Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» Әңгіменің тәрбиелік мәні

187

Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» Әңгіменің тәрбиелік мәні

Мақсаты:

а/ білімділік: әңгіме бойынша алған білімдерін талдау барысында анықтау, толықтыру.

ә/ дамытушылық: еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізе, дәлелдей білу, өзгені тыңдай білу, тұжырым жасай білу қабілеттерін жетілдіру

б/ тәрбиелік: табиғатқа деген жанашырлықтарын ояту, «кие» сөзінің мәнін ұғындыру, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс-тәсілі: СТО әдістері

Көрнекілігі: флипчарт

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  • Психологиялық дайындық

(Оқушылар бір-біріне гүл шоқтарын ұсына отырып, тақырыпқа байланысты тілектер айтады)

  • Үй тапсырмасын тексеру

 

 І топ – Әңгіме бойынша жоспар құру

  1. Байшынар ағашы
  2. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен
  3. Отынға жағылған киіз үйлер
  4. Бахтияр бауы
  5. Біреу өлмей, біреу күн көрмес немесе Жалғыз қалған Байшынар
  6. Имансыз Жуанқұл немесе Жуанқұлдың әрекеті
  7. Жүз жылдық жара

ІІ топ  -Композициялық құрылысына талдау жасау

Оқиғаның басталуы – Мыңбұлақта өскен Бахтияр бағы мен Байшынар ағашы

Оқиғаның дамуы – Соғыспен қатар ақпан айының ауылды қыспаққа алуы

Оқиғаның шиеленісуі -Ауыл адамдарының амалсыздан киіз үйлер мен Бахтияр бауындағы ағаштарды отынға жағуы

Оқиғаның шарықтау шегі – Киелі Байшынар ағашына Жуанқұлдың балта шаппақ болуы

Оқиғаның шешімі – Байшынардың киесі жібермеуі

ІІ Жаңа сабақ

  1. Ассосация құру
 

табиғат

 

 

 

 

  1. Сөздік жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шынар –биіктігі 40 метрге дейін жететін, ірі ағаш. Ол қыстың соңында дөңгелекше келген жеміс береді. Бұл ағаш жылы жақта, тауда, биікте өседі. Қазақта қол жетпес асылын шынарға теңеген.

Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дә-рігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.

Көкемарал. Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

Қара пышақ, күшәла. Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзек-ше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.

 

  1. Кестемен жұмыс

 І топ

Жазушының адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттеудегі айтқысы келген ойы Сенің пікірің

ІІ топ

Кейіпкер Автор толғанысы Түйін (өз көзқарасың)

 

 

 

 

  1. Мәтінмен жұмыс. Шығарма кестесі

І топ

Шығарманың аты Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер Тұрақты тіркестер Ырымдар
Жүз жылдық жара

 

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады.

Біреу өлмей, біреу күн көрмес.

Ұра берсе, құдай да өледі.

Ылдида сиыр мөңіресе, таудағы арқардың мүйізі сырқырайды.

Шыбын жанын шүберекке түю, артын бақты Үкі жүрген жер киелі.

Киелі ағашты кесуге болмайды.

 

ІІ топ

Шығарманың аты Шығармада кездесетін ағаш атаулары Емдік шөп атаулары Құс атаулары

 

 

5.Ой толғаныс

І топ

Бес жолды өлең

  1. Зат есім –Байшынар
  2. Сын есім – кәрі, саялы
  3. Етістік – сая болды, жалғыз қалды, жылады
  4. Байшынар жапанда жалғыздықтан күңіреді.
  5. Синоним –ағаш

ІІ топ

Концептуалдық кесте

 

кейіпкер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге берілетін баға
Жуанқұл

 

Кенжекүл

 

 

 

 

 

 

 

  1. РАФТ стратегиясы

І топ                                                                         ІІ топ

Роль –Байшынар                                                    Роль — Жуанқұл

Аудитория –ауыл адамдары                                 Аудитория -Байшынар

Форма – үндеу                                                       Форма -өтініш

Тақырып –«Табиғаты аялаңдар!»                        Тақырып –

ІІІ Бекіту

Тест тапсырмасы /Активойт арқылы/

  1. Оқиға қай мезгілде болды?

а/ аштық кезінде    ә/ҰОС кезінде     б/ күні кеше

  1. Байшынар өскен бау қалай аталады?

а/ Арыстан баба бағы   ә/ Бахтияр баба бауы     б/Байшынар бағы

  1. Жыланнан қорқып, ұясын мәжнүн талдың суға төнген солқылдақ шыбығының ұшына салатын құстарды ата

а/ зымыран құс пен қасқалдақ   ә/зымыран құс пен сарғалдақ   б/ сарғалдақ пен үкі

  1. Байшынарға балта шаппақ болған кімдер?

а/ Дадабай , Жуанқұл, Ахмет    ә/ Дадабай, Жуанқұл, Қабасақал   б/ Дадабай, Ахмет, Қабасақал

  1. «Мен Сібірде талай қарағайды құлатып едім, мынадай нәлетті көрген емеспін». Кімнің сөзі?

а/ Жуанқұл      ә/ Дадабай       б/Қабасақал

ІҮ Қорытынды

-Әңгіменің «Жүз жылдық жара» аталу себебеі неде?

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» дегендей, адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғатқа жасаған қастандығың –өзіңе жасаған қастандығың. Оған куә  -бүгінгі әңгімемізге арқау болған Байшынар ағашының жан жарасы мен Жуанқұлдың тағдыры.

Табиғаттың арайлансын ажары

Болмаса екен тартар оның азабы

Табиғатқа тазалықты тарту ет

Тарқамасын аң мен құстың базары – дей отырып , Табиғат –Ананы қолымыздан келгенше аялап, сақтасақ,  болашағымыздың үлкен келешегi деп түсiнiп, бүгiнгi сабағымызды аяқтаймыз.

Ү Бағалау

ҮІ Үй тапсырмасы

«Байшынар неге күңіренді?» тақырыбында шағын шығарма жазу

№1 жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

Ашық сабақ

Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара»

7 сынып

 

 

 

                                                         Алипова Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010-2011 оқу жылы