Ас қорыту жүйесі бойынша қорытындылау

111

Ас қорыту жүйесі  бойынша  қорытындылау

Сабақтың мақсаты: оқушыларға терең де,тиянақты білім

беру мақсатында «Ас қорыту» тарауы бойынша пысықтау

жүргізу; топтарға бөлініп,шығарма-шылық жұмыс жасауға

және белсене қатысуға үйрену; мәселелерді  бірігіп талдап,

шешу жолын іздестіру және өмірде пайдалана білу қабілеттілік

терін дамыту.

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,кесте-сызбалар,үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңінде сабақтың мақсатын қойып,оның жүру жоспарымен таныстырылады.Тренинг сабағының ұстанымдары түсіндіріледі.

1.Адамдық:тренингке қатысқан оқушы шыншыл,ойын нақты айтып көрсету керек.

2.Белсенділік:оқушылардың сабаққа толығымен қатысуы керек.

3.Өзін-өзі еркін ұстау: оқушылардың шығармашылық деңгейге жетіп ой қорытындылауы,өз білімін іс жүзінде пайдалануы қажет.

Тренинг кезеңдері.

1.Сергіту.

2.Еске түсіру.

3.Шығармашылық тапсырма.

4.Интерактивті тақтадағы тапсырмалар.

  1. Іздену-зерттеу.
  2. Өзін-өзі тексеру.
  3. Саралау-бағалау.

8.Үйге тапсырма.

ІІ.Сабақ  кезеңдері:

 

1.Сергіту кезеңінде сұрақтар қойылып,жауап алынады.

1.Қоректік заттардың маңызы қандай?

  1. Ауыз қуысында ас қандай өзгерістерге түседі?

3.Тамақтану мерзімін сақтаудың маңызы неде?

4.Іш құрт ауруларын неге «кір қалдық ауруы» деп атайды?

1.Адам организміне қажетті қоректік заттар туралы не білесіз?

2.Қарын сөлінің құрамына не кіреді?

3.Ұлтабар ұшында ас қалай өзгереді?

4.Тамақтан уланудың себептері неде?

1.Тістің,тілдің,сілекейдің маңызы қандай?

2Қоректік заттарға сөл қалай әсер етеді?

3Қорытылған ас қалай сіңіріледі?

4.Тамақтан уланудың қандай белгілері болады?

2.Еске түсіру кезеңінде оқушыларға электронды оқулықтан көрсетіледі:

А) Ас қорытудың маңызы.

Ә) Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

Б) Ас қорыту мүшелерінің жұмысы.

3.Шығармашылық тапсырмалар.Оқушылар ұсынылған тақырыптарды тереңдете талдап жауап беру мақсатында кесте-сызбаларды пайдаланады.

№1- Кестемен жұмыс.

Адамның ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметі.

 

   Мүшелер          Құрылысы      Атқаратын қызметтері
1 Ауыз қуысы Тістер Тағамды механикалық өзгеріске ұшыратады.
Тіл –бұлшық етті мүше Шайнау,жұту қызметін атқара тын дәм сезу ,сөйлеу мүшесі.
Сілекей бездері-үш жұп өзе гі ауыз қуысына ашылады. Тағамды механикалық, химия лық өзгеріске ұшыратады.
2 Жұтқыншақ Іші қуысты бұлшық етті мүше. Тамақтың жұтылуына қатысады.
3 Өңеш 25 см іші қуысты бұлшық етті мүше,сілемей бөледі. Толқын тәрізді жиырылып  асты  асқазанға жеткізеді.
4 Асқазан Алмұрт  пішінді асқорыту жолы ның кеңейген бөлімі.Ұсақ безде рі қарын сөлін бөледі. Сөл әсерінен нәруыздар ыдыр- айды.Тағам араласып, қорыт- ылады.Оны тұз қышқылы залалсыздандырады.
5 Аш ішек 5-6 м бұлшық етті мүше. Бастапқысы-ұлтабар.Оған өт өзегі мен ұйқы безінің өзектері ашылады.Ұсақ без дер ішек сөлін бөледі. -нәруыз,көмірсулар ыдырайды

-тағамдық заттар қанға сіңеді.

-лимфа түйіндері микроорган-измдерден қорғайды.

6 Тоқ ішек 1,5 м,сілемейлі қабығы қатпарлы  әрі онда бүрлер болмайды. Соңғы бөлімі тік ішек. -нәжіс түзіледі.

-су қайтадан денеге сіңеді.

-тағамның қорытылуы,сіңуін бактериялар қамтамасыз етеді.

-нәжіс сыртқа шығарылады.

№2 – сызбалар арқылы түсіндіру.

А) «Ауыз қуысы»

Ә) «Ас қорыту жолы»

 

  1. Интертақтадағы тапсырмалар.

А) Ауыз қуысы.

Ә) Тістің құрылысы

Б) Сәйкесін табыңыз.

1.Ауыз қуысындағы ас қорыту түрлері.

2.Сілекейдің атқаратын қызметі.

3.Тағамды жұтуға қатысатын мүшелер.

  1. Тағамның ас қорыту мүшелерінде қозғалу себептері.

5.Ауыз қуысында қандай қоректік заттар ыдырамайды.

6.Жұтыну кезінде тағамды көмейге жібермейді.

Жауаптары:

1.Бұлшық еттердің толқын тәрізді жиырылуы.

2.тағамның залалсыздануы.

3.Нәруыздың ыдырауы.

4.Майлардың ыдырауы.

5.Бөбешік.

6.Тағамның сілекеймен шалынуы.

7.Көмірсулардың ыдырауы.

8.Тағамның ұсатылуы.

9.Тіл.

10.Жұтқыншақ

 

5.Іздену-зерттеу.  кезеңінде оқушылар берілген тапсырмаларды өз бет терімен ізденіп,ғаламторды пайдалана отырып орындау керек.

Берілген тапсырмалар:

  1. Бауырға бекем болыңыз!
  2. Аурулардан сақтаныңыз!

3.Дұрыс тамақтана білесіз бе?

4.Зертханалық жұмыс:

тамақ рационын құру;

5.Тыңдаңыз.қызық!

а) Тістің жадыға әсері;

б) Көп жасағыңыз келсе;

 

Тістің жадыға әсері.

Есте сақтау қабілеті тістердің санына байланысты екенін жапондық ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Олардың зерттеу нәтижесі ғалымдардың өздерін таң  қалдырды.Тіс дәрігерінің орындығына отырып,өзіміздің есте сақтау бөліктерінен айырылып жатқандығымызды кім ойлаған?

Швед мамандары 35 жаспен 90 жас аралығындағы 1960 адамға тәжірибе  жасаған.Түбірлі тістерді жұлған адамдарда жадының нашарлайтындығын байқаған.Тіпті бұл құбылысты жануарларда да байқауға болады.Осылай  швед ғалымдары тіс пен жады қызметінің арасында байланыс бар екенін анықтаған.

Профессор Ян Бегдахлдың айтуынша: «Тістер тек қана тағамдар шайнау үшін ғана емес,ми қызметтерін сақтап және қолдап отырады» Тіс өзімен босап түссе,онда ол жартылай тауқымет болар еді.Ал жадының әсеріне тісті зорлап жұлу қатты ісер етеді.

Содықтан сіздер тісті күте біліңіздер.Тіс жегісі ауруына ұшырап қалған жағдайда бірден жұлдыртпай емделіңіздер.Әрбір тіс сіздің есте сақтау қабілетіңіз,оны біліп қойыңыз!

 

Көп жасағыңыз келсе….

Қазір ғалымдар жануарларға  тәжірибе  жасаудың нәтижесінде адамның ғұмыр жасын ұзарта алатындай ондаған тамақтық заттарды анықтап отыр.Бұлардың арасында қызыл бұрыш та бар.Ол липидтік алмасуды қалыпқа келтіріп,дұрыстайды,артериялық қысымды төмендетеді,жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.

Ұзақ жасағысы келетіндерге бірер  кеңес бере кетсем.Ең алдымен тағамның түрін көбейту.Холестерині көп,майлы тағамдарды шектемей,олардың мөлшерін ғана азайтып пайдаланыңыз.Іс жүзінде кез келген тамақта организмге қарама-қарсы  әсер ететін тамақтық  заттар болады.Ал  балалар өз  ағзаларына пайдалы жеміс-жидектерді  жеп,тағам  дайндауда  көкөністерді   жиі  пайдаланғаны дұрыс.

Кешкі тамақтан кейін айран ішуге дағдыланып,күніне төрт рет тамақтану керек.Тамақты тойғаныңша жемей,жиірек аз-аздан жегеніңіз абзал.

 

  1. Өзін -өзі тексеру кезеңінде сұрақтарға жауап алынады.Талданып қай сұрақтан оқушылар көбірек қате жібергендігі қаралады.Түзету жұмысы.

1.Ас қорыту жүйесінің қызметі қандай:

А) тағамды өзгеріске ұшырату және сіңдіру

В)тағамды ас қорыту жолымен қозғалту

С) тағам қалдықтарын шығару

Д) аталғандардың бәрі

2.Нәруызды ыдырататын пепсин ферменті қай ортада белсенді:

А) бейтарап

В) қышқыл

С) сілті

Д) )аталғандардың бәрі

3.Ас қорыту мүшелерін қандай оптикалық аспап арқылы тексеруге болады:

А) зонд жұту

В) эндоскопиялық

С) УДЗ

Д)рентгенскопиялық

4.Адамда қанша тіс болады:

А) 25   Ә) 36   Б) 32     Д) 34

5.Сілекей құрамында зиянсыздандыратын қасиеті бар нәруызды зат:

А) лизоцим

В) пепсин

С) мальтоза

Д) тұз қышқылы

6.Сөл бөліну мен жұтыну орталығы мидың қай бөлімінде болады:

А) сопақша мида

В) аралық мида

С) мишықта

Д) үлкен ми сыңарлары

7.Қандай без қанды тазартады,өтті бөледі және глюкозаны гликогенге айналдырады:

А) ұйқы безі

В) бауыр

С) тоқ ішек

Д)  аш ішек

8.Қандай органикалық заттар лимфа жүйесіне сіңіріледі:

А) майлар

В) нәруыздар

С) көмірсулар

Д) витаминдер

9.Қай ішекте судың  едәуір бөлігі сіңіріледі:

А) асқазанда

В) аш ішекте

С) тоқ ішекте 

Д) тік ішек

10.Ас қорыту жүйесіне байланысты ауруларды көрсет:

А) бауыр циррозы ,гастрит

В) пневмония,туберкулез

С) анемия,ақ қан ауруы

Д) цистит,нефрит

 

 

 

7.Саралау-бағалау кезеңінде оқушылар арнайы параққа толтырылған  жауаптарының қорытындысын шығарып,бағалайды.

 

Оқушы сергіту шығарма-шылық іздену-зерттеу өзін-өзі тексеру  баға
1

2

3

4

5

6

 

 

8.Үйге тапсырма. Ас қорыту жүйесі бойынша газет-журналдар мен дерек көздерінен білімдерін толықтыру.