Мультимедиялық бағдарламаларды өңдеу технологиясы. Бағдарламалар құру

39

Тақырыбы: Мультимедиялық бағдарламаларды өңдеу технологиясы. Бағдарламалар құру

Мақсаты:    Оқушылардың VisualBasic бағдарламалау ортасының негізі бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту. Мультимедиалық бағдарламаларды құрудың кезеңдері мен өңдеу технологиясымен таныстыру.

а) білімділік;

Оқушылар VisualBasic ортасында қолданбаларды жобалаудың негізгі кезеңдерңн білуі керек

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

Мультимедиялық бағдарламалар

Сабақтың көрнекілігі: VisualBasic

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Жаңа сабақ

ІІІ Жаңа сабақты бекіту

VІ Сабақты қорытындылау

VҮйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Жаңа сабақ

Электрондық басылымдар-бұл графикалық, мәтіндік, сндық, сөйлеу, әуендік, бейне және басқа ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылған құжаттарының жиыны. Электрондық басылымдар кез-келген электрондық тасымалдаушыда, оптикалық қолданылуы мүмкін, сонымен қатар электрондық компьютерлік желілерде де жарық көреді.

Мульимедиялық бағдарламаларды өңдеу барысында оның қандай болуы керек екенін ескеру қажет.

  • Эргономиялық, яғни қолданушының қолдануы және меңгеруі үшін қарапайым болуы қажет;
  • Оқыту барысында қолдану үшін әмбебаптығы, бұл әр комппьютерлік оқыту бағдарламасын тек автордың өзі ғана қолданбай әрбір мұғалім қолданатындай болуы керек;
  • Жеке және өзіндік жұмыстарын ұсынатын оқытуда жеке – бағдарланған бағытта болуы керек;

Мультимедиялық бағдарламалардың өңделуінің деңгейлерін, жалпы сапа көрсеткішін тізіп

шығайық:

  • өту, сілтемелер т.с.с барлық қарастырылған компонененттері орындалады;
  • бағдарламаны іске қосу операциялық ортаның немесе ОЖ-нің стандартты құралдарымен орындалады.

Дидактикалық көрсеткіштері:

  • оқушылардың жеке бағдарламаны баптау мүмкіндіктері;
  • оқушылардың өзіндік жұмысы құралдарының мүмкін болуы;
  • бағдарлама компоненттерінің интерактивті әсерлерінің қолданушыға әсерінің шапшаңдығы мен адекваттылығы;
  • бағдарлама бөлімдері бойынша ауысудың қарапайымдылығы;
  • оқу ақпаратын ұсынудың көрнекілігі

IV Жаңа сабақты бекіту

1.Электрондық басылымдар дегеніміз не?

  1. Электрондық тасымалдаушыларды ата

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу