңгей: Ақынмен сырласу (эпостолярлық жанрдағы шығарма)

Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтін бойынша талдау жұмыстары арқылы шығарманың көтерген негізгі проблематикасын айқындау;
  2. Ойталқы негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын қалыптастыру;
  3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы ізгілікке тәрбелеу

 

Сабақтың типі: Іскерлікті және дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабағы

Сабақтың түрі: Интеграцияланған сабақ

Сабақтың әдісі: Проблемалық сұрақтар, мәтінмен жұмыс, талдау, жинақтау,

Пәнаралық байланыс: Өзіндік тану сабағы

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

 

Шаттық шеңбері

 

Бүгінгі сабағымыз адамгершілік дәрісі болғандықтан сөз басы ізгі тілекпен басталсын

  • Бүгінгі сабағымыз жүректеріңізге ізгілік нұрын құйсын.
  • «Өз-өзіңді танысаң – істің басы» дегендей, өзіңді таны, өзіңе сен, өзіңді сүй.
  • Өз ұстанымы берік азаматтықтың биігінен көрін.

 

  • Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар. Біз осы шығарма бойынша өтетін екінші сабағымызды өзіндік таным сабағы түрінде өткізбекпіз.

Әңгіме өзегі – Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

— Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?

 

Біз шығармада үш-ақ кейіпкермен жүздестік, бірақ салмағы батпандай ой түйдік.

 

Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай, қайда жүздестік?

 

Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?

 

Алғашқы жүздесу, алған әсеріңіз?

 

Шығарманың сізді ерекше толқытқан тұсы

 

Шығармадағы оқиғалардың сіз үшін ең шиеленісті, түйінді тұсы

 

Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?

 

Кейіпкерлер жүйесі

 

 

 

 

Ішке, сыртқа

 

+
Қарапайымдылық Дөрекілік
Адал еңбек Ұятсыздық
Әділетсіздік Ұрлық
Мейірімділік Қаталдық
Арлылық Өктемдік
Адалдық Дүниеқоңыздық
Сенгіштік Пасықтық

 

Қаламгер шеберлігі

 

Шығарманың соңындағы авторлық шешім қандай, оған сіздің көзқарасыңыз?

 

Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау

жеңудің бәрі жеңіс пе?

 

Ой түйін

 

РАФТ

 

Р — роль

А — аудитория

Ф — форма

Т – тақырып

 

«Соңғы сөзді мен айтамын»

(Ізгілік ережесі)

 

Қорытынды

 

Бағалау

 

Үй тапсырмасы:

 

Міндетті деңгейлі тапсырма: «Дермене» хикаятының толық нұсқасын оқу

 

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма: «Даналы ойдан дән ізде»

(Ұлы адамдардық адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздері)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы «Дүние қалай етсең табылады?» (Ы.Алтынсарин)

Мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту; Шығарманы талдау арқылы еңбексүйгіштікке баулу; Шығарманың негізгі ойын анықтату арқылы өзіндік тұжырымын қалыптастыру;

Түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдісі: Талдау, жинақтау

Барысы: Ұйымдастыру

Қызығушылықты ояту

«Бақыт деген немене?» (эссе)

 

Мағынаны тану

 

«Дүние қалай етсең табылады?» (әңгіме)

Мазмұнмен жұмыс

 

Кубизм

І топ

Жоспарлау

(Әнгімеге мазмұндық жоспар құру)

ІІ топ

Мінездеу

(Кейіпкерлерге мінездеме)

ІІІ топ

Салыстыру

(Ы.Алтынсариннің өзге әңгімесімен салыстыру)

 

Ой толғаныс

5 жолды тұжырым

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзді сөйлем

5 синоним

 

 

Қорытындылау

Ойтүйін

«Бақыт көзі — еңбекте»

 

 

Үй тапсырмасы

 

Семантикалық карта

 

Әңгімелері Тәрбие Еңбек Ізгілік Талапкерлік

 

 

 

 

Тақырыбы: Сырым мен Малайсары

 

Мақсаты: Шешендік сөздерді оқи отырып, сөздің қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі ролін таныту; Сырымның іс-әрекетін талдай отырып, перзенттік парызды сезіну; Шешендік жұмбақтар мен шешендік келісімдерді оқи отырып, сөзді пайымдау, тапқырлық қасиеттерге баулу;

Түрі: Жаңа білімді игерте сабағы

Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу

Пәнаралық байланыс: Тарих

Көрнекілік: Сырым шешеннің суреті, кітаптар көрмесі

 

Барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Шешендік өнердің қазақ халқының тарихындағы орны қандай?

  • Заң
  • Тәртіп
  • Ел бірлігі
  • Әділеттік
  • Тәрбие
  • Тапқырлық
  • Салт-дәстүр

 

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

Қандай би-шешендерді білесіңдер?

Сырымды кім деп танисыңдар?

Шешен

 

Тапқыр          Сырым                   би

 

Батыр

Мағынаны тану

ЖИГСО

І топ Сырым мен Малайсары

ІІ топ Сырым мен Ақсуат

 

Мазмұнмен жұмыс

Композициялық талдау

  1. Оқиға қалай басталды?
  2. Оқиға қалай дамыды?
  3. Оқиға қалай шешімін тапты?

 

І топ

Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі

Малайсарының бітпеген ісі

Сырымның тапсырманы орындауы

Малайсарының риза боп, бата беруі

 

 

ІІ топ

Сырымның Ақсуаттан құн сұрауы

Сырымның орынды талабын айтуы

Бітімге келу

 

Ой толғаныс

 

І топ

 

Шығармадағы қазақ салт-дәстүрлерінің көрінісі, орны

 

Түсіндірме күнделігі

 

Салт-дәстүрлер Шығармадан мысал
   

 

 

ІІ топ

 

Шығармадағы нақыл сөздерді табу, қызметі

 

Түсіндірме күнделігі

 

Нақыл сөздер Мәні, қызметі
   

 

Қорытындылау

 

Үй тапсырмасы

Сырым мен Малайсары

Сырымға мінездеме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды таныта отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Шығармадағы негізгі ойларды анықтата отырып, таным-түсінігін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру;

Ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу;

 

Сабақтың түрі: Тіл ұстарту

 

Сабақтың әдісі:

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

 

І. Қызығушылықты ояту

 

Ойлан, жұптас, пікір алыс

Тіл мәдениетіне қандай талаптар қойылады деп ойлайсыңдар? (Өздері жазады, жұпта талқылайды)

  • Ойын жүйелі жеткізу;
  • Сауатты сөйлеу;
  • Әдеби көркем тілде сөйлеу;
  • Сөзді орнымен қолдану;
  • Дәлелді сөйлеу;

Оқулықтан Тіл мәдениеті тақырыбын оқып, өз ойларымен салыстыру

 

ІІ. Мағынаны тану

 

Болжау стратегиясы (Мәтінмен жұмыс)

Абайдың әңгімесі

— Ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

— Қараны қалай асыл дейсіз?

— Әбіштің жауабы қандай болады деп ойлайсыз?

 

ІІІ. Ой толғаныс

 

Талқылау кестесі

 

Тапсырма Мысал
Мәтіндегі негізгі ой
Ой жүйелілігі
Ой көркемдігі

 

Үй тапсырмасы: «Жақсы деген немене,

Жаман деген немене» (ойтолғау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Елі үшін туған ер» («Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі)

Мақсаты: Батырлар жырының жанрлық ерекшелігін таныту;

Жыр негізіндегі басты ой батырлар бейнесі арқылы берілетінін ұғындыра отырып, толық әдеби талдау жасауға үйрет;

Түрі: Ізденіс сабақ

Әдісі: Дамыта оқыту

Көрнекілігі: Компьютер, эпиграф, шиырма, кесте

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Бақыт іздеп ғасырлар бойы сахараны шарлап шарқ ұрған қазақ халқы бізге ең асыл мұра жыр мұрасын мирас етті. Біз сол рухани қазынамыздың ең асыл мүліктерінің бірі батырлар жырын оқып танысып жатырмыз.

Ең әуелі Ой шақыру стратегиясын пайдаланып, батырлар жыры дегенде ойымызға не түседі? Сол ұғымдарды айтайық. Сөз сырына үңіле отырып, бағыттас ұғымдарды топтастырайық.

 

Ерлік                                                             Өнер

 

Дәстүр                                   Батырлар жыры                          Елдік

 

Тәрбие                                                         Тарих

 

Балалар, өткен сабақта батырлар жырының ішінде бәрінен бұрын хатқа түсіп жарық көрген, идеялық мазмұнымен де, көркемдік құрылымымен де ерекше, ең таңдаулыларының бірі – «Ер Тарғын» жырымен танысқан болатынбыз.

  1. Жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?
  2. Жырдың өзге жырлардан қандай ерекшелігі бар?
  3. Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек көрінеді?
  4. Тарғын бейнесі, оның адамнершілік қадыр-қасиеті жырда қалай суреттелген?

 

Оқиға Тарғынның іс-әрекеті Мінездеме
Жорық Жау қамалын бұзады Тарғынның асқан ерлігі, батырлығы, қамал бұзар аруақты батыр екені көрінеді
Қашқын Хан қызын қорықпай алып қашады Ештеңеден тайынбайтын өр мінезі байқалады
Қуғын Қуғыншыны қорықпай қарсы алады Ер жүрек
Қарт Қожақпен бетпе-бет Кішілік жасап, әдеп сақтап, кезегін береді Тарғын — үлкенді сыйлай білетін, өзгенің артықшылығын мойындай алатын ер. Ол – намысты батыр. Жүректі ерен ерлік иесі
Ханзада ханның опасыздығы Ханның жауын жеңіп береді. Қиын сәтте өзін ғана емес, сүйген жарының қамын жейді. Шыдамдылық, адамгершілік, үлкен жүрек иесі.
Жекпе-жек Жауды жеңеді Батырлық тұлғасы, қайтпас қайрат ерлігі
Сыпыра жырау тоқтамы Жырау сөзіне құлақ қояды, райынан қайтады. Үлкенді сыйлауы, ел қамын жеген ел қорғаны батыр.

 

Кубизм

 

  1. Суреттеу Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі
  2. Салыстыру Батырлар жырын өзге ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыру
  3. Зерттеу Жырдың зерттелуі туралы хабарлама
  4. Қолдану Жырдан үзінді
  5. Талдау Жырдың көркемдік ерекшелігі
  6. Талқылау Батырлар жырының маңызы

 

Батыр бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?

Жырдан көрінген халық арманы туралы не айтар едің?

 

Шығармашылық жұмыс 5 жолды өлең

 

Батырлар жыры — өнерімізде

 

Үй тапсырмасы Тарғын бейнесі

Монолог

Иллюстрация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Арман» (М.Шаханов)

Сабақтың мақсаты: Шығармадағы қос кейіпкер арқылы оқушыларды өмірде алдына ұлы мақсат қоюға баули отырып, жақсыға елітіп, жаманнан жиренуге үйрету;

Оқушылардың шығармашылықбелсенділігін оята отырып, өзіндік ізденуі мен танымдықбілімін дамыту;

Мәнерлеп оқу шеберлігін ұштау;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, пікір таластыру, салыстыру, талдау, проблемалық сұрақ, ой толғау, жинақтау

Көрнекілігі: М.Шахановтың портреті, шиырма, диаграмма, кітап көрмесі, компьютер

Пәнаралық байланыс: Тарих, география

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Бүгінгі сабағымызда қазақ әдебиетінің екі алыбының шығармашылығымен таныса отырып, өзіндік өмірлік ұстанар бағытымызды айқындауға үйренеміз. Және бағалау әдісінде мынадай ерекшелік болады. Мен сіздердің жауаптарыңызға орай мынадай түрлі-түсті жұлдызшалар беріп отырамын. Бұл сабақтың соңында сіздерді бағалауға көмектеседі.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі берілді. Өлеңді оқығанда қандай әсер алдыңдар? Осы өлеңдң оқи отырып, өзіңді тани алдың ба? Қадыр ақын қазақтардың қандай қасиеттеріне назар аударған? Мына шиырманы пайдалана отырып, осы төңірегінде ой бөлісіп, әрбір қасиетіне орай өлеңнен цитаталы ат қояйық. Бұл өлең қалай оқылу керек? Ендеше, оқып көрейік. Кітапты жауып қояйық. Өлеңді оқығанда, бәріңнің кеуделеріңде ұлттық сезім мақтанышы туады. Бәріңнің де осы өлеңді айтқыларың келіп отырған болар. Бір-бір шумақтан жалғастырып айтып шығайық.

Бұл өлеңде ақынның туған халқына сүйіспеншілігі мен құрметі жатыр.

Туған жер-ай, күнім де, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ, басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десе,-

  • деген ақын сөзінде айтылғандай, туған жеріңнің, еліңнің, халқыңның перзенті болудан артық адамға атақ та, абырой да жоқ. Бәріңнің де бойларыңа Қадыр ақынның қадыр-қасиеті дарысын.

Жаңа сабақ.

Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,

Заман — терек, адам – соның бұтағы.

Мен туғанда, досым, сенің әкеңнің

Жазылыпты Абай жайлы кітабы.

Менің әкем соны оқып,

Ұзақ түндер отырыпты оңаша,

Бір биікпен табыстым деп тамаша,

Шаттаныпты балаша.

Айқара ашып аспанын,

Жинап барлық достары мен қастарын,

Ниетімді құптар деп,

Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,

Мына мендей перзентіне сол күні

Ат қойыпты Мұқтар деп.

Балалар, бұл қай Мұқтар деп ойлайсыңдар?

Ендеше, бүгінгі сабағымызда Мұқтар ақынмен жүздескелі отырмыз.

Армысыз, Мұқтар аға, — деп сабағымызды бастайық. (Ақынның портретін тақтаға ілу)

Сіздердің араларыңызда Мұқтар ақынның өлеңдерін сүіп оқитындарыңыз бар ма? Болса, өзіңізге ұнайтын өлеңінен үзінді оқып жіберсе. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерін оқып едік.

Адал достық – ақын өлеңдерінің өзегі.

Ал Отырар тақырыбына келу себебі – ақын 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Отырарға жақын жердегі Қасқасу ауылында дүниеге келген. (Картаны көрсету). «Отырар» дастаны арқылы туған жер тарихына бойлай отырып, перзенттік парызын өтеді. Ол — өршіл ақын, драмматург, сазгер әрі қоғам қайраткері.

(«Өркениеттің адасуы»)

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – ақынның «Арман» атты поэмасы.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Арман» атты ғажайып сөздің сырына үңілейікші. Арман дегенде сіздердің ойларыңызға тағы қандай сөздер оралады?

 

Қиял                                         Мақсат                                       Тілек

 

АРМАН

 

Ой                                Бағдар                                  Бағыт

 

Бұл шығарманы оқығандарыңыз бар ма?

Ақын бұл шығарманы неге «Арман» деп атаған? Қай кейіпкер қандай арманға қол созды? Ақын сөзін пайдаланып, мынадай диаграмма арқылы арманшыл кейіпкерлерімізге мінездеме берейік.

 

Дойыл                           Әбу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шеңбердің ортасына екі кейіпкерге ортақ қасиеттері, екі жағына жекелік қасиеттерін жазамыз. (Берілген мінездемелерді мәтін арқылы дәлелдеу)

Осы армандарға берген қарияның бағасы қандай? (Осы жұмыстар арқылы мәтін түгел оқып талданады)

Бекіту сұрақтары:

  1. Кімге осы шығарманың қай кейіпкері ұнады? Несімен ұнады?
  2. Ақын екі кейіпкерді қалай бағалап тұр?
  3. Қайсысын дәріптеген? Неге деп ойлайсыңдар?
  4. Әбу еліне қандай пайда келтірді?

Әбу Насыр Әл Фарабидің еңбектерінен жасақталған шағын кітапханамен таныса аласыздар.

Әл Фараби туралы толығырақ білу үшін сіздерге электронды оқулық арқылы өмір дерегін ұсынамын.

  1. Ал Дойыл неге ұнамады? Олда білімге құштар емес пе еді?

Бұл жерде ақын Дойылдың кәсібін емес, мінез-құлқын мінеп тұр. Саудагерлік те өнер. Аулымызда жақсы істерге мұрындық болып жүрген көптеген кәсіпкер аға-апаларымыз да бар. Бұл шығармада адамның кәсібін емес, мінез-құлықтарын салыстырған. Тағы да ақын өлеңдеріне жүгінейік:

Қанатына жан шошынар қару тағып қаралы,

Біздің дарын ғасырымыз қайда асығып барады?

Дарын ғасыр бәсеңдетпей қарқынын,

Қатар демеп келе жатыр безбүйрек пен ұлыны,

Қас-қағымда сейфін тонап кететұғын банкінің

Дарынсыз деп кім айта алар ұрыны?

Қанша дарын өресі тар пенделікке күйттелді,

Кім дарынсыз дей алады Шыңғыс хан мен Гитлерді?

Жайпап өткен жанағанын,

Бірақ олар қара дарын

Елестеткен тек қасірет қараны.

