ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ

56

Алматы облысы Талдықорған қаласы №2 орта мектебінің биология пән мұғалімі

Омирова Нургуль Имангаливна

ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ

Өзін-өзі бағалау – бұл адамның  өз  бетімен,  мақсатты жүйелі  жүргізетін  жұмысы.  Соның  нәтижесінде әлеуметтік  бағалы  қасиеттері  дамып қалыптасады, кемшіліктері жойылады. Өзін-өзі бағалау үдерісі, бұл – қозғалыс, құрылым.  Өзін-өзі бағалау дегеніміз өзіне-өзі  сену. Өзіне баға  беруде үлкен  мән жатыр, жеке  адамның мүмкіндіктеріне сәйкес баға беру  дамуға  алғашқы  қадам. Өзіне–өзі баға  берудің  келесі  қадамы  алдына  мақсат  қоюы. Бірақ оқушы өзін-өзі  бағалауды өз  бетімен қалыптастыра  алмайды. Өзін бағалау  үшін  басқалардың оны  бағалауы керек, сондықтан  оған  басқа  адамдармен  қарым–қатынаста  болу  қажет. Өз  күшіне  деген  сенімділікті  оқушы  басқа  оқушылармен  бірлескен  іс-әрекетте  жетеді.

Бағалауды мынадай 6 параметрлер арқылы айқындадым: білімділік, түсіну, пайдалану, талдау, жинақтау және бағалау. Мысалы, ойлау деңгейінің талдау параметрінде топтық жұмыста пікір алмасуда, өз ойын жеткізе алу қабілетінің артқанын, өз-өзіне сенімділігі қалыптасқаны, өзгені тыңдай білу арқылы салыстырмалы түрде үйрену критерийлерін көрсете алды. Осы критерийлерді анықтауда төмендегідей индикаторларды қолдана білдім: уақытты тиімді пайдалану, ситуацияны шешу, кесте бойынша сұрақтарға жауап алудан байқадым. Осы индикаторлар арқылы сұрақтарға мақсатты инфинитивті пайдалана отырып жауап беру, жан-жақты проблеманы қарастырып, шешу, тапсырмаларды орындауда өз шеберлігін көрсету арқылы дескрипторын шығара білдім.

Сабақтарымда оқушыларды бағалауда әр-түрлі әдіс тәсілдерді қолдана білдім. Бір сабақтарымда топпен бағалап көшбасшыны анықтасам, келесі бірінде оқушылар бірін-бірі топты бағалауға жүзеге асырдым.  Топпен жұмыс жүргізу барысын оқушыларға балдық жүйемен бақылау парағы арқылы жиынтық баллын шығардым. Оқушыларды бағалай сөйлеу арқылы, өз жұмыстарының нәтижесін көрсету арқылы жұмыс жүргізе білдім.

Қорыта келе, оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау  өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау,  топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырдым. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға  өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беруді де ескерді. Бағалау арқылы оқушылардың топпен бірлесе жұмыс істеу барысында қажеттілігінен құндылықтарын, рөльдік ойынға ену кезінде шеберліктерін, топтық жұмыстағы алға басып жүйеге келтіруінен көшбасшылығын, берілген тапсырманы өзінің идеясымен, қиялымен сурет пен образға кіру арқылы таланттылығын, сұрақтарға тез, әрі толықтырып жауап бередегі ой ұшқырлығын, тапсырманы қызығушылықпен орындаудағы белсенділіктерін мен ынтасын көре алдым.