Файл. Қапшық. Жарлықтар. Қапшық құрылғылары

110

Файл. Қапшық. Жарлықтар. Қапшық құрылғылары

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

  1. «Сілтеуіш» терезесін қарап шығып, оның С: дискісінде «Информатика» қапшығын құрып, әрекеттерін жаз.
  2. «Информатика»қапшығының ішінен «Ақпарат»атты екінші деңгейлі қапшық құрып, әрекеттерін жаз.
  3. Қапшықтың құрлымында оның қалай орналасқанын қарап, сипаттама бер. «Информатика» қапшығын жауып, одан кейін С:/ дискісін жабу әрекеттерін жаз.
  4. Жұмыс үстелінде уақытша «Информатика» жарлығын құр және әрекеттерін жаз.
  5. Жұмыс үстелінде уақытша «Алматы» қапшығын құр.
  6. «Алматы» қапшығының ішіне өзің тұратын көшенің есімімен аталатын бос құжат файлын құр және құру жолын жаз.
  7. «Алматы» қапшығын жұмыс үстелінен сілтеуіш терезесінің С:/ Дискісіне тасымалдап жылжытқанда қанша әрекет орындалатынын жаз.
  8. Жұмыс үстелінде «Алматы» жарлығын құр және құру жолын жаз.

2-деңгей

  1. Сілтеуіш терезесінде «Мои документы» қапшығының ішінен «Ақпарат» атты қапшықты құр. Сілтеуіштің оң жақ терезесіне қалауың бойынша файлдар тізімін шығарып, оған қатар тұрған бірнеше файлды белгіле.
  2. Екінші деңгейлі «Ақпарат» қапшығының ішіне тасымалдау әдісімен белгіленген файлдарды көшіріп, осы файлдар көшірлген қапшықты ашып, олардың түгел көшірілгенін анықтап, сипаттама бер.
  3. «Ақпарат» қапшығына көшірілген файлдардың кез келген біреуінің атын «Компьютер» деп өзгерту әрекетін жаз.
  4. Сілтеуіштің оң жақ терезесінде «Ақпарат» жарлығын құру әрекетін жаз.

5.Сілтеуіш терезесінде қапшықтар құрлымынан «Ақпарат» қапшығын ашып, «Компьютер» файлын белгілеп, орындалған әрекеттерге сипаттама бер.

6.Белгіленген  «Компьютер» файлын «Алматы» бумасының ішіндегі «Райымбек» бумасына жылжыт. «Ақпарат» бумасын ашып, қарап шығып ондағы белгіленген файлдың көшірмесі алынбай, өзі жылжығанын анықтап, талдау жаса.

7.Жұмыс үстелінде «Алгоритм» атты бос файлды құрып, оны «Ақпарат» бумасының ішіне жылжыт.

8.Бос файлды тышқанның көмегімен жүктеп, экранда қандай терезе пайда болғанын анықта.

3- деңгей

1.Жұмыс үстелінде «Калькулятор» жарлығын қой.

2.Қойылған жарлықты пайдаланып, мына арифметикалық өрнекті есепте:(14689+45621*36587)

  1. «Калькулятор» программасы туралы толық мәліметті алып, сипаттама бер.
  2. 4. «Калькулятор» бумасын құрып, оған «математика» файлын сақта және орындау әрекеттерін анықта.

Тест тапсырмалары

  1. Файл атауын қалай ажыратуға болады?

А. Аты немесе кеңейтілуі

В. Кеңейтілуі

С. Атынан кейін қойылған нүкте арқылы

  1. Кеңейтілудің алдына қойылған нүкте арқылы

Е. Нүктеден кейін кеңейтілу арқылы

  1. Бос файлды қалай құруға болады?

А. Жанама меню арқылы

В. Создать- файлды құру құжатын таңдау арқылы

С. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы

  1. D. Жанама меню- Создать- белгісін таңдау арқылы

Е. Жанама меню- Создать- W белгісін таңдау арқылы

  1. Бума бұл…

А. Белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай орналастырылған файлдар тізіміне берілетін атау

В. Файлдар тізімі орналасқан орын

С. Каталог

  1. Магниттік дискіге белгілі бір атаумен орналастырылған файлдар тізімі

Е. Директория

  1. Буманы жұмыс үстелінде құру үшін қандай әрекеттер орындалады?

А. Тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама менюді шақыру

В. Жанама менюден Создать командасын таңдау

С.Создать- Папки

  1. D. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы Папки қатарына басу

Е. Жанама меню- Создать- Папки

  1. Қандай тұжырым дұрыс емес?

А. Файл- бума- жарлық

В. Файл- бұл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар арқылы

С. Жарлық- бұл бумалардың ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл

  1. D. Буманың атын кез келген символмен өзгертуге болады

Е. Жарлық кез келген бума үшін жасала береді

  1. Жарлықты қанша тәсілмен құруға болады?

А. 2 немесе 3;  В. 3 немесе 5;     С. 2;      D. 4, не 6;    Е. 1

  1. Жарлық- бұл…

А. Командалық файл

В. Кез келген дискіде орналасқан объектіні бірден орындауға негізделген командалық файл

С. Кез келген объектіні бірден орындау бұйрығы.

  1. Тізбектей орналасқан объектілерді біртіндеп орындау бұйрығы.

Е. Кез келген дискідегі объектіні іздеу жүргізбей-ақ бірден орындауға мүмкіндік беретін командалық файл

  1. Бума түрлерін ата

А. Ашық, жабық

В. Мәтіндік немесе графиктік құжаттар орналасқан бумалар

С. Мәтіндік, кестелік, символдық, дыбыстық ақпараттар орналасқан бумалар.

  1. D. Кестелік, символдық ақпараттар орналасқан бумалар.

Е. Төменгі не жоғарғы деңгейлі бумалар.

  1. Файлды ашу үшін қанша әрекет орындалады?

А. 2 ;   В. 3;    С. 2 не 3;   D. 1;    Е. 3 не 4

  1. Жарлықты құру үшін ең алдымен не таңдап алынады?

А. Орны

В.объекті

С. Жарлықты құратын объекті.

  1. D. Кез келген объектіден орын.

Е. Жарлық орналасқан орын.

 

 

 

 

Объектілерді көшіру. Себет. Себеттегі объектілерді өшіру. өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру.

Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей

  1. Сілтеуіш терезесіндегі «Менің құжаттарым» бумасының ішіне «Сынып» атты бума құр. Аталған бумаға өз қалауың бойынша жоғарғы деңгейдегі бумадан бірнеше құжаттың файлдарын көшір.

2.Файл не бума жөнінде толық мәлімет алатын суретті ойлап, сипаттама бер.

  1. Сілтеуіш программасындағы кез келген екі буманы таңдап, сипаттама бер.

2-деңгей

  1. Төмендегі берілген сурет бойынша объектіні қалай өшіруге болатынын түсіндір.
Удалить
Переименовать
свойства

 

  1. Төмендегі берілген суреттерді пайдаланып, объектілерді көшірудің тиімді

вариантын анықта.

Отправить
Копировать
Вырезать
Удалить
Переименовать
свойства

 

  1. Себеттегі файлдар мен бумаларды өшіру әрекеттерін жаз.

3-деңгей

  1. Себетке өшірілетін файлдар мен бумаларды жіберу әрекеттерін жаз.
  2. Төмендегі берілген кестенің оң жағын толтыр.
әрекеттер атауы мысалдар Орындау әрекеттерін сипаттам Салыстырмалы талдау жасап, тиімді варианттарды анықтау
1.Объектілерді көшіру
2. Объектілерді өшіру
3.Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру

 

 

 

 

Тест

  1. Файлды өшіру әрекеттерінің санын анықта

А. 3;     В. 2;     С. 4;        D. 6;     Е. 1

  1. «Мой компьютер» терезесінің меню қатырына жатады:

А. Файл. Правка, Вид, Сервис;        В. Файл, Правка, Вид

С. Файл, Правка, Сервис;                 D. Правка, Вид

Е. Сервис, Правка, Вид,

  1. Маустың оң жағын басқанда қандай меню пайда болады?

А. Қосалқы;    В. Жанама;   С. Көмекші;   D. Неізгі;    Е. Негізгі, көмекші

  1. Сілтеуіш программасы терезесінің меню қатарына жатады:

А. Правка, Вид;                                 В. Файл, Правка, Вид

С. Файл, Правка, Вид, Сервис;        D. Правка, Вид

Е.Файл, Сервис

  1. Файлды не буманы жылжыту үшін қанша әрекет орындау керек?

А. 5;      В. 10;       С. 4;       D. 3;    Е.2

6.Файлды не буманың атын өзгерту үшін қанша тәсілді орындау керек?

А. 4;      В. 6 ;      С. 8;       D. 10;     Е.12

  1. Өшірілген файлдар мен бумаларды уақытша сақтайтын объекті?

А. Мой компьютер;                             В. корзина

С. Проводник;                                      D. мой компьютер не проводник

Е. Проводник не мой кмпьютер.

8.Себеттегі файлды не буманы жою тәсілдерін ата?

А. Жанама меню не Delete пернесін пайдалану арқылы.

В. 2

С. Delete пернесі арқылы

  1. маустың оң жағын 2 рет басу арқылы

Е.3

9.Өшірілген файлды қалпына келтірудің қанша тәсәлі бар?

А. 3,          В. 12;        С. 7;    D. 5;    Е.2

  1. Сілтеуіш программасын іске қосу тәсілдерін ата?

А. Жанама меню Іске қосу батырмасы арқылы

В. Жанама меню арқылы

С.  Пуск-Программа-Проводник

  1. маустың оң жағын 2 рет басу арқылы

Е. Тапсырмалар тақтасынан жанама менюді шақыру арқылы

  1. Файлдың не буманың орындарын алмастырудың қанша әрекеті бар?

А. 3;     В. 15;      С. 4;          D. 5;       Е.8

  1. «Түзеу» менюіндегі «Копировать» командасының қызметін ата?

А. Файлды не буманы көшіру

В. Файлды 1 орыннан келесі орынға тасымалдау

С. Буманы не файлды 1 дискіден келесі дискіге көшіру

  1. файлды 1 бумадан келесі бумаға көшіру

Е. Файлды дискіден бумаға көшіру

13.Файл мен буманың атын өзгерту үшін жанама менюден қандай қатарды таңдау керек?

А. Переместить;                                                  В. вырезать

С. Переименовать;                                              D. создать, не переименовать

Е. Открыть, не переименовать.

 

 

 

 

Объектілерді іздеу. Сілтеуіш. Анықтама.

Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей

  1. Сілтеуіш программасындағы бумалар құрлымына сипаттама бер және оны төмендегі кестеге толтырып, жаз.
                      Атауы            + сипаттама
1
2
3
4
5
  1. «Менің компьютерім» бумасынның қайда орналасқанын тауып, оған сипаттама бер.
  2.  Меню қатарындағы «?» белгісінің мазмұнына сипаттаманы кесте түрінде бейнелеп, жаз.

2-деңгей

  1. «Тауып алу» сұхбат терезесінің «Имя и размещение» қосымшасындағы «Имя» қатарында файл атын анықтамада берілген үлгімен енгізе отырып, іздеу жұмыстарын жүргіз.
  2. Аты белгісіз, бірақ орналасқын жері белгілі өзіңіз сақтап қойған кез келген бір файлды «Сілтеуі» терезесінен тауып алып, сол жерден іске қос. Сөйтіп, оның орындау әрекеттері жаз.
  3. «Сілтеуіші» іске қосу әрекеттерін кескін түрінде бейнелеп, тиімді әдісін анықта.

3-деңгей

  1. Іске қосу- негізгі меню –Іздеу- Файлдар мен бумалар жолымен «тауып алу» сұхбат терезесін экран бетіне шығарып, оның үш қосымшасынның керекті параметрлерін енгізе отырып, кезек-кезек пайдалану арқылы файлдарды тауып, іске қос та, орындау әрекеттерні жаз.
  2. « Менің компьютерім», «Сілтеуіш» программасына салыстырмалы талдау жасап, оны кесте түрінде бейнеле.

Анаграмма «Сілтеуіш»

 

С
І
Л
Т
Е
У
І
Ш
  1. Меню қатары
  2. Негізгі меню қатары
  3. Тұрақты меню қатарының бірі.
  4. Көмекші ақпараттарды алу.
  5. Файлдар сақталатын орын.
  6. Әрекеттерді орындау амалдарының бірі.
  7. Бір бумадан келесі бумаға файлдарды ….

 

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

  1. Бірінің ішінде бірі қабаттаса орналасқан терезе типі

А. Қосымша;                                      В. стандартты

С. Белсенді (активті);                         D. негізгі

Е. Қосымша  және негізгі

  1. Сілтеуіш программасының терезелер саны

А. 5;        В. 4;       С. 2;    D. 3;    Е.1

  1. Файл- бұл…

А. дискіде сақталатын атаулар жиыны

В. Белгілі бір атпен дискіде не компьютер жадында сақталатын программа не құжат.

С. Компьютер жадында не дискіде сақталатын ақпараттар диыны

  1. мәтін не құжаттар тізімі

Е. Ақпараттар жиынтығы

  1. Терезенің құрлымдық элементтеріне:

А. Терезенің қатары, меню қатары, басқа дискіге немесе бумаға көшіру, терезенің негізгі жұмыс алаңы, тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары

В. Меню, саймандар тақтасы.

С. Саймандар тақтасы, меню, көлденең қозғалту жолақтары, тақырып қатары

D.тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, енгізгу жұмыс алаңы

Е. Басқа дискіге не бумаға көшу, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары.

  1. Объекті іздеу үшін қанша әрекет орындалады?

А. 1;     В. 3;     С. 4;     D. 2 не 3 не 4;     Е. 5

  1. «Анықтама» терезесінде қанша парақ бар және оларды ата?

А. 3: Содержание-предметный указатель-поиск

В. 2: Содержание-поиск

С. 1: Содержание

  1. 3: Вывести- печать-отмена

Е. 4. Содержание- вывести-предметный указатель-поиск

  1. «Анықтама» шақыру үшін қанша әрекет орындалады?

А. 3;       В. 2;    С. 1;       D. 4;    Е.5

  1. «Анықтама» алу үшін қандай перне пайдаланылады?

А. Ғ5;  В.Ғ4,Ғ5;    С. Ғ1;   D. Ғ2;   Е.Ғ10.

  1. Объектіні іздеу қандай терезе арқылы жүзеге асырылады?

А. Хабар алмасушы;                          В. сұхбат

С. Анықтама;                                      D. негізгі

Е. қосымша

  1. Қандай тұжырым дұрыс емес екенін анықта?

А. Анықтама- Сұхбат

В. Содержание-Предметный указатель-поиск

С. Анықтамалық жүйе контестке тәуілді

  1. кез келген сұхбат терезеде «көмек» батырмасы орналасқан

Е. Вывести-печать-отмена

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иілгіш және компакт-дискілер. Ақпаратта жазу және оқу. Ақпаратты тасымалдау.

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

  1. Иілгіш, қатты және компакт-дискілерге салыстырмалы талдау жасап, кестені толтыр.
Атауы Қасиеттері Ерекшеліктері
Иілгіш
Қатты
Компакт-дискі
  1. 2млн. символды сақтауға қанша жады көлемі қажет екенін еспете?
  2. 1,44Мб көлемді дискіге қанша ақпарат жазуға болатынын анықта.

2-деңгей

  1. Иілгіш дискілердің диаметрі дюймда беріледі. Иілгіш дискілердің өлшемін см.бойынша есепте (1дюйм=2,54 см)
  2. Ақпаратты тасымалдаушылар тарихына сипаттама беріп, реті бойынша орналастырып жаз.
  3. 3,5 дюймды иілгіш дискі жадының көлемі 1,44Мб тең. Ал лазерлік дискіге 640Мб ақпарат енеді. Олай болса, бір лазерлік дискідегі ақпаратты қанша иілгіш дискіге жазуға болатынын анықта.

3-деңгей

  1. «Параметрлер» графасыны сәйкес графаларды толтырып, сипаттама бер.
Параметрлер Сыртқы жад Ішкі жад
Жад өлшемі (шектелген/ шектелмеген)
Компьютерді өшіру (жоғалады/жоғалмайды)
Мәліметтерді сақтау (уақытша/ұзақ уақытқа)
Жұмыс жылдамдығы тез (ең аз)
  1. Бір символды жазу үшін жадының 1байты жеткілікті. 18 бетті торкөз дәптердің әрбір торкөзіне 1 символдан жазамыз. Олай болса, 1,44Мб көлемді иілгіш дискіге қанша дәптер ақпарат жазуға болатынын анықта?

