оқушыларды жапсырмалау өнерінің түрлерімен таныстыру.

207

Жапсырмалау өнері

Эльмира Біржанқызы ШАРИПОВА.

Қазақ мектеп – гимназиясының технология  пәнінің мұғалімі.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жапсырмалау өнерінің түрлерімен таныстыру.

Білімділігі:жапсырмалау өнерінің түрлерін, жапсыру технологиясын түсіндіру.

Дамытушылығы:оқушыларды жапсырмалау, қиыстыру тәсілі арқылы әр түрлі бұйымдар жасауда шеберліктерін шыңдау арқылы эстетикалық талғамын, ой – қиялын дамыту.

Тәрбиелігі:оқушыларды үнемділік пен ұқыптылыққа баули отырып, әсемдікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, орыс тілі, математика.

Сабақтың көрнектілігі: жіп қиындыларынан, қағаздан, матадан жасалған коллаж, панно, нұсқау карта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ беру арқылы оқушылардың білімін тексеру.
  3. Жаңа сабақ.

Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста0 орта Азияда жақсы дамыған. «Жапсырма», «аппликация» латынның «жапсыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі:

  • түрлі түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма;
  • әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп және т.б. материалдарды қолданумен орындалатын жапсырма;
  • табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер, т.б.) қолданумен орындалатын жапсырма;

Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі – екі түстен құрақ құрап, жапсырмалау. Негізгі жүннен басылған жұқа киіз бетіне түсті барқыттан өрнекті құрақ жапсырыпбұйым жасайды. Сондай-ақ, ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмақтың өзі жапсырмалау өнерінің бір туындысы. Бұл өнер киімде, әсіресе баскиімдерде көбірек қолданылады.

Ертеде халқымыз бар қажетін өз қолдарымен жасаған уақытта, қолөнерді барынша дамытты, әр бұйымды үлкен өнер көзіне айналдырды, бұйымға салынатын ою-өрнекке терең мән берді, наным-сенімін паш етті. Барынша әдемілікке ұмтылды, ал қазіргі уақытта өнеркәсіп пен техника дамыды, барлық қажет бұйымдар дүкенде бар. Әйтсе де, өз қолымызбен, игерген білімді пайдаланып жасаған дүниелердің орны бөлек. Әр істе өзіңді сынап, шеберлігіңді қалыптастыру өз-өзіңді бағалау үшін қажет.

Сарамандық жұмыс.

«Көктем» коллажын дайындау үшін

  1. Эскиз жасау;
  2. Дайын эскизді бояу;
  3. Планщед дайындау;
  4. Салынған эскизге сәйкес мата таңдау;
  5. Калька қию;
  6. Планщедке бір түсті мата жапсыру;
  7. Қиып дайындаған матаны алдымен желімсіз үйлестіріп көру;
  8. Желім арқылы барлық бөлшектерді желімдеу, орналастыру;
  9. Сәндеу, әдіптеу;

Сабақты бекіту.

  1. Жапсырмалау деген не?
  2. Жапсырмалау өнері неше бөлікке бөлінеді?
  3. Желіммен жұмыс істеу ережесі.
  4. Халқымыздың қандай ұлттық бұйымдарында жапсырмалау өнері қолданылады?

Үйге тапсырма:жапсырмалау өнері арқылы өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасау.