Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Жұлдызды сәт»

126

Тәрбиелік шараның тақырыбы:  «Жұлдызды сәт»

 

Шараның  мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, логикасын дамыту. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Өз-өзіне қызмет көрсету қабілетін арттыру. Туған жері, Отаны туралы түсінігін молайту.

Тәрбиелік мақсаты:  Өз біліміне сенуге, сайыста жеңе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жұлдызшалар, жапырақтар, плакат, ұсақ моторикаға арналған баулар, сөйлемдер, тапсырмалар.

 

Шараның жүру барысы:

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, ұстаздар, жанкүйлер, бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Әр сайыстың өзінің қатысушылары мен ойын шарттары болады. Ендеше сайысқа қатысушыларды қошеметтеп ортаға шақырамыз.

  1. Жақсылықов Арманбек
  2. Байболатов Әділхан
  3. Масалова Алтынай
  4. Қойшыбаев Ғалымжан
  5. Сағидоллаұлы Асылжан
  6. Құрмангазиева Дана

Сайыстың турлары:

  1. Өзін өзі таныстыру
  2. Математикалық есептер
  3. Өз Отаныңды қаншалықты білесің?
  4. Пазлдар құру
  5. Өз-өзіне қызмет көрсету
  6. Сөздерден сөйлем құрау

 

Сайыстың  шарттары:

            Әр дұрыс орындаған тапсырмалар үшін сайыскерлер жұлдызшалар алып, бір қадам алға жылжып отырады, егер тапсырма дұрыс орындалмаса, жұлдызша берілмейді. 2,3,4,5 турларды аз жұлдызша жинаған сайыскерлер ойыннан шығып тұрады. Соңында 6 турда жалғыз 2 сайыскерлер қалып, тапсырмалар орындайды. Тапсырманы дұрыс және тез орындаған сайыскер жеңеді. Әр тапсырманы орындауға 30 секунд беріледі.

 

Сайыстың әділ қазылар алқасы:

  1. ППТК меңгерушісі Б.М. Хасангалиева
  2. ППТК түзеу мұғалімі  А.А. Джакубалиева
  3. ППТК тәрбиешісі  Д.Т. Умаргалиева

 

Психогимнастика  «Жылу беру»

Қатысушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылуларын беріп, сәттілік пен жеңіс тілеу.

Мақсаты: Оқушылардың зейінін сайысқа аудару, жақсы көңіл күй сыйлау.

 

І  тур. Өзін-өзі таныстыру

Жүргізуші: Бұл турда әр сайыскер өзі туралы мәлемет береді (туған жылы, мектебі, сыныбы, бос уақытында қандай жұмыспен айналысады, сүйікті тағамы).

(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі )

 

1.Жақсылықов Арманбек — 1 жұлдыз

 2.Байболатов Әділхан — 1 жұлдыз

3.Масалова Алтынай — 1 жұлдыз

4.Қойшыбаев Ғалымжан – 1 жұлдыз

5.Сағидоллаұлы Асылжан — 1 жұлдыз

6.Құрмангазиева Дана — 1 жұлдыз

 

ІІ  тур.  Математикалық есептер

Жүргізуші: Тақтада 6 қалташалар бар, әр қалташада математикалық есептер, соның біреуінде 1 жұлдызша бар, жұлдызша алған сайыскерге қосымша 1 ұпай қосылады. Сайыскерлер қалташаларды  ұнаған нөміріне қарай таңдайды.

(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі)

1.Жақсылықов Арманбек- 2 жұлдыз

2.Байболатов Әділхан- 2 жұлдыз

3.Масалова Алтынай- 2 жұлдыз

4.Қойшыбаев Ғалымжан –2 жұлдыз

5.Сағидоллаұлы Асылжан — 1 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)

6.Құрмангазиева Дана — 1 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)

                                        

ІІІ  тур.  Өз Отаныңды қаншалықты білесің?

Жүргізуші: Тақтада 6 қалташалар бар, әр қалташада Қазақстан республикасы, өз туған Отанымызға байланысты сұрақтар, соның біреуінде 1 жұлдызша бар, жұлдызша алған сайыскерге қосымша 1 ұпай қосылады. Сайыскерлер қалташаларды  ұнаған нөміріне қарай таңдайды.

(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.)

1.Жақсылықов Арманбек — 3 жұлдыз

2.Байболатов Әділхан — 3 жұлдыз

3.Масалова Алтынай — 2 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)

4.Қойшыбаев Ғалымжан – 3 жұлдыз

                     

Ойын «Таңғажайып қорап»

      Ойынның шарты: Әр бала қорапты лақтырып, өзіне сыйлық таңдайды.

1.Жақсылықов Арманбек — чупа-чупс

2.Байболатов Әділхан — шар

3.Масалова Алтынай — қарындаш

4.Қойшыбаев Ғалымжан – қалам

5.Сағидоллаұлы Асылжан — сағыз

6.Құрмангазиева Дана — шоколад

  1. Алпыспай Ерсултан — чупа-чупс

 

ІV тур. Пазлдар құру

Жүргізуші: Тақтада 6 қалташалар бар, әр қалташада құрақталған суреттер бар, соның біреуінде 1 жұлдызша бар, жұлдызша алған сайыскерге қосымша 1 ұпай қосылады. Сайыскерлер қалташаларды  ұнаған нөміріне қарай таңдайды. Оқушылар құрақталған бөлшектерден толық суретті дұрыс құраулары қажет.

 (Әділ қазылар алқасына сөз беріледі)

1.Жақсылықов Арманбек — 4 жұлдыз

2.Байболатов Әділхан — 5 жұлдыз

3.Қойшыбаев Ғалымжан – 4 жұлдыз

                       

 V тур.  Өз-өзіне қызмет көрсету

Аяқ киімнің үлсі мен бау берілген. Сайыскерлер берілген үлгісі бойынша аяқ киімнің бауын байлау.

(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі )

1.Жақсылықов Арманбек — 5 жұлдыз

2.Байболатов Әділхан — 6 жұлдыз

3.Қойшыбаев Ғалымжан – 4 жұлдыз (сайыста жұлдыз алған жоқ, сайыстан шықты)

 

VІ  тур.  Сөздерден сөйлем құрау

Сөйлемдегі  сөздердің орындары ауысып кеткен, сайыскерлер мазмұнды дұрыс сөйлемдер құрауы қажет.

(Әділ қазылар алқасына сөз беріледі)

1.Жақсылықов Арманбек — 6 жұлдыз

2.Байболатов Әділхан — 7 жұлдыз

 

Қорытынды

Ойынды қорытындылап, сайыстың жеңіпазын атау.

Байболатов Әділхан — 1 орын

Жақсылықов Арманбек — 2 орын

Қойшыбаев Ғалымжан – 3 орын

                  

            Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

           

Жүргізуші: Өз уақыттарыңызды бөліп, сайысты тамашалағандарыңыз үшін көп     рахмет!