3.Қатты дискінің көлемі -2,1Гб. 1 минутта мультимедиа құрылғысы 200 әріпті ақпарат қабылдайды. Қатты дискінің 90%-ін толтыру үшін қанша уақыт сөйлеуге болатынын анықтап, сипаттама бер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Графикалық редактор Paint

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

  1. Төмендегі берілген суреттер қандай құралдардың көмегімен салынғанын анықтап, орындау әрекеттерін жаз.

 

 

 

 

 

 

  1. Мына әрекеттер бойынша суретті салып, атын анықта.

А) көкжиектегі «сызық» құралын пайдаланып сал

ә) «шашыратқыш» құралын пайдаланып, орманның бейнесін кескінде

б) «өшіргіш» құралын қолданып, орманның қажет емес сызықтарын алып таста.

В) көкжиектің түр-түсі мен радиусын өзгерте отырып, ормандағы бұлтты күнді көрсет.

  1. Төмендегі берілген жұмбақтарды шешіп, шешімін экранда бейнеле.

 

А) Тетігін бассаң алаңсыз.

Жазады қағаз-қаламсыз

Ә)   Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың

Б) Мәліметті сұралған,

Экранға шығарған.

 

В) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

Г) Жүзден артық түймемен,

Компьютерді билеген.

 

2-деңгей

А) 4 сызықты, 4 төртбұрышты, 2 шеңберді және 2 шашыратқышпен бояу құралдарын қолданып, салынатын суретті ойлап, экранда бейнеле.

Ә) Төмендегі  берілген фигураларды құрастырып, салынатын суретті экранда бейнеле:

Б) Төмендегі берілген суретті толықтырып, экранға бейнеле:

  1. Саймандар тақтасындағы құралдарды пайдаланып, «көктем» мезгілінің бейнесін сал.

3-деңгей

  1. Атаулары бойынша суреттер салып, оларды Paint редакторының қандай құралдарын пайдаланып салу тиімді екенін анықтап, кестені толтыр.

А) Қыс көрінісі

ә) Ағаш ұстасының құралдары

б) Табиғат көрінісі

В) Қазақстан Елтаңбасының бейнесін сал.

Г) қалаған тақырыпта шығармашылық жұмыс жасау.

1-деңгей

А) 2 сызық, 3 төртбұрышты және 5 қарындашты пайдаланып, салуға болатын суретті ойлап тауып, бейнесін экранға шығар.

ә) 6 төртбұрышты пайдалану арқылы «үйдің» бейнесін сал.

2-деңгей

  1. Төмендегі берілген суреттің бейнесін салып, орындау әрекеттерін кестеге толтырыңдар.
Тапсырма атауы Пайдаланылған құралдар атауы Орындалатын әрекеттер
1 Тұйықталған қисық сызықтардың ішіне тік төртбұрыш сал Қарындаш, тік төртбұрыш, өшіргіш
2 2 тік төртбұрышты, 6 сызықты, қарындашты пайдаланып өрнектелген үй сал Қарындаш, тік төртбұрыш, өшіргіш, сызық

3-деңгей

Кестедегі көрсетілген құралдардың әрекеттерін анықтайтын бейнелерді сал.

Тапсырманың реті Құралдар атауы Пайдалану реті
1 Қарындаш

Төртбұрыш

Сызық

5

8

3

2 Төртбұрыш

Сызық

Қарындаш

өшіргіш

6

7

10

3

1-деңгей

Төмендегі берілген суреттерді салуда «Эллипс» және «Бүріккіш» құралдарын пайдалан.

2-деңгей

Төмендегі берілген суретті «Эллипс» және «Бүріккіш» құралдарын пайдаланып толықтырып сал. Роботтың бейнесін сал.

3-деңгей

Атауларына байланысты суретті сал:

А) глобус;            Ә) «Олимпиада қонжығы»

4-деңгей

Төмендегі жұмбақтардың шешуін тауып, бейнесін салаңдар

А) Асты тас, үсті тас,                           Ә) Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді.

Ортасында  піскен ас.                           Ұстай қалсаң, сөйлеп кетеді.

1-деңгей

Жазылған тауларға сәйкес заттың бейнесін сұрақ (?) белгінің орнына сал

2-деңгей

Әр түрлі боялған жеңіл машинаның екі түрлі маркасынның суретін сал

3-деңгей

6-сынып оқушылар «Қазақстан» кинотеатрына барып, «Банданы қуған Хамит» киносына 2-ші қатардан 6-дан 30-шы орынға дейінгі билеттерді сатып алды. Аталған билеттердің бейнесін сал.

4-деңгей

Төмендегі суреттердің ішіне көрсетілгендей жазбаларды түсіріп, оларға сипаттама бер.

5-деңгей

Атаулары бойынша суреттер салып, оларды Pаіnt графикалық редакторының қандай құралдарын пайдаланып салу тиімді екенін анықтап, кестені толтыр.

А) «Күз»көрінісі ;      Ә) компьютер құрлымы;   б) тау көрінісі.

Сурет атауы Пайдаланылған құралдар Орындалатын әрекеттер Тиімді вариант нөмері

Анаграмма «Қарындаш»

Қ
А
Р
Ы
Н
Д
А
Ш
  1. Бөліп аланғанаймақты толығымен бояу құралы
  2. бояулар орналасқан тақта.
  3. Өшіру құралы
  4. Қисық сызықты салу құралы.
  5. Меню қатарлаының бірі.
  6. Графиктік…
  7. Масштабты үлкейту құралы.
  8. Кез келген бейнені бояулар арқылы өрнектейтін құрал.

 

Тест тапсырмалары

  1. Компьютерлік графика-бұл…

А. Графикалық ақпараттар көрінісі

В. Компьютерлік графикалық ақпарат

С. Графикалық ақпаратты компьютерде бейнелеу

  1. графикалық редактор

Е. Компьютерде бейнеленетін графикалық ақпарат көрінісі

  1. Графикалық редактор терезесінің меню құрамы:

А. Файл, Правка, Рисунок

В. Файл, Вид, Правка, Рисунок.

С. Рисунок, Парматры, Вид.

  1. Параметры, Справка, Правка, Вид

Е. Файл, Правка, Вид, Рисунок, Параметры, Справка.

  1. Суретті салу мен оны редакторлеу құралы қанша?

А.8;    В. 16;     С. 9;    D. 12;    Е. 10.

  1. «Қарындаш»құралының қызметін ата?

А. әріптер мен цифрлар салу

В. Сызықтар салу

С. Қисық сызытарды салу.

  1. жуандығы 1 пиксел болатын түрлуі сызықтарды салу.

Е. әр түрлі геометриялық фигураларды салу.

  1. Графикалық редактор программасын іске қосу үшін қанша әрекет орындалады?

А. 5;    В.8;    С. 12;   D. 4;   Е. 2,

  1. «Қылқалам» құралы не үшін керек?

А. Жуан сызықты салу үшін

В. әр түрлі геометриялық бейнелерді салу.

С. Жуан сызықты салу мен түрлі сурет салу.

  1. түрлі суреттер әсемдеу.

Е. Қисық сызытармен түрлі бейнелерді салу.

  1. Құралдар жиынтығы мен «Палитра» қандай менюде орналасқан?

А. Правка

В. Вид

С. Правка не Вид

  1. Файл не Правка.

Е. Вид не Файл.

  1. «Бүріккіш» құралы қандай қызмет атқарады?

А. Кез келген бейнені бояу

В. әр түрлі геометриялық бейнелерді салу.

С. Геометриялық бейнелерді салып, бояу.

  1. эллипс пен төртбұрышты бояу

Е. Салынған барлық бейнелерді бояу.

9.Графикалық редактоp  «Paint» терезесінің құрлымдық элементтрені ата?

А.жұмыс алаңы, саймандар тақтасы.

В. Түс палитрасы.

С. Жұмыс алаңы, саймандар жиыны, түс палитрасы, өлшемдерін өзгертетін маркерлер, қоғалту жолақтары.

  1. жұмыс алаңы, меню қатары

Е. Тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, жұмыс алаңы, түс палитрасы.