Иә, дарын ең қаскүнем пендеде де болады.

Адамды адам ететұғын саналы

Әсемдікті бағалауға бағытталған жанары,

Ізгілік пен тазалыққа деген іңкәр талабы.

Иә, дарын барлық адамда да болады. Оны ізгілікке қарай бұру әр адамның адамгершілік қасиетіне байланысты. әңгіме дарында емес, дарынның қай арнада өрістеуінде.

Осы шығарманың «Арман» аталуының себебі неде, неліктен екі арманды салыстырып отыр.

Ақын қария арқылы жас ұрпақтың қандай арман иесі болғанын қалайды?

Сендер қандай арман жетегінде жүрсіңдер?

Үйден «Арманымның ақ желкені» деген тақырыпта ой-толғау жазып келеміз.

Бұл шығарма қандай жанр, қандай стильде жазылған?

Бұл шығарманы қалай оқу керек?

Бастан-аяқ бірыңғай дауыспен оқылмайды. Әр кейіпкердің қасиетіне орай дауыс ырғағы да өзгереді.

Қорытынды

Проблемалық сұрақтар:

Білімге көзқарас

Жас ұрпақтың біліммен қарулануға ұмтылысы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша дарынды жастардың шетелдерде оқуы

Кейбір жастар жақсы жағдайға қызығып, шетелдерде қалып қойып жатыр. Осыған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: Өз қалаулары бойынша поэмадан үзінді жаттау

Мүмкіндік деңгей: Шығармашылық жұмыс: Ой толғау

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Қаратөбе — өнер ордасы»

Сабақтың мақсаты: Қаратөбе өңірінің әдеби келбетін таныту;

Оқушыны даму аймағында жетілу дағдысын қалыптастыру;

Әдеби дәстүрлер арқылы ұрпақ жалғастығын ұғындыру;

Сабақтың түрі: Тіл ұстарту

Сабақтың әдісі: Деңгейлік жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс, өз бетімен жұмыс, талдау

Пәнаралық байланыс: Өлкетану, әдебиет, тарих

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

 

Қызығушылықты ояту

Білу

Дөңгелек үстел «Ел мақтаныштары»

Мұхит – Молданияз – Рақметжан – Қажым – Берқайыр – Сағынғали – Қадыр – Жұрғали – Құрманғазы – Айсұлу – Қайыржан – Шолпан — …

Мағынаны тану

Электронды оқулықпен жұмыс (мәтінмен жұмыс)

 

Әдебиет — өмірдің көркем шежіресі

 

Рухани өмірдің басты саласы саналатын жергілікті әдеби-көркемдік, шығармашылық дәстүрлердің түп-тамыры аймақта кең таралған халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алады. Әсіресе, «Еділ-Жайық» ертегісі, әйгілі Аққұм туралы әңгімелер, Байұлы мен өңіріміздегі белгілі әулие, батыр бабаларымыз туралы аңыз әңгімелер, жырлар мен толғаулар – халықтың сөз мәдениетінің, ұлттық әдебиет өнерінің қайнар бұлақтары. Осынау әдеби мұралар өлкемізде өткен тарихи оқиғалардың, алмағайып кезеңдердің сөзбен зерленген ескерткіші тәрізді. Түбі бір, тегі ортақ ру-тайпалардың қазақ хандығына бірігіп, ұлт болып ұйысуына негіз қалаған әлеуметтік-саяси себептері мен тарихи алғышарттардың сырын аңдататын шығармалар да, оларға арқау болған оқиғалар да осы аймақта өрбіген. Мысалы, ұлттық бірліктің көркем баянындай халықтық туындылар – біздің Аққұмымызбен байланысты «Қобыланды батыр» сынды жыр-дастандар ерлікті ардақтап, елдікке үндейді.

Қаратөбеде туып, «Үш жүзге ән оздырған сал Мұхиттың» кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасты.

Шығыстың әдеби дәстүрлерімен қатар еуропалық реализм нақыштарын зейіндеген тәржімашы қаламгерлердің легінен орыстың ұлы ақыны Пушкиннің «Капитан қызы» шығармасын қазақ тілінде тұңғыш сөйлеткен жерлесіміз Молданияз Бекімов те орын алды. Ол сонымен қатар этнографтық, қаламгерлік секілді сан қырлы талантымен туған халқына қызмет етті.

Қаратөбенің киелі топырағынан нәр алған ақын, драматург Рақметжан Малабаев, ұлттық әдебиеттану ілімінің негізін қалаушылардың бірі, қаламгер Қажым Жұмалиев, жазушы, драматург, ақын, махамбеттанушы ғалымдардың бірегейі Берқайыр Аманшиндердің де қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орындары бар.

Дауылпаз ақын, қажырлы жазушы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында да біздің өлкеміздің қазақ тарихындағы елеулі орны көрсетілген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында батыстық қаламгерлердің де бейбіт құрылыс тақырыбынан уақытша қол үзіп, бірыңғай әскери өмірді көрсетуге ден қойғаны белгілі. Қолына қару алып, майданға аттанған ақын-жазушылардың қатарында майдан газеттерінің бетінде басқыншылардан кек алуға шақырған, отаншыл отты жырларымен танылған жерлесіміз Сағынғали Сейітов те болды.

Жерлес ақынымыз Қадыр Мырзалиев – сан ғасырлық қазақ поэзиясының дамуына елеулі үлес қосқан дара тұлға. Оның қаламынан туған «Күміс қоңырау», «Ой орманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Бұлбұл бағы» жинақтары — қазақ әдебиетінің бір биік белесі.

Жерлес ақын-жазушылар Жұрғали Ертілесов, Құрманғазы Қараманұлы, Айсұлу Қадырбаева немесе туған топырақтан табан аудармай еңбек етіп, бірнеше кітаптарын жариялаған өлкетанушы Қайыржан Хасановтардың шығармалары көпшілікке кеңінен таныс.

Жазба әдебиетінің қан тамыры халық поэзиясы десек, ғасырдан-ғасырға ұласқан төкпе жыр ағыны бүгін де тоқталған жоқ. 50-60 жылдары тоқырап қалған айтыс жанры соңғы жылдары қайта түрленіп сала берді. Қаратөбелік әкелі-балалы Қыдырниязовтар үрдісі, Қ. Ғұбайдуллин, Д. Айтжанов, А. Қауенов, Е. Бимұқановтардың айтыстағы жолы Қаратөбенің құнарлы топырағында өз жалғастарын табады.

«Өнер алды – қызыл тіл» иелері – ақын-жырауларын ардақ тұтып, өнерпаздарын құрметтеген еліміз бұл күндері тәуелсіздік рухымен арқаланып, еркіндік ауанымен қуаттануда. Алашқа аты тараған небір өнер саңлақтарының кіндік қаны тамған қасиетті топырақта ұлттық мәдениет, ұлағатты дәстүрлер жаңара жарасымын тауып, ұрпақтар сабақтастығының тіні ширай берері анық.

(Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы, «Арыс» баспасы)

 

Түсіну

Екі жақты күнделік

 

Қаламгерлер Шығармалары

 

Қолдану

Т кестесі

 

Шығармалар Өмір шежіресі

 

Талдау

Үш жақты күнделік

 

Қаламгерлер Шығармалары Сұрақтар

 

Ой толғаныс

Жинақтау

Бес жолды тұжырым

  1. Бір зат есім
  2. Екі сын есім
  3. Үш етістік
  4. Төрт сөзді сөйлем
  5. Синоним

Үй тапсырмасы

Бағалау

Үй тапсырмасы

Жерлес қаламгерлеріміздің шығармаларын оқып,

мүмкіндігінше үзінді не толықтай жаттап,

«Толқытқан ойлар көп мені» деген тақыпта ойтолғау

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сөз таптарынан алған білімдерін жинақтап еске түсіру; Оқушы ізденісі арқылы сын есім туралы білімдерін тұжырымдап, сын есімдердің тіліміздегі ролін көрсету; Қазақ тілінің байлығын таныту; Оқушылардың танымдық білімін арттыру;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Десант сабақ

Сабақтың әдісі: СТО жобасы   БЛУМ жүйесі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Қызығушылықты ояту

Оқушылар, сіздер қазақтілі патшалығын еркін аралап, сөз әлемінің түрлі сырларымен, қасиеттерімен таныстыңыздар. Әуелі бұрыннан өзіміздің білетінімізді еске түсірейік. Сөздер өздерінің мағыналарына қарай түрлі топтарғағ яғни, сөзтаптарына бөлінеді.

Топтастыру стратегиясы

 

Зат есім

 

Сан есім                               Сөз таптары                             Сын есім

 

Етістік

 

Ассоциация стратегиясы

Сын есім дегенде ойларыңа не келеді?

 

Түрі          Түсі          Сыны        Сапасы

 

Сын есім

 

Көлемі               Мөлшері            Пішіні      Дәмі

 

Мағынаны тану

Блум таксономиясы

Есте сақтау (білу)

Ассоциациядан сын есімнің ережесін қорытып шығару

Заттың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.

Түсіну

430-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді табу, сұрақ қою, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау (сызба арқылы)

Қолдану

432-жаттығу Берілген сөздерден сын есімдер жасау, оларды қатыстырып сөйлем құрау

Талдау

433, 434-жаттығу жұмбақты оқып шешу. Сын есімдерді тауып, заттың қандай белгісін көрсетіп тұрғанын анықтау, осы топты толықтыру.

Түсі                                                             Сапасы                                                          Дәмі

Жасыл                                                        Қап-қатты                                                    Тәп-тәтті

…                                                                      …                                                                    …

Сергіту сәті

«Тізбек» ойыны

Шарты: Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын сын есім айтып, тізбекті жалғастыру

Мысалы: Ақ – қара — …

 

Жинақтау

435-жаттығу

Мәтінді әуелі толық, содан соң сын есімдерсіз оқу. Сонда мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болғанын айту.

(Заттардың сыны айқын емес)

Бағалау

Сын есімдер не үшін қажет екенін түсіндіру

(Ойдың көркемдігі, айқындылығы, бейнелілігі үшін, заттың сыны мен сапасын көрсету үшін, т.б.)

Толғаныс

Бес жолды тұжырым

Қорытынды

Ассоциацияны толықтыру

Бағалау

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: 431-жаттығу   Шарты: Сөз таптарына талдау

Мүмкіндік деңгей: Грамматикалық ертегі құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, пікірталас, жинақтау

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

 

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері

«Жақсы тілек – ақ пейілдің шашуы»

(Жолдастарына жақсы тілегін арнау, тілектердің қайталанбау шарты қойылады.)

 

Пікірталас

«Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл статусына лайық па?»

  1. Осы бағыттағы елдегі нәтижелі жұмыстар қандай деп ойлайсыз?
  2. Қандай түйткілді мәселелер бар?
  3. Проблемаларды шешудің жолдары, нәтижелері қандай?
  4. Проблемаларды шешудің қандай жаңа жолдары бар?
  5. Бұған қосар өз үлесім

 

Толғаныс

«Бүгінгі сабақтан не түйдім?»

 

 

 

Тақырыбы: Компьютер жанындағы жанжал

 

Мақсаты: Шығармадағы негізгі ойды ашу арқылы қандай уақытта да адамгершілік қасиеттердің жоғары тұратынын таныту;

Мәтіндегі жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық білімін арттыру, ой-өрісін дамыту;

Өз пікірін дәлелді қорғай білуге үйрету арқылы сөз мәдениетін қалыптастыруға баулу;

Түрі: Дебат сабақ (десант сабақ)

Әдісі: Сөздікпен жұмыс, болжау, пікірталас

 

Барысы: Ұйымдастыру

Балалар, біз ана тілінен «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» бөліміндегі шығармаларды  оқи отырып, неге үйрендік?

  • Ата-ананы сыйлауға;
  • Үлкендерді құрметтеуге;
  • Олардың өнегелі істерін үйренуге;
  • Өнерлі, білімді болуға;

 

І. Қызығушылықты ояту

Тірек символдар

Алдарыңызда берілген суреттерді (балалар, компьютер, нота, кітапхана) бір-бірімен байланыстыра пайдаланып, әңгіме құрайық.

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау

 

ІІ. Мағынаны тану

 

Болжау кестесі

 

Не болады деп ойлайсыз Сізде оған қандай дәлел бар Не болды
1.

 

 

 

Түсіндірме сөздік

 

(Қолдарына естелік ұсынылады.)

 

  1. Сега – электрондық ойын.
  2. Компьютер – (ағыл.-есептеуіш) электрондық есептеу машинасы – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы – бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге,  сақтауға және беруге арналған машина.
  3. Клавиш – дербес компьютерді басқаруға арналған пернелік тақта.
  4. Джойстик – (ағыл. Басқару тұтқасы) ЭЕМ-нің дисплей экранында курсорды әр түрлі бағытта жылдам жылжытуға арналған қолтұтқа түріндегі құрылғысы.
  5. Дискет – компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік қабықша жалатылған табақша түрінде жасалған шағын есте сақтау құрылғысы.
  6. Радиотелефон – арнаулы станциядағы қашықтықтан электромагнит толқындары арқылы дыбыстар мен белгілерді қабылдайтын және сымсыз хабарласатын телефон.
  7. Интернет – (интер-өзара әрекет, бір-біріне бағытталу, нет-желі) компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары арқылы мәлімет алмасатын әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы.
  8. Шифр – шартты әліппе, кітапханадағы кітаптардың тіркелу белгілері.
  9. Квитанция – түбіртек қағаз, ақшаны, құжаттарды, құндылықтарды, пошталық жолданымдарды, т.б. заттарды қабылдап алғандықты куәландыру үшін берілетін белгіленген пішімдегі ресми қолхат.
  10. Торонто университеті – Канададағы ең ірі университет.
  11. Канада – Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет.
  12.  Америка – АҚШ, Солтүстік Америкадағы мемлекет.
  13. Поп жұлдызы – музыка жанрының шебері
  14. Майкл Джексон – әнші

 

ІІІ. Ой толғаныс

 

Дебат

Айдын мен Ләззаттың жанжалына компьютер кінәлы ма?

  • Иә
  • Жоқ
  • Бейтарап

 

Топта ақылдасу, қорғау, дәлелдеу

Дебатты аяқтау

 

Үй тапсырмасы

Міндетті деңгей

  1. Әңгімені оқып, түсінгенін айту
  2. Әңгімеге сүйеніп, Айдынға мінездеме беру (дискуссиялық карта)

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма

  1. Шығармада аталған Америка, Канада елдері жөнінде деректер жазып келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Болжау кестесі

 

Не болады деп ойлайсыз Сізде оған қандай дәлел бар Не болды
1. Балалар кітапханаға барады.

2. Үлкендер келіп қалып, Айдынға ұрсады.

3. Інісін жазалайды.

4. Компьтерден ойындар алған.

5. Апасы интернетке кеткен ақшаны төлеттіреді.

Берілген тірек суреттер

 

Компьтерде бала-лар көп отыруға болмайды.

 

Әр бұрыс іс жазаланады.

Балаларды қызық-тыратын нәрсе

Ләззатқа шұғыл интернетке шығу керек.

Айдын компьютер-мен асығып жұмыс жасап жатыр.

Апасы Айдынға рұқсатсыз интернет-ке шыққаны үшін ұрсады.

Апасы інісінің не істегенін тексереді.

Музыка жазып алған.

Ләззат телефон арқылы қарызға жаздырып, интернет жүйесін қайта қосқызады.

 

Әйгерім

 

Дискуссиялық карта

(Айдынға мінездеме)

 

+
Айдын — ізденімпаз бала.

Өзін қызықтыратын музыка туралы интернеттен жазып алуы осыған дәлел болады.

Айдынның рұқсатсыз интернетке шығуы дұрыс емес, әйткенмен ол пайдалы іс істеді.

 

Әлібек

 

Дискуссиялық карта

(Айдынға мінездеме)

 

+
Айдынның жақсы қасиеті көп. Ол интернетке рұқсатсыз шыққанмен, қажетті нәрсе алды, білімге ұмтылды. Сондықтан оның бұл ісінің жақсы жағы көбірек Айдын қажет мәліметті апасының рұқсатымен алу керек еді.

 

Перизат

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Алғы сөз                                                                                                                              4 бет

Эвфемизм                                                                                                                            9 бет

«Қырық өтірік» ертегісі                                                                                                   11 бет

Қасиетті Құран Кәрім туралы   «Адам ата» әпсанасы                                                   5 бет

«Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар»)                                               17 бет

«Фантазия» (М.Мақатаев)

«Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді) Д.Исабеков                                            12 бет

«Дүние қалай етсең табылады?» (Ы.Алтынсарин)                                                        27 бет

Сырым мен Малайсары                                                                                                    22 бет

«Елі үшін туған ер» («Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі)                               28 бет

«Арман» (М.Шаханов)

Тіл мәдениеті                                                                                                                     26 бет

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

«Қаратөбе — өнер ордасы»                                                                                                24 бет

Сын есім

Компьютер жанындағы жанжал                                                                                      14 бет