Координаттық жазықтық

119
Пәні :информатика        Күні:22.11.2013ж          Сынып: 3                       
Сабақ тақырыбы Координаттық жазықтық
Мақсаты

 

1.Оқушыларға  координаттық жазықтық  тақырыбын  түсіндіру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Негізгі идея

 

Тапқырлыққа, шапшаңдыққатерең ойлауға, ғылымға, білімге деген   қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже координаттық жазықтық  тақырыбын түсінеді.
Оқыту формасы Практикалық жұмыс, АКТ.
Ресурс

 

слайдтар,   графопроектор.

 

Бағалау түрі Критерий арқылы бағалау
Сілтеме: 3 класқа арналған ақпараттық мәдениет негіздері оқулығы
 

М Ұ Ғ А Л І М     Ж А З Б А С Ы

Мұғалім әрекеті Уақыт (мин) Оқушы  әрекеті
Ұйымдастыру

(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу): Оқушылармен амандасу, түгендеу. 

Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.

Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған  жұмыстарын,  тексереді, қадағалайды,  бір-бірін бағалайды.

5 мин Мұғаліммен амандасады.

Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.

Топқа   бөлінеді, оқушылар   қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.

Кіріспе:

(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т.б.):

Тұлға аралық байланысты орнату

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау

Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау

Тұсаукесер:

Қызығушылық  пен назарға  қол жеткізу барысында  оқушыларды  топқа бөлу.

Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан  сұрау, сол арқылы

оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін  анықтау.

Негізгі бөлім:  (жаңа тақырып түсіндіру)

Тапсырма.

1.       Кеме капитаны, аспаз және матрос жасырылған қазынаны тапқысы келеді.

Капитанның кемеге жетуіне көмектес – (1,1),  (1,2),  (1,3),  (2,3),  (3,3).

Аспаздың кемеге жетуіне көмектес – (6,1), (5,1), (4,1),  (3,1),  (3,2), (3,3).

Матросты кемеге жетуiне көмектес – (1,5),  (1,4),  (1,3),  (2,3),  (3,3).

Енді оларға картаны табу керек – (2,3),  (2,4), (2,5).

Кілтсіз сандықты аша алмайды – (2,6),  (3,6), (4,6).

Iшетiн су таусылды. Оны алу үшiн Аралға бару керек! –

(5,6),  (5,5),  (5,4),  (4,4).

Енді қазынаға жетейік!

2.       Әлiмге алма жинауға көмектес. Тiлсызықтар арқылы жолын көрсет.

3.       Арунаға гүлдер арасымен өтуге көмектес. Тiлсызықтар арқылы жолын көрсет.

4.Торкөздерi боя. Нәтижесiнде ит пайда болады.

Сергiту  сәтi

20 мин   Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға  түсіндіріледі.

               Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды,  сұрақтар қояды.

Оқушылар  үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін  көрсетеді,  өткен тараулар бойынша  5 сұраққа топ болып жауап береді:

 

Жаттығулар:  (бекіту) Менің түсінгенімше….», «Сонымен, Сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай  ғой…?» т.б. Әңгімелесушінің жаңа  сөзіне   кері байланыс   орнату үшін қажет . 5 мин Берілген тапсырмаларды ынтамен  жылдам орындап шығады. Сұрақтарға толық, тиянақты жауап береді.
Сергіту сәті:     Барлығы бірге орындарынан тұрады, бір-бірлерін  3шапалақ соғады. Психологиялық тренингке  қатысады. 5 мин Барлықтары бірге жаттығу  жасап, серігіп қалады, көңілдері көтеріледі. Психологиялық тренингке  қатысады.
Қорытындылау. Топтарға    орындаған  тапсырмалары бойынша сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауаптар  береді. (Бүгінгі сабақ тақырыбы?, Тақырып не туралы?,  Нені білдік?, қандай білім алдық?)хатшы  жинақтап қорытыныдылайды. 5мин Оқушылар  топқа қосылып жинақталады, қорытындыларын айтады. Әр топ не түйгендері туралы негізгі мәліметтерді, ақылдаса отырып, қортытындылайды.

 

Бағалау.

Өзара жұппен бағалау. 

3 мин Өзара бағалайды,  өздерінің жұмыстарымен салыстырады
Қосымша  тапсырма:

Ү/т  § Координаттық   жазықтық.

2 мин § Координаттық   жазықтық.