Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері

Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері

Сабақтыц мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды обьектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен және

обьектілердің атын өзгерту, оларды жою, қалпына келтіру ережелерімен
таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылык: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракцкясын дамыту. Сабақтың  түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Компьютермен жұмыс
  5. Сабақты бекіту
  6. Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

WINDOWS объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екшші орынға жылжыту қажет болады..

Объекгілерді көшіргенде, объект бұрынғы орнында калады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырылады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орнынан жоқ болып кетеді.

Объектілерді жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайык:

  1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні капшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағышын объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға жылжьггады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копироватъ, жылкыту қажет болса, Переместитъ, ал таңбаша жасау қажет болса, Создатъ ярлык командаларының бірін таңдауға боладь.

2.Тышқанның  сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Сtrl немесе Shift пернелерін колдануға болады.

  1. Жылжьпу кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда тандалған объектілер файлдың типіне және оның  тағайындалған орнына карамастан көшіріледі.
  2. Shift пернесі басулы болса, WINDOWS объектіні жылжытады.

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды апшай-ақ көшіруге немесе жылжытуга (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату  керек.

Меню командалары арқылы объектілерді көшіру және жылжьпу

Объектілерді жылжытуда «апарып қою» әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копироватъ), Қию (Вырезать) және Кірістіру (Вставить) деп аталатын командаларын пайдалануға болады. Бүл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі WINDOWS-тің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Алмасу буфері — жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

Алмасу буферінің кемегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.

Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген акпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ WINDOWS-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.

Копировать, Вырезатъ және Вставить командаларын пернетактаның көмегімен объектілерді көшіру үшін Сtrl+С, қиып алу үшін Сtrl +Х, қажетті орынға кірістіру үшін Сtrl +У пернелерін басын шақыруға болады.

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

  1. Объектіні белгілеп тышқанньщ оң батьфмасын басу, қосымша менюден Переименоватькомандасын орындау
  2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюіндегі Файл — Переименовать
    командасын орындау
  3. Объектіні белгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу
  4. Объектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу

Қапшықгарды, файлдар мен таңбашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

  1. Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу
  2. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Удалить командасын орындау
  3. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, қапшықтьщ терезесінін менюівдегі Файл -Удалить командасын орындау
  4. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша не.месе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.

Себетті тазалау

  1. Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу
  2. Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить
    корзину командасын орындау

         Тапсырма:

1 – тапсырма.

  1. Жұмыс столында өз есіміңізбен аталатын жаңа қапшық құрыңыз.
  2. Осы буманың ішіне Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығынан бірнеше объектілерді әр түрлі әдістермен көшіріңіз
  3. Жаңа қапшықтың атын өзгертіңіз
  4. Қапшықты өшіріңіз және Себеттен қайта қалпына келтіріңіз
  5. Қапшықты қайта өшіріп Себетті тазалаңыз

Сабақты бекіту сүрақтары:

  • Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?
  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?
  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?
  • Алмасу буфері дегеніміз не?
  • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу.