Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі

35

Тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі.

Мақсаты:    Электрондық хабар, компьютерлік желі ұғымдарымен таныстыру

а) білімділік;

Оқушыларға компьютерлік желінің не екенін, жергілікті және жалпы желі екенін, модем дегеніміз не және ол не қолданылатынын

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

Жергілікті желі.

Сабақтың көрнекілігі: Жергілікті желі

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VIҮйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы

  1. Компакт-дискіні орнату
  2. CD-ROM құрылғысының қызметі

ІІІ Жаңа сабақ

ДК ресурстары-бұл құрал-жабдықтар бағдарламалар және ДК-да сақталатын және оқылатын деректер.

Ортақ ресурс-бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы, ол бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді

Компьютерлік желі деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.

Компьютерді тікелей қосу-бұл екі компьютердің параллель портқа қосылған кабельдің қиындысымен қосылуы.

Жергілікті желі-бұл геоеграфиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы – ресурстарға бірігіп қатынау, сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау

Бір рангты желі-бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі.

Клиент-сервер типті желі-бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі-файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады.Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді.

Сервер-бұл компьютер немесе бағдарламалар дестесі, ол басқа компьютерде орындалатын пайдаланушының дестесіне қызмет көрсетудің спецификалық түрі. Бір компьютерде бірнеше сервер болуы мүмкін.

Файлдық сервер-бұл «Клиент-сервер» желісінде жұмысты басқаратын және ақпаратты сақтайтын арнайы компьютер.

Жұмыс стансасы-бұл желідегі кез келген кәдімгі компьютер, оның ішінде «Клиент-сервер» желісіндегі де.

Жүйелік әкім-бұл пайдаланушыларға нұсқаулар жүргізетін және ортақ деректерге қатынау режімін басқаратын желідегі жұмысқа жауапты тұлға

Желілер топологиясы-бұл компьютерлерді бір желіге қосу схемасы

Торап-бұл       желіге жалғанған кез келген жеке компьютер.

Модем-аналогтық телефон сымдарының көмегімен компьютерлердің арасында цифрлық ақпарат беру құрылғысы. Ақпаратты  қабылдау үшін желінің басқа ұында да модем болуы керек.

Протокол-бұл техникалық құрылғылардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ережелер жиыны.

Желілік протокол-бұл желідегі жұмысты басқаратын бағдарламалар кешені

IV Жаңа сабақты бекіту

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
  2. Жергілікті желі

V  Сабақты қорытындылау

211 беттегі тапсырманы орындау.

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу