ДБ туралы түсінік. ДБ жіктеу. ДБ құрылымы

Тақырыбы: ДБ туралы түсінік. ДБ жіктеу. ДБ құрылымы

Мақсаты:    ДБ туралы түсінік беру

а) білімділік;

ДБ туралы түсінік беру, жіктеу жолдарын үйрету

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

ДБ

Сабақтың көрнекілігі: Ms Excel

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ  Жаңа сабақ

ІІI Жаңа сабақты бекіту

ІV  Сабақты қорытындылау

V Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Жаңа сабақ

Қандайда болсын бір тасушыда, мысалы қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығын ДБ деп түсіну керек.

ДБ негізінен 3 белгісі бойынша жіктеледі.

Бірінші белгісі-сақтаулы ақпарттың сипатына қарай ДБ: фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.

Екінші белгісі-ақпараттарды сақтау әдісі бойынша ДБ орталықтандырылған және үлестірілген болып бөлінеді.

Үшінші белгісі-ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша ДБ реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.

РДБ дегеніміз-оны құрайтын бөліктерінің өзара қатынасына сай құрылған ДБ:

Күнделікті тәжірибеде бірден үлкен ДБ құру мүмкін емес. ДБ-мен жұмыс істеу барысында жазбаларды қосу, өшіру, т.б.,яғни оны түзетуге болады. ДБ құрылып болғаннан кейін оны түрлендіруге, яғни жазбаларды кез келген ретпен орналастыруға кірісу қажет.Жазбаларды берілген ретпен орналастыру операциясын ДБ сұрыптау деп аталады.

ДБ-ның мазмұнын берілген бір өріс немесе бірнеше өріс бойынша сұрыптауға болады. Деректердің сұрыпталуы орындалатын өріс түйінді деп аталады.

Егер біздің ДБ алфавиттік ретте сұрыптайтын болсақ, онда сұрыптаудан кейінгі жаңа дерек базасының мазмұны ескі жазбадағыдай болады, бірақ олардың аты-жөні афавиттік ретпен орналасады.

ІІІ Жаңа сабақты бекіту

  1. ДБ қалай жіктеледі?
  2. Үш белгілерін атаңыз

ІV  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу