Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы — For

76

Сабақтың тақырыбы:  Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы — For

Мақсаты:

1. FOR –DO операторы көмегімен программалауды үйренеді.

2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастырады. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдетеді.

3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескереді.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, презентация,  компьютер.

 

Өтілу әдісі: Теориялық  сабақ.

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Проблеманы айқындау кезеңі:

Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)

·         Әзір-қайталау операторы не үшін қолданылады?

·         Дейі- қайталау операторы қалай орындалады?

·         Қайталау параметрі деген не?

·         Repeat – Until –дің While – do –ден қандай айырмашылығы бар?

·         Бұл оперторларда циклдің қайталану саны белгілі ме? (жоқ)

·         Қайталанатын процес саны алдын ала белігі болған жағдайда не істеуге болады?

Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

Проблеманың шешімін табу:

 

1.  Қайталау саны алдын-ала

белгілі болған жағдайда For – Do және For – Downto

операторларын қолданған

ыңғайлы. Жазылу түрі:

For <цикл

параметрі>=<алғашқы мән>

to <соңғы мән> do

begin;

<серия>;

end;

For <цикл

параметрі>=<соңғы мән > to

< алғашқы мән >  downto

 

 

For <цикл параметрі>=<алғашқы мән> to <соңғы мән> do

begin;

<серия>;

end;

For <цикл параметрі>=<соңғы мән > to < алғашқы мән >  downto

begin;

серия;

end;

 

 

 ЕСЕП: Сөйлем сөздерден тұратыны белгілі. Клавиатурадан енгізілген сөйлемдегі ең ұзын сөзді және оның қанша таңбасы бар екенін анықтайтын программа жазыңыз:

МАТЕМАТИКАЛЫҚ модел:

Не белгілі?

Цикл параметрі і –типі бүтін сан, сөйлем– типі жолдық, ең ұзын сөз

mr — типі жолдық, – ең ұзын сөздегі әріптер (таңбалар) саны –типі бүтін сан.

Не істеу керек?

mr, шамаларының мәндерін анықтау;

Қалай есептейміз?

бастапқы мәліметтерді енгіземіз s, бастапқы мәндерді меншіктейміз m=0,

Қайталау парамтерi i 1-бастап сөйлем ұзындығына дейін өзгереді. Әр қайталау сайын кезекті таңбаны s[i] аралық шамаға жинақтаймыз, әрі оның бос орынға (пробелге) тең емес екенін тексереміз. Бос орын кездессе r –шамасына сөйлемнің бір сөзі жинақталғанын білеміз. Оның әріптер санын алдынғы сөздің әріптер санымен салыстырамыз да, қайсысында таңба көп болса сол сөзді mr және оның таңбалар санын m сақтап қаламыз.

program uzynsoz;

var i,m: integer;

mr,s,r: string;

begin

  writeln(‘Бірнеше сөзден тұратын сөйлем енгізіңіз ‘);

  read(s); m:=0;

   for i:=1 to length(s) do

   begin

r:=r+s[i];

  if s[i]=’ ‘ then r:=»;

 if m<length(r) then begin m:=length(r); mr:=r;end;

end;

writeln(‘Ең ұзын сөз: ‘,mr);

writeln(‘Оның ‘,m,’ таңбасы бар’);

end.

Тапсырмалар

30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program jup;

Var i: integer;

Begin

Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);

For i:=30 downto 10 do

If   I  mod 2=0 then

Writeln (i);

Үйге тапсырма:

5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.

Шешуі:Program kosindi;

Var I, s:integer;

Begin

S:=0;

For i:=5 downto 1 do

S:=S+I;

Writeln (‘s = ‘, s);

